Талдықорған: +34°C
$ 467.98
€ 533.87
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАС КӨШБАСШЫЛАРЫНА 250 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛДІ

29.11.2021
КҮНДЕРЕК
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАС КӨШБАСШЫЛАРЫНА 250 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

«Сен маған жастарыңды көрсет, еліңнің болашағын айтып берейін», – деп әл-Фараби бабамыз айтпақшы, жалынын көкке өрлеткен жас буын – егемен еліміздің ертеңі екені сөзсіз. Жастарға жан-жақты қолдау көрсетіп, жігер, шабыт беру мақсатында жыл сайын «Көшбасшы» жастар сыйлығы табысталып келеді. Осы орайда Б.Римова атындағы облыстық драма театрында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай облыс әкімінің «Көшбасшы – 2021» жастар сыйлығын тапсыру салтанаты өтті. Жастарға арналған жалынды шараны ХХХ Халықаралық «Славян базары» фестивалінің Гран-при иегері, еліміздің мақтанышы Рухия Байдүкенова «Көшбасшы» әнімен ашты.

Биыл «Көшбасшы» жастар сыйлығының табысталып келе жатқанына – 19 жыл. Шараның жылдан жылға маңызы артып келеді. Бұл жолы 20 аталым бойынша өз саласында үздік атанып, көш бастаған жастар анықталып, облыс әкімінің арнайы сыйлығына лайық деп танылды. Оларды облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов құттықтады.

— Ел тарихындағы айтулы күн – Тұңғыш Президент күні қарсаңында бүгін Жетісу жерінің жалынды, белсенді жастарын, жас көшбасшыларын шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға белгілі, былтыр Еріктілер жылы аталып өтті. Біздің облысымыздың еріктілері пандемия кезінде белсенді жұмыс атқарды. Өңірде «Мейірімді Жетісу» еріктілер фронт-кеңсесініңжұмысы қарқынды жүргізілуде. Өткен жылы облыста 1043 ерікті болса, бүгінде олардың саны сегіз есеге өсіп, 8300-ге жетті. Осы жас еріктілердің қатысуымен облыста 5000 қайырымдылық акциясы мен іс-шара өткізілді. 3800 жағдайы төмен, аз қамтылған және көпбалалы отбасы мен жалғызбасты аналарға, жалпы 38000 отбасына әлеуметтік көмек көрсетіліп, 92 отбасы тұрғын үйге ие болды, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Салтанатты шара барысында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі  Болат Тілепов сөз алып, дарынды, талантты жастары бар елдің келешегі кемел екенін, жастарын қолдаған елдің болашағы жарқын болатынын,мемлекет тарапынан мұндай істер жүйелі түрде жалғасатынын атап өтіп, жыл сайын өзге облысқа үлгі боларлық осындай үлкен шара өткізіп келе жатқан  облыс басшылығына алғысын жеткізді.

Облысымыздың үздік көшбасшылары салтанатты түрде марапатталып, оларға «Көшбасшы» сыйлығы, диплом және 250 мың теңгенің сертификаты табыс етілді. Жүлдегерлерді атап өтер болсақ, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Мержан Төлегенов «Үздік жас мемлекеттік қызметші» аталымы бойынша жеңімпаз атанды. «Үздік жас ұстаз» номинациясы Кербұлақ ауданы, Шилісу негізгі мектебінің география пәнінің мұғаліміКәрімжан Әлішерге бұйырды. «Үздік жас ғалым» аталымын академиялық мобильдік бағдарламасы бойынша Будапешт қаласындағы «Корвинус» университінде білім алған, Стамбул қаласындағы «Фатих» университетінде ғылыми тәжірибеден өткен заң ғылымдарының магистрі Ахмет Ғалымжан иеленді.

«Көксу жастары» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ақжан Мұсахметов «Жастар үкіметтік емес ұйымының үздік көшбасшысы» аталымының жеңімпазы болды. Биылғы жылдың «Үздік студенті» болып Талдықорған қаласы агротехникалық колледжінің білімгері Дария Ілияс танылды. Сондай-ақ, «Үздік жас әскери қызметші» аталымымен 40398 әскери бөлімі командирінің орынбасары, аға лейтенант Мурод Махаметов, «Үздік жас спортшы» номинациясымен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ильфат Абдуллин, «Үздік жас батыр» аталымы бойынша Текелі қалалық полиция бөлімі, жол-патрульдік полиция тобының лейтенанты Бауыржан Қабидолланов, «Жасыл ел» жасағының үздік сарбазы»  номинациясымен  Мадина Шақабаева марапатталды.

Ал әріптесіміз, облыстық «Жетісу» газетінің аға тілшісі Асыл Сұлтанғазы «Үздік жас әдебиетші» аталымы бойынша жеңімпаз болды. «Жетісу» телеарнасының тілшісі Кәмшат Мұхамеджан «Үздік жас журналист» номинацияның иегері атанды. Өз кезегінде Кәмшат жеңімпаздар атынан сөз алып, жеткен жетістігі үшін өзін баптаған телеарна ұжымына, шара ұйымдастырушыларына алғысын жеткізді.

Салтанатты шара ары қарай жастарға арналған ән-шашумен жалғасын тапты.

Алма ЕСЕНБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Чемпиондар лигасы. «Қайрат» жеңіспен бастады

Чемпиондар лигасы. «Қайрат» жеңіспен бастады

08.07.2026
Құрылтай сайлауы: Саяси трансформацияның жаңа кезеңі

Құрылтай сайлауы: Саяси трансформацияның жаңа кезеңі

08.07.2026
«Жетісу» – «Алтай»: Талдықорғандағы тартысты ойын

«Жетісу» – «Алтай»: Талдықорғандағы тартысты ойын

08.07.2026
Текелідегі экофестиваль: Тазалыққа бағытталған игі бастама

Текелідегі экофестиваль: Тазалыққа бағытталған игі бастама

08.07.2026
Асқар Садықов: «Денсаулық сақтау саласындағы конституциялық кепілдіктер – облыстың әрбір тұрғыны үшін нақты өзгерістер»

Асқар Садықов: «Денсаулық сақтау саласындағы конституциялық кепілдіктер – облыстың әрбір тұрғыны үшін нақты өзгерістер»

08.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.