Талдықорған: +3°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНА ӘКІМ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

24 қараша 2021
КҮНДЕРЕК
ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНА ӘКІМ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Ерлан ҚОШАНОВТЫҢ қатысумен Алматы облысының әкімдігінде мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Жиында облыс мәслихатының депутаттары Амандық Баталовты қызметінен босату жөніндегі шешімге дауыс берді. Нәтижесінде, Амандық Баталов Алматы облысының әкімі қызметінен босатылды. Орнына осыған дейін Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметін атқарған Қанат Бозымбаев келді. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Қанат Бозымбаев 1969 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1993 жылы «Эдем ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде экономист болып бастаған. 1994-1997 жылдары Алматы қаласы әкімінің көмекшісі, 1997 жылы «Алмаз және Компания» компаниясының экономикалық мәселелер жөніндегі директоры, Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің өңірлік саясат бөлімінің басшысы, 1997-1998 жылдары «Мұнай тасымалдау жөніндегі «ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының жиынтық-қаржылық департаментінің бастығы, экономикалық мәселелер бойынша вице-президенті, 1998-2000 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің мұнай және газ департаментінің басшысы, Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі. «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті, «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының президенті, «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі «Самұрық» холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, «KEGOC» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, 2009-2013 жылдар аралығында Жамбыл облысының әкімі, 2013-2016 жылдар аралығында Павлодар облысының әкімі, 2016-2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі қызметтерін атқарған.

2019 жылдың 18 желтоқсанында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалған. Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне жетік.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

Бүгін, 18:05
Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

Бүгін, 17:01
Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

Бүгін, 16:03
Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

Бүгін, 15:10
Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

Бүгін, 15:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.