Талдықорған: +34°C
$ 471.04
€ 538.54
₽ 6.17
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ЕЛБАСЫ «ЕЛДІКТІҢ ЖЕТІ ТҰҒЫРЫН» ЖАРИЯЛАДЫ: БҰЛ ҚҰЖАТТА НЕ АЙТЫЛҒАН?

25.11.2021
КҮНДЕРЕК
ЕЛБАСЫ "ЕЛДІКТІҢ ЖЕТІ ТҰҒЫРЫН" ЖАРИЯЛАДЫ: БҰЛ ҚҰЖАТТА НЕ АЙТЫЛҒАН?
WhatsAppTelegramFacebook

«Nur Otan» партиясы Саяси Кеңесінің кеңейтілген отырысында ел үшін маңызды саяси шешім – Партия Көшбасшылығын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВҚА тапсыру мәселесі айтылды. Сондай-ақ, партияның алдағы бес жылда атқаратын Сайлауалды бағдарламасының биылғы жылы орындалу барысы тыңдалып, елімізде жаңадан үрдіс алған ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы, қазіргі уақытта партия қызметінде енгізіліп жатқан жаңашылдықтар жайы таныстырылды. Партияның жаңарған депутаттық фракциясының қызметіндегі модернизация, жыл басынан атқарған жұмысы сараланып, Партия Төрағасы тарапынан оң баға берілді. Бұдан бөлек, Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын таныстырды.

Егемендіктің отыз жылдығына тұспа-тұс келген бұл жаңа Жолдау қазақ елінің жаңа саяси бағдарын анықтап,  бірлігі мен тұтастығын бекемдейтін жаңа құжатқа айналмақ. Елбасы ұсынған әрбір тұғыр – тарихпен тамырлас, бүгінгі күнгі өмір талабымен үндес. Қоғамның әрбір саласына мән беріп, жаңа замандағы Қазақстанның алдында тұрған сын-қатерлерін айқындаған маңызды саяси-сараптамалық Жолдау әрбірімізге де қатысы бар.

Бірінші тұғыр ол — Тәуелсіздік. Кез-келген азамат үшін ең қастерлі құндылық. Ел еңсесін тіктеген егемендіктің біз үшін маңызы ерекше. Елбасы бұл қастерлі түсінікті тәуелсіздік алған жылдардан бері санамызға сіңіруде. Өскелең ұрпақ үшін тәуелсіздік тарихи құндылық, ел ертеңіне деген сенім, алға жоспарлаған болашағына бағыт беретін ең маңызды мәселе болуына күш жұмсауымыз керек. Ол үшін ел болып бірігіп, еңбек ету маңызды деп ой салады Елбасы.

Екіншісі — бірлік пен келісім – елдігіміздің мызғымас тұғыры. Көпұлтты Қазақстан халқы үшін бұл тұғыр этносаралық, конфессияаралық татулықты сақтап қалу мәселесі сынды маңызды болмақ. Елбасы егемендік алған жылдардан бері Қазақстан Халқы Ассамблеясының маңыздылығын ескертіп, халықтар достығының мызғымас символы ретінде жыл сайын елімізде түрлі халықаралық шараларды ұйымдастыруды назардан тыс қалдырмайды. Бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Үшінші тұғыр — жер – ата-баба мұрасы, халық қазынасы. Жер мәселесі қазақ халқына болмысынан берілген, қанымен сіңіп, бойына біткен ерекше маңызды мәселе. Жері мен елі үшін өмірін қиып, ғұмырын арнаған ата-бабаларымыздың аманатын арқалап, өскелең ұрпаққа осы ұлан-ғайыр атырабымызды мирас ету біздің ортақ міндетіміз екенін тағы бір мәрте еске түсіреді.

Төртінші тұғыр — отбасы мен салт-дәстүр – қоғамның алтын діңгегі. Ұлт Көшбасшысы: «Отбасы – ұрпақ тәрбиесінің ұстаханасы, қоғамдық қатынастардың бастауы саналатын бірегей институт» деп бүгінгі қоғамда жанұяның маңыздылығы мен рөлін тағы бір мәрте ерекшелейді. Адам санасы азғындаған жаңа заманда жас отбасылар арасында белең алған келеңсіз жағдайлар, ажырасу, бір жынысты неке, толық емес отбасылар, жетім балалардың көбеюі мәселелері дәл осы отбасы институтына елімізде жеткілікті деңгейде көңіл бөлінбейтіндігінің көрсеткіші. Бұл мәселе ел көлемінде назарға алынып, шешілуіне ықпал ету үшін Елбасы өзі бастап отбасының маңыздылығын айқындап беріп отыр. Бұл — игіліктің нышаны.

Бесінші тұғыр — ұлттық мәдениет – халықтың рухани тірегі. Бүгінгі күні жаһандық бәсекеге қабілетті болу үшін бірегей ұлттық мінез, асқақ рух керек дейді Нұрсұлтан Әбішұлы. Шынымен-ақ, елдіктің тұтқасы – ұлттық мұра, тіл мен мәдениет, салт-дәстүр мен әдебиет. Ұлт мәдениетін қажетті деңгейде дамытпайынша, рухани құндылықтарымыздың мәртебесі ешқашан  биіктемейді. Елбасы назар аударған Ұлттық мәдениет саласын дамыту арқылы ғана біз басқа халықтарды өнер құдіретімен, ғылыми ізденіспен мойындата аламыз.

Алтыншы тұғыр — білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті. Табыстың кілті үздіксіз білім алу мен тынымсыз еңбек етуде дейді Нұрсұлтан Әбішұлы. Білім бағалы қазіргі жаңа заманда жастарға бұл үлгі боларлық іс. Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу жолында білім мен ғылымды дамытудың мемлекет үшін маңызы мол.

Жетіншісі — прагматизм – бәсекеге қабілетті болудың кепілі. Прагматизм принциптері барынша қанағатшыл, үнемшіл, ұстамды болып, уақытты орынды пайдалануға талпынуды көздейді. Ұлт Көшбасшысы бұл принциптер жастардың бойында төзімділік  тәрбиелеп, жаңа заман талабына сай дамуына мүмкіндік беретін қабілет деп санайтынын айтады.

Жалпы, Нұрсұлтан Әбішұлы «Елдіктің жеті тұғыры» атты жаңа қағидасымен барша қазақстандықтарды рухымызды қайрап, еңсемізді тіктеп, бұдан да биік асуларға жету үшін және Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы жолында тынбай жұмыс істеуге шақырды.

Гүлнар ТОЙЛЫБАЕВА,

«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары,

облыстық мәслихат депутаты,

депутаттық фракция жетекшісі

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» – «Алтай»: Талдықорғандағы тартысты ойын

«Жетісу» – «Алтай»: Талдықорғандағы тартысты ойын

08.07.2026
Текелідегі экофестиваль: Тазалыққа бағытталған игі бастама

Текелідегі экофестиваль: Тазалыққа бағытталған игі бастама

08.07.2026
Асқар Садықов: «Денсаулық сақтау саласындағы конституциялық кепілдіктер – облыстың әрбір тұрғыны үшін нақты өзгерістер»

Асқар Садықов: «Денсаулық сақтау саласындағы конституциялық кепілдіктер – облыстың әрбір тұрғыны үшін нақты өзгерістер»

08.07.2026
Баға бақылауда: Нарықта не төмендеді?

Баға бақылауда: Нарықта не төмендеді?

08.07.2026
Сауалнама жүргізудегі заң талаптары қандай?

Сауалнама жүргізудегі заң талаптары қандай?

08.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.