Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ҚАЗАҚТЫҢ НЕБІР ЧЕМПИОНДАРЫН ДАЙЫНДАҒАН 90 БАПКЕР ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

12 қаңтар 2022
АЛТЫН ТҰҒЫР
ҚАЗАҚТЫҢ НЕБІР ЧЕМПИОНДАРЫН ДАЙЫНДАҒАН 90 БАПКЕР ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ спортына қатысты жаңа кітап өмірге келді. Кітаптың атауы – «Қазақтың 90 бапкері». Авторы – спорт тарихшысы, республикалық сыйлықтардың лауреаты Қыдырбек Рысбек. «Қазақ балуандары», «Қазақ боксшылары», «Қазақ олимпиадашылары» деректі жинақтарының құрастырушысы, «Қазақтың 72 бапкері», «Дәулет», «Сұрмерген», «Бекзат», «Құзға біткен қарағай» (атақты бапкер Марат Жақыт туралы) сияқты бірнеше кітаптың авторы.

Тарихқа көз жүгіртсек, республика спортының тарихында жаттықтырушылар туралы мұндай толымды әрі құнды кітап бұрын болмаған екен. Ақиқатына көшсек, спорт дүниесінің ұстыны, тірегі, шын жанашыры, нағыз еңбекторысы бапкерлер екеніне ешкім дау келтірмейді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбайдың сөзімен айтсақ: «чемпионды шынашақтай кезінен алақанына салып баптап, маңдайына шыбын қондырмай өсіріп, шарболаттай шыңдаған – оның бапкері ғой. Жаттықтырушы өз баласына қимайтын қазы-қартаны шәкіртінің аузына тосады. Бапкер өз баласына бөлмейтін асыл уақытын шәкіртіне арнайды. Кейде шәкіртін пойыздың купесіне жатқызып, өзі билет таппай тамбурда немесе пласкард вагонда кетіп бара жатады. Болмаса, қыстың қақаған аязында немесе шілденің шіліңгір аптабында ұшақ қанаты талатын жерге шәкірттерін көзінен таса қылмай автобуспен бірге барады.  Иә, бір жылдың жеті-сегіз айын отбасынан жырақта, шәкірттерімен бірге түзде өткізетін жаттықтырушы ағайынның өмірі, шындап келгенде, адам қызығатын тірлік емес. Бірақ осы тірліктен жаны рахат табатын, талапкер баланың жылт еткен қимылын қалт жібермейтін жаттықтырушы шіркіннің болмыс құпиясы, кәсіби жұмбағы Жаратқанға ғана аян болып қала бермек».

Иә, кітап кейіпкерлерінің қысқаша характеристикасы осындай. Бұл еңбекте 90 белді жаттықтырушы туралы сүйекті мақалаларға қоса ондаған белгілі бапкерлер мен олардың шәкірттері туралы қысқа да түйінді деректер мен фотолар бар. Қысқасы, «Қазақтың 90 бапкері» кітабын қазақ спортының 1945-2021 жылдар аралығындағы шежіресі десе де жарасады. Бұл еңбекке 130-дан аса жаттықтырушы,  560-тан астам спортшы туралы деректер еніп отыр.

Әйгілі бапкерлер Шоқыр Бөлтекұлы, Октябрь Жарылқапов, Заңғар Жәркешев, Қабден Байдосов, Қазбек Байболов, Темірхан Досмұхамбетов, Диқанбай Биткөзов, Марат Жақыт, Әбдісалан Нұрмаханов, Керей Қойшыбек, тағы басқа майталмандармен бірге кітапқа Жетісу өңірінің мықты мамандары да еніпті. Атап айтсақ, Шора Жұмашев, Едіге Жаров, Серікбай Әбденәлиев, Мәлік Нәдірбекұлы, Мәдіғали Қарсыбеков, Тұрсынғали Еділов, Бақыт Қоқысбеков, Азамат Көкебай, Жұмахан Тұрғанбеков, Боранбек Қоңыратов, Құдайберген Ағымов, Мұрат Сиқымбаев секілді білікті бапкерлерді Алматы облысының жанкүйерлері ғана емес, бүкіл республика жұртшылығы құрмет тұтады.

Хатқа түсіп, тасқа басылған тарих – келешекке мұра. Біздер осыдан мың жыл бұрынғы тарихты кітап арқылы танып жүрміз. Ендеше, «Қазақтың 90 бапкері» кітабы да кейінгі ұрпақ үшін қымбат қазына болары сөзсіз.

Нұрбақыт ТЕҢІЗБАЕВ,

Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

12 қараша 2026
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

12 қараша 2026
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

12 қараша 2026
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

12 қараша 2026
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

12 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.