Кешкі сағат 17.00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қатты боран, бұрқасын жел) «Сарыөзек — Көктал» республикалық маңызы бар автожолында (45-68 шақырым аралығы) барлық автокөлік түрлері үшін жабылды.
Бұл ақпаратты Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті растады. Төтенше жағдай қызметкерлері азаматтардан осы бағыттағы сапарлардан бас тартуды және 112 қызметі беретін СМС-хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.
Алыс жолға шыққан кезде ауа райы болжамымен танысып, төтенше жағдайда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүріңіз.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





