Талдықорған: +12°C
$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ЖОЛ АПАТЫНАН 51 АДАМ ҚАЗА ТАПҚАН. ПОЛИЦИЯ ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ҮНДЕУ ЖАСАДЫ

29 желтоқсан 2021
КҮНДЕРЕК
ЖОЛ АПАТЫНАН 51 АДАМ ҚАЗА ТАПҚАН. ПОЛИЦИЯ ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының жол сақшылары уақыт талабына сәйкес көлік жүргізушілеріне үндеу жасады. Полицейлердің үндеуі жол қауіпсіздігін сақтауға шақырумен қатар осы мақсатта атқарылған шаралар және жол-көлік оқиғаларының саны туралы мәліметтерді қамтыған.

— Біз үндеу жасап, жүргізушілерді жол жүру ережесін қатаң сақтауға шақырдық. Мезгіл ерекшелігін ескере отырып, қауіпсіздік шараларын естен шығармаған абзал. Өйткені, қара жол қателіктерді кешірмейді, — деді Алматы облыстық полиция департаменті патрульдік полиция ротасының командирі, полиция майоры Нұржан Өстеміров.

Рота командирінің ақпаратына сәйкес, облыстық патрульдік полиция ротасы қызмет атқаратын республикалық маңызы бар жол учаскелерінде жыл басынан бері 131 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 51 адам қаза тапқан. 250-ден астам жолаушы әртүрлі дене жарақатын алған. Жол сақшылары жол ережесін сақтамаған 50 мыңға жуық жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырған. Тексеру барысында 140 жүргізушінің масаң күйде көлік тізгіндегені анықталған.

— Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қауіпсіз жол» және «Құқықтық тәртіп» сияқты жедел алдын алу іс-шаралары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, республикалық жолдарда арнайы рейдтер өткізілді. Жұмыс сапасын арттыру мақсатында жол сақшылары қызметтік көліктермен қамтамасыз етілді, — деп толықтырды полиция майоры Нұржан Өстеміров. Сонымен қатар, облыстық полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, тәртіп сақшылары жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті жол учаскелерінде жасанды жол кедергілерін жасады. Жаяу жүргінші өткелдері маңына жарық тартылып, түрлі түсті жарық сигналдарын беретін құрылғылар орнатылған.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Көне үйдегі көркемсурет әлемі

Көне үйдегі көркемсурет әлемі

Бүгін, 14:30
Ақсу, Сарқан және Алакөл тұрғындары үйлеріне қашан газ кіргізе алады?

Ақсу, Сарқан және Алакөл тұрғындары үйлеріне қашан газ кіргізе алады?

Бүгін, 12:13
Мұрадан – Гарвардқа!

Мұрадан – Гарвардқа!

Бүгін, 11:34
Ел бірлігін сақтаудың тетігі

Ел бірлігін сақтаудың тетігі

Бүгін, 11:30
Желегі жасыл Жаркент

Желегі жасыл Жаркент

Бүгін, 10:50

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.