Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БРИТАНДЫҚ АВТОРЛАРДЫҢ КІТАБЫ ҚАЗАҚШАҒА АУДАРЫЛДЫ

29 қараша 2021
РУХАНИЯТ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БРИТАНДЫҚ АВТОРЛАРДЫҢ КІТАБЫ ҚАЗАҚШАҒА АУДАРЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысында «100 жаңа оқулық» жобасының шеңберінде ағылшын авторларының Қазақстан туралы екі кітабы қазақ және орыс тілдеріне аударылды. Оның біреуінде Қазақстанға екі ғасыр бұрын келген британдықтардың, яғни, Томас пен Люси Аткинсондардың сапары туралы баяндалады. Ал екіншісі әр жылдардағы Ұлы Дала тарихы туралы зерттеулер мен саяхаттар туралы. Екі кітап та Талдықорғанда таныстырылды. Кітаптарды қазақстандық авторлар Бақытжан Бұхарбай мен Алмас Нұрбақытов аударған.

Онлайн режимде өткен таныстырылымға Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлыбритания Корольдігі мен Солтүстік Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерлан Ыдырысов қатысып, Қазақстан тарихы мен халқының өміріне қатысты осы кітаптың ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында  аударылып, басылып шығуының мәні зор екенін атап өтті.

— Мұндай шаралар тәуелсіз екі ел арасындағы рухани байланысты одан әрі нығайтуға ықпал ететін бастама деп білемін. Қос жинақ  дереккөз ретінде қазақ оқырмандарына маңызы елеулі, әрі қызықты шығарма болады деп ойлаймын, — деді Ерлан Ыдырысов.

Кездесуде «Томас, Люси және Алатау» кітабының авторы Джон Мейсен Стюарт өз әсерін жеткізді.

— Сапарымда мен Қазақстанның өзіме жықындығын сезіндім. Шығармамның көпшілік қауымға кең таралатынына қуаныштымын. Осы салтанатты шараны пайдалана отырып, барша қазақстандықты тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! – деді британдық автор.

Еске салсақ, Джон Масси Стюарттың «Томас, Люси және Алатау» кітабы ХІХ ғасырдағы қазақ халқының тұрмыс-салтын, мәдениетін, табиғатының тамашасын бейнелеп жазған саяхатшылардың күнделіктері негізінде жазылған. Мұнда, әсіресе, киелі су саналатын Тамшыбұлақ жайлы ерекше толғаныспен айтылады. Табиғат әсемдігі саяхатшылар Томас пен Люсиді таңғалдырғаны сондай Алатаудың етегінде дүниеге келген ұлдарына Алатау Тамшыбұлақ деп ат қойған.

Бейнебайланыста «Ұлы Дала саяхатшылары» кітабының авторы Ник Филдинг те сөз алып, ризашылығын жеткізді.

— Бірінші кезекте кітабымды аударуға ниет танытқандарыңызға және оны басып шығарып, таныстырып жатқандарыңызға шын жүректен қуаныштымын. Қазақстанға жасаған сапарым әлі есімде. Ондағы халықтың қонақжайлығы есімде сақталып қалды. Сіздердің елдің халқы, дәстүр-салты маған үлкен әсер етті, — деді Ник Филдинг.

Шара барысында Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов:

— «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «100 жаңа оқулық» жобасы – Қазақстанның ақыл-ой мен білімге ұмтылған, әлеуметтік жағынан жауапкершілігі мол жастарды қалыптастыруға бағытталған тың бастама. Соның арқасында біз тарихи мұраларымды сақтауға, жастарға рухани тәрбие беруге бағытталған жобаны қолға алып, аударып басып отырмыз, — деді.

Бұған дейін 2016 жылы Томас Аткинсонның ұрпақтары Қазақстанға келіп, ертедегі оқиғалардың тынысын сезініп, ата-бабалары жүрген жолдармен жүріп өтті. Кейін Аткинсондардың саяхаты туралы екі кітап — Джон Масси Стюарттың «Томас, Люси және Алатау: Аткинсондардың Сібірде және Шығыс Қазақстанда басынан кешкендері» және Ник Филдингтің «Ұлы Даланың оңтүстігіне: Томас және Люси Аткинсондардың Шығыс Қазақстанға сапарлары» кітаптары жазылды.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

12 қараша 2026
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

12 қараша 2026
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

12 қараша 2026
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

12 қараша 2026
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

12 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.