Талдықорған: +34°C
$ 467.98
€ 533.87
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

БІРЖАН МЕН САРА ҚАЙ ЖЕРДЕ КЕЗДЕСКЕН? 150 ЖЫЛ БҰРЫНҒЫ АЙТЫС

04.12.2021
КҮНДЕРЕК
БІРЖАН МЕН САРА ҚАЙ ЖЕРДЕ КЕЗДЕСКЕН? 150 ЖЫЛ БҰРЫНҒЫ АЙТЫС
WhatsAppTelegramFacebook

Сан ғасырлар бойы жинақталған айтыс өнерінің үлгілерін қазақ халқы атадан балаға мұра етіп, біздің заманымызға жеткізген. Қазақстанның басқа өлкелері сияқты Жетісу өңірі де айтыс өнеріне келгенде алдына жан салмай, өресі биік, көркемдігі жоғары айтыс түрлерін келер ұрпаққа аманат ретінде қалдыра білген. Оған дәлел — қазақ әдебиеті тарихында шоқтығы биік, тілі көркем, халық арасында кең танымал «Біржан — Сара» айтысы.

Бұл айтыста өнер көрсеткен екі персонаж да әдебиет тарихында елеулі орындары бар өнер саңлақтары. Арқаның ақиық ақыны Біржан сал Қожағұлұлының есімі әдебиетте де, тарихта да, музыка өнерінде де белгілі болғаны бір төбе, тіпті, көгілдір экранда да өз бейнесін тапты. Бұдан ақын Сара Тастанбекқызының образы да қалыс қалған жоқ. Бұл кісінің бейнесі көптеген сахналық қойылымдардан, драма-театрлардан халыққа кең танымал болды.

Сараның рөлін ең бірінші «Біржан-Сара» операсында сомдаған атақты Күләш Байсейітова екені бүкіл иісі казақ жұртына мәлім. Сара Тастанбекқызының туған жері қазіргі Ақсу ауданы, Қосағаш ауылы. Ал Біржанмен айтысқан тұс — қазіргі Қапал өңірі, Көшкентал аулының күнбатыс жағы, Ешкіөлмес тауының етегі, Тоғызқұмалақ деген жер.

Осы жерде аттары өнер тарихына кең танымал екі тұлғаның айтыс өнерінде белдесулері кілең қазақ жұртына таралады. Бұл айтыс айтыс салт айтысына да, қыз бен жігіт айтысына жатуымен де ерекшеленеді. Биыл бұл айтысқа 150 жыл толды. Айтыста көптеген әлеуметтік мәселелермен бірге әйел теңсіздігі де негізгі тақырып ретінде көтеріледі. Айтыс нәтижесінде, Сараның басы Жиенқұлдан арашаланып, Жетісудың бұлбұлы атанып, бүкіл елге есімі әйгіленеді.

Бұдан шығатын қорытынды — қазақ халқы үшін айтыс өнері дала демократиясының ерен үлгісі деп толық айтуымызға құқығымыз бар. Айтыс өнері, сонымен қатар, халықтың әлеуметтік жағдайын, тұрмыс-тіршілігін, шаруашылығын, тілін, наным-сенімін, дүниетанымын, тарихын, мәдениетін, жалпы болмысын танытатын кең ауқымды өнер екені айтпаса да түсінікті. Қазіргі таңда айтыс өнерін жалғастырып, халықтың асыл қазынасын қаймағын бұзбай сақтап келе жатқан өнер қырандары, Біржан мен Сара ізбасарлары Ақсу ауданында, соның ішінде, Қапал өңіріне көптеп кездеседі.

Оған дәлел сексенінші жылдарда аты елге танымал болған айтыскер ақын Жұмаш Оспабекова, Өтепберген Ақыпбеков, Қаныша Райысова, 2000 жылдарда өнер көрсетіп, шашасына шаң жуытпаған ақындар Айдарәлі Жанатбек, Айдарәлі Әнес, Әбіләшім Қайсар, Сақаба Ерлан есімдерін мақтанышпен айтуға болады.

Қапал өңірі тек қана айтыскер ақындарды ғана емес, жазба ақындарды да түлетуден алдына жан салмай келеді. Оған дәлел — С.Иманасов, Қ.Қайранбаевтар қазігі таңда көпшілікке танымал ақындардың қатарында аталатыны. Осы айтыскер ақындық пен жазба ақындықты байланыстыратын іс-шаралар Қапал ауылында әлі де өз жалғасын табуда.

Қапалда өткен «Ешкіөлмес бауырындағы аламан» атты Ақсу аудандық жазба ақындар мүшәйрасы осының айғағы. Мүшәйраның басты мақсаты — Ақын Сараның өнері мен шығармашылығын елге кеңінен насихаттау болды. Іс-шараның өтуін ұйымдастырушылар — Қапал аулындағы Ақын Сара мемориалды музейінің қызметкерлері. Осындай айтыс өнерінің майталмандары, жазба ақындар, айтыс өнерінің жәдігерлерін сақтап, көрнекі түрде келер ұрпаққа таныстырушы музей қызметкерлері барда әдеби-музыкалық мұра, халық қазынасы — айтыс өнері ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса бермек. Оны жалғастыру, сақтау, таныстыру, насихаттау – бәрімізге ортақ қасиетті борыш.

Айдын ЖАҚЫПБЕКОВ,

Ақын Сара мемориалды музейінің қор сақтаушысы

Қапал ауылы

Ақсу ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Чемпиондар лигасы. «Қайрат» жеңіспен бастады

Чемпиондар лигасы. «Қайрат» жеңіспен бастады

08.07.2026
Құрылтай сайлауы: Саяси трансформацияның жаңа кезеңі

Құрылтай сайлауы: Саяси трансформацияның жаңа кезеңі

08.07.2026
«Жетісу» – «Алтай»: Талдықорғандағы тартысты ойын

«Жетісу» – «Алтай»: Талдықорғандағы тартысты ойын

08.07.2026
Текелідегі экофестиваль: Тазалыққа бағытталған игі бастама

Текелідегі экофестиваль: Тазалыққа бағытталған игі бастама

08.07.2026
Асқар Садықов: «Денсаулық сақтау саласындағы конституциялық кепілдіктер – облыстың әрбір тұрғыны үшін нақты өзгерістер»

Асқар Садықов: «Денсаулық сақтау саласындағы конституциялық кепілдіктер – облыстың әрбір тұрғыны үшін нақты өзгерістер»

08.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.