Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Тау алыстаған сайын биіктейді

13 желтоқсан 2021
РУХАНИЯТ
Тау алыстаған сайын биіктейді
WhatsAppTelegramFacebook

Саналы ғұмырында елі мен жеріне қызмет етіп, бақытын еңбектен тапқан, ауылдың панасы, өңірдің анасы, Жетісудың жұлдызы атанған Н. Алдабергеновтың өнегелі шәкірттерінің бірі Зылиха Тамшыбаева тірі болғанда биыл 85 жасқа толар еді. Өкінішке қарай осыдан он жыл бұрын 12 қарашада 75-ке қараған шағында өмірден озған болатын. 

«Тау алыстаған сайын биіктей түседі» деген рас екен. Есімі аңызға айналған Зылиха Жанболатқызының бейнесі бізден алыстаған сайын биікке көтеріліп, халқына сіңірген еңбегі ел тарихының парақтарында алтын әріптермен жазылып қалды. 
Еңбекпен даңқы шыққан қазақ қызы 1936 жылғы 5 қазанда қазіргі Кербұлақ ауданы, Шанханай ауылында, қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Әкесі Жанболат арабша хат танитын, өз бетінше кітап оқитын көзі ашық, зерек адам болған. Отызыншы жылдардың ортасында дүниеге келген жалғыз қызы Зылиханы аялап, мәпелеп өсірген. Зайыбы Бибіш дүниеден ерте қайтып, пейілі мен мейірі Зылиханың төңірегінде болса керек. Осыған орай жас қыз еркелікті ерте ұмытып, жастайынан еңбекқор болып өседі. 
Зылиха Тамшыбаева 1954 жылы Қоғалы орта мектебін, 1965 жылы Алматы малдәрігерлік институтын зоотехник мамандығы бойынша тамамдаған. Еңбек жолын Қоғалы ауылында кітапхана меңгерушісі болып бастаған. 1955-1963 жылдары осы өңірдегі Шоқан Уәлиханов атындағы ұжымшардың сауыншысы, тауарлы-сүт фермасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. Жас кезінен-ақ еңбексүйгіштігімен, жоғары жауапкершілігімен, ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түседі. 
1970 жылы «Еңбекші» кеңшары партия комитетінің хатшылығына сайланды. Өмірінің соңына дейін осы ұжымды біліктілікпен басқарып, қызметін абыроймен атқарды. Ол өзі қалыптастырып, жан-жақты дамытқан шаруашылығында қырық жылға таяу жемісті жұмыс жасап, қазақ қызына тән алғырлығы мен алымдылығын таныта білді. Осы аралықта «Еңбекші» шаруашылығының келбетін адам танымастай өзгертіп, ауылдың әлеуметтік-экономикалық, мәдени тұрғыдан алға басуына айтарлықтай қомақты үлесін қосты. Елді мекеннің инфақұрылымы, өндіріс саласы жан-жақты дамып, оның даңқы облыстан тыс өңірлерге де танылды. Көптеген кадрдың өсіп қанаттануына елеулі ықпал етті. Ауыл еңбеккерлерінің әл-ауқаты көтеріліп, халықтың ынтымағы артқан болатын. 
Зылиха Жанболатқызының осындай ерен еңбегі мемлекет тарапынан лайықты бағаланды. 1981 жылы еліміздің ең жоғары наградасы – Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Сондай-ақ, екі мәрте Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту, «Октябрь революциясы», «Парасат», «Құрмет» ордендерімен марапатталып, «Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ауылшаруашылығы қызметкері» құрметті атағына ие болды. Кеңес одағы және Қазақстан Компартиясының бірнеше съездеріне делегат, Республика Жоғарғы Кеңесінің төрт мәрте депутаты болып сайланды. Сол кеңестің мінбесінен жүрексінбей сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарының хал-жағдайын баяндап, талай рет өтініш білдіріп, көмек алған. Алдына қойған мақсатына жетпей қоймайтын қайсарлығы, қайраттылығы, жігерлілігі, еңбекқорлығының арқасында ешқандай сүйеусіз, сүйемелсіз, өзінің таза еңбегімен биік тұғырға көтеріліп, тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосқаны сөзсіз. 
Өзіндік өнегесімен өмір сүрген Зылиха Тамшыбаеваның тәлімі бүгінгі ұрпаққа үлгі. Ол іскер ұйымдастырушы, қамқор басшы, асыл жар, ардақты ана бола білді. Айналасына нұр шуағын төкті. Қазақ қызының қайсарлығын, қазақ әйелінің зиялылығы мен бекзаттығын танытты. Аяулы ана ретінде төрт перзент өсіріп, жолдасы Тоқсанбаймен немерелерінің қызығын көрді. Жетісулық дара жұлдыз – Зылиха Тамшыбаеваның жарқын бейнесі мәңгі ел есінде, халқының жүрегінде қалары сөзсіз.

Ж. Тауетова, 
М. Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі 
Талдықорған қаласы

Қатысты жаңалықтар

13 қарашада Қазақстан қалаларында ауа райы қандай болады?

13 қарашада Қазақстан қалаларында ауа райы қандай болады?

Бүгін, 08:47
Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

12 қараша 2026
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

12 қараша 2026
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

12 қараша 2026
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

12 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.