Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНДА МҰҚАҒАЛИҒА АРНАЛҒАН ПОЭЗИЯЛЫҚ ӘН КЕШІ ӨТТІ

11 ақпан 2022
РУХАНИЯТ
ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНДА МҰҚАҒАЛИҒА АРНАЛҒАН ПОЭЗИЯЛЫҚ ӘН КЕШІ ӨТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Ескелді аудандық Мәдениет үйінде Мұқағалидың туған күніне орай «Хантәңірінің мұзбалағы» атты поэзиялық ән кеші өтті.

Аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары ұйымдастырған жыр кешін тамашалауға тұрғындар көп жиылды. Ақын өлеңдеріне деген құштарлықты, поэзияға деген сүйіспеншілікті жиылған көрерменнің ыстық ықыласынан-ақ байқауға болады. Рухани ләззат алып, тамылжытып орындалған әннен, жалындатып оқылған өлеңнен әсер алғандары соншалық, олар кеш аяқталғасын да өнерпаздарды қошемет-қолдауымен жібермей тұрып алды.

Аудандық Мәдениет үйінің әнші-бишілері бар өнерлерін ортаға салды. Поэзия құдіретін жүрегімен сезініп, әр өлеңнің образын аша білген өнерпаздар мұзбалақ ақынды қайта тірілткендей әсер қалдырды. Салтанатты шара төрт кезеңнен тұрды. Алғашқы бөлімінде ақынның ел мен жер, Отан жайлы патриоттық өлеңдері оқылды. Сахна безендірілуі де кештің шырайын кіргізді. Жомарт Керімбеков, Әнуар Напихан, Динара Ермолдина, Өркен Нұрғазы, Рауан Тұмарбаев, Қайрат Абылқасымовтар өлең құдіреті мен әртістік шеберлікті ұштастыра білді. «Таудағы нөсер», «Мен — таулықпын» өлеңдері оқылғанда құдды бір тау шыңындай асқар биіктікті, табиғаттың тылсым күшін көз алдымызға әкелді.

Ақынның сөзіне жазылған «Бесік басында», «Ауыл жатыр той жасап» атты әуезді әндерін Ғалия Шахарбаева мен Айдос Күдербаев нақышына келтіре орындап, көрерменнің көңілін одан ары желпінтті. Әншілер әнді жанды дауыста орындап, құлақ құрышын қандырды.

Ақынның лирикалық өлеңдері жас буынның тұла бойын шымырлатса, «Әке аманаты», «Анашым» өлеңдері жасамыстың да көзіне жас үйірді. Әсерлі кеш Қайрат Қасымбай, Сәкен Нұрпейісов, Мағжан Айтжанов, Мирас Оспанов, Дәурен Асылбеков орындаған әндермен түйінделді. Кештің шымылдығы «Сарыжайлау» әнімен жабылып, көрерменнің жүрегінде ыстық сезім қалдырды.

Ришад ТҰРҒАНБАЙ

Фото — Жұмабай МҰСАБЕКОВ

Ескелді ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Әуежайдағы қауіпсіздік: Жолаушылар білуі тиіс басты ережелер

Әуежайдағы қауіпсіздік: Жолаушылар білуі тиіс басты ережелер

Бүгін, 12:00

Жаңа Конституция: Қазақстанның құқықтық дамуындағы жаңа кезең

Бүгін, 11:48
Қазақстандықтар 59 күнде 1 102 560 кітап оқыған

Қазақстандықтар 59 күнде 1 102 560 кітап оқыған

Бүгін, 11:44
Базардан мұнай өңдеу зауытына дейін: Қазақстанда көлеңкелі сектор тарихи минимумға дейін қысқарды

Базардан мұнай өңдеу зауытына дейін: Қазақстанда көлеңкелі сектор тарихи минимумға дейін қысқарды

Бүгін, 11:35
Текеліде күйеуін өлтірді деп айыпталған көпбалалы ана бостандыққа шықты

Текеліде күйеуін өлтірді деп айыпталған көпбалалы ана бостандыққа шықты

Бүгін, 11:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.