Талдықорған: -3°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ӘКЕ, СЕНІ САҒЫНДЫМ

26.11.2021
ЖАНСАРАЙ
ӘКЕ, СЕНІ САҒЫНДЫМ
WhatsAppTelegramFacebook

Өмірге шыр етіп келген сәби көзін ашқанда алғаш көрген анасымен бірге әкесінің де өз өмірінде қаншалықты маңыздылығын, өзін анасынан кем сүймейтінін сезіне ме екен!? Әке! Сәби өсе келе күн сайын сан мәрте қайталайтын, үш-ақ әріптен тұратын осы сөзде соншалықты салмақ жатқанын біле ме екен?

 Биылғы күз бізге ауыр соқты. Қазан айында асқар таудай әкеміз – Әлихан Қордабайұлы бақилық болды. Дәл сол күннен бастап ағайынды үшеуміз бір сәтте есейіп кеткендейміз. Ержеттік, әрқайсымыз туған шаңырақтан жырақтап, жеке отбасын құрдық дегенімізбен, әлі күнге әкемізге арқа сүйеп келгенімізді жан-дүниемізбен түйсіндік. 
Сол кезден бері қолым қалт еткенде, әкемізге еркелеген күндерді көз алдыма әкеліп, өткен шақтарға ойша саяхаттаймын. Кішкене кезімде балабақшаға баруды ұнатпайтынмын. Сонда таңертең менің қатулы қабағымды ашу үшін балабақшаға жеткенше бүлдіршіндер жайлы өлеңдерді айтып, күлдіруге тырысатын. Ал қайтарда алдымнан түрлі тәттілермен тосып алатын. Қимас кездер есіме түскен сайын көңілім бұзылады… 
Әр адамның өзі жақсы көретін ісі болады ғой. Кішкене кезімізде теледидардағы жарнамада көкөністер мен дәмдеуіштер қосып пісірген күрішті жиі көрсететін. Папамыздың соны үйреніп алып, анамыз іссапарға кеткенде, бізге сол тағамды дайындап беріп: «Мен барынша тырыстым, бар махаббатымды салып дайындадым», – дейтін сөзі күні кешедей құлағыма келеді. Сол тамақтың дәміне тамсанғандай күй кешемін. 
Алматыда университеттің соңғы курсында көлік жүргізуді оқытатын арнайы курстарға қатыстырып, уақыты болғанда, өзі үйреткен еді. Көлікті оталдырған сәтте қобалжып, жолда жылдамдығын арттырудан қорыққанымда: «Неге қорықтың, қызым? Бәрі жақсы, қорықпа, машина – сенің досың ғой! Бастысы – өз жолыңнан ауытқыма, басқа жүргізушілерге кедергі келтірме. Өзіңді де, басқаларды да құрметте. Сонда бәрі жақсы болады. Тірліктегі адамдардың қарым-қатынасы да солай емес пе?! Содан кейін, көлігіңде отырғанда, жаман нәрсе айтпауға тырыс, машинаң бәрін сезеді. Темір болса да арасында сипап, біраз мақтап, еркелетіп қойсаң да артық болмайды», – деп маған дем беретін. Соның бәрі күні кеше сияқты. 
Әкеміз не істесе де шынайы беріліп атқаратын. Достарым жұмысының ерекшелігіне таң қалып, «папаң үшін қорықпайсың ба?» деп сұрайтын. Бас бостандығынан айырылған жандарға кәсіби білім беретін колледж жетекшісі болған әкем, онда білім алып жатқандар жайлы әрдайым мейіріммен ғана айтатын, олардың болашағы үшін алаңдайтын. Шалыс басқан жандардың колледжде алған білімдері келешектерінің жақсы жаққа өзгеруіне сәл болса да септігін тигізетіні үшін өз жұмысын қатты құрметтеп, қызметін бар пейілімен атқаратын.
«Білімі бар адамның болашағы жарқын», – дейтін. Бастауыш сыныптан тігінге құштар болғаныма қарамастан, мүлде басқа сала бойынша білім алып, жұмыс істеп жүргенімде: «Сен осы кішкентайыңнан тігінге қызығып жүруші едің ғой. Қуыршақтарыңа, кейін өскенде, өзіңе де киім тігетінсің. Жақсы көретін ісіңмен кәсіби түрде айналысқың келмей ме? Адам деген  бар жан-тәнімен сүйіп істейтін өз хоббиін кәсіпке айналдырса, содан бойына үлкен күш-қуат алады. Меңгергің келсе  айт, керек-жарақтың бәрін өзім алып беремін. Білім алуда «кеш» деген жоқ, қаласаң оқып ал, артық болмайды», – деген еді. Сол кезде болашағымды қалай көретінімді, армандарымды айтқанда, еш ойланбастан, тігін машинасын алып берген. 
Шетелде оқуда едім. Үйден алыс жүрген соң кейбір мәселелер бойынша папамның кеңесін алу үшін қоңырау шалғанда  айтқаны бүгін есіме түсіп отыр. 
«Ештеңеге мойыма, әрине, қыз бала болған соң маған, ағаларыңа, болашақта жарыңа еркелегенің өте орынды әрі жарасады да. Бірақ керек кезде, ойыңды жинақтап, бойыңды тік ұстап, мықты болуды үйрен. Ер болсын, әйел болсын, әр адамның бойында кез келген мәселені шешуге жігер табылады. Оған қоса бұл дүниеде реттелмейтін нәрсе жоқ екенін де білесің. Сенің ақылың бар. Ешкімнен, ештеңеден қорықпа, қызым. Мамаң екеуміз саған кез келген кезде көмектесіп, сүйеу болуға дайынбыз», – деп күш берген. Әкемнің ақылы сол кезде рухымды көтергені соншалық, батыл мінезді «жаңа адам» ретінде қалыптасуыма үлкен септігін тигізгендей.
Ауырып емханаға бара жатқанында: «Папа, мен сені қатты жақсы көремін! Уайымдама, бәрі дұрыс болады», – деген едім. Сол сәтте аяулы адамымды тірлігінде соңғы рет көріп тұрғанымды қайдан білейін.
Әкем менің оған айтқым келетін сөздерім, бөліскім келетін ойларым соншалықты көп екенін білсе ғой. Шіркін-ай, оны тағы, тым болмағанда бірер сәт болса да көре алғанымда бәрін жеткізуге тырысар едім.
«Соңғы кездері папамыздың көңіл-күйі түсіп жүр. Келіп біраз уақыт жанында жүрсең еңсесі көтерілер, сенің рухани қолдауың керек» деп ағаларым айтқанда төркініме апарып-әкеліп жүрген жарыма, қиналғанда демеу бола білген қосағымның ата-анасына әкемнің соңғы күндерінде қасында болуға барлық мүмкіндікті жасағандары үшін алғысым шексіз.
Мені әрдайым еркелеткен әкетайым… Әттең! Тым ерте кеттің-ау!
Бала – ата-ана өмірінің жалғасы. Бұл өмірде орындауға үлгермеген мақсат, армандарыңды біздерге аманаттап кеткенің бе?! Анамыз екеуіңіз өмір атты шексіз көрінетін айдында қос аққудай қатар жүзуші едіңдер. Ортақ жоспарларың да әлі көп болатын. 
Телефондағы сенің нөміріңе қоңырау шалып, «Папа, қалыңыз қалай?», деп дауысыңызды естігім, жаңалықтарыммен бөліскім келеді. Мен дегенде ішкен асын жерге қоятын, бүкіл жұмысын тастайтын әкетайым! Сізді қуантып, әлемнің кереметтерін көрсетпек едім. Балаларыңның, немерелеріңнің нағыз қызығын көрер шақта бізді тастап кеттің-ау! Мен үшін әрдайым орның бөлек. Түсінбеген кездерім болса кешір. Сені еске түсірсем, көңілім құлазиды, жүрегім сыздайды. Әкешім менің, біздерді мақтан тұтып, ретімен еркелетуші едің. Жетістігімізге марқайып қалатынсың, қуанғаныңды көріп, жақсылыққа құлшынысымыз арта беретін. Қазір сол кездерді сағынамыз, папа! Өзің жиі айтатындай, бақытты өмір сүруге барынша тырысамын. Сенің алдында борышымды ешқашан өтей алмасам да үмітіңді ақтауға бар күшімді саламын. Басқа дүниеде болсаң да  мені мақтан тұтқаныңды қалаймын.

Алина ӘЛИХАНҚЫЗЫ
Қапшағай қаласы

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

08.02.2026
Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026
Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

07.02.2026
Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

07.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.