Талдықорған: +24°C
$ 485.82
€ 554.03
₽ 6.24
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

БАЛАЛАР, ТОҚТАҢДАРШЫ… ӘЙГІЛІ «ЖУСАН ИІСІНДЕГІ» АЯН ӨМІРДЕН ОЗДЫ

17.11.2021
РУХАНИЯТ
БАЛАЛАР, ТОҚТАҢДАРШЫ... ӘЙГІЛІ "ЖУСАН ИІСІНДЕГІ" АЯН ӨМІРДЕН ОЗДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Балалар, тоқтаңдаршы. Мен сендерге кешегіден де қызықты ертегі айтып беремін», — дейтін Аян өз ертегісін айтуын біржолата тоқтатты. Бірі білсе, бірі білмес, Сайын МұратбековтІң «Жусан иісі» әңгімесінде аяғын сылти басып, балалардың соңынан еріп жүретін Аянның өмірдегі прототипі — Науқан ата өмірден озды.

Аянның аянышты тағдыры бүгінгі әдебиетсүйер қауымға және менің шәкірттеріме таңсық емес.«Жусан иісі» әңгімесін оқыған сайын, әуелі есімізге жусанның иісі оралады. Жусанның иісі ауылда дүниеге келіп, қара топырағын иіскеп өскен әр баланың есіне оралатыны анық. Міне, сол кейіпкер — Аян бала бүгінде 85 жасқа келіп, өмірінің соңғы күзінде тіршілікпен қоштасты. «Қолда бар алтынның қадірі жоқ» демекші, көзі тірісінде атамызды тікелей эфирге шақырмағанымыз өкінішті. Әрине, атамыз туралы біраз мәліметтер бар.

Мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде өз сабағымда 6-сынып оқушыларына Аянның қазіргі тағдырынан мәлімет беру мақсатында Ақын Сара ауылы Ш.Уәлиханов орта мектебінің мұғалімі Меруерт Байжановаға өтініш білдіріп, сауалымызды жолдаған едік.

Немересі мен атасы арасындағы сұхбатты түсіріп, сабағымда қолданып едім. «Жусан иісі» әңгімесін оқығанда, оқушыларды бала Аянның тағдыры, болашағы алаңдатқан еді. Сол сұрақтың жауабы ретінде сұхбатты тамашалаған болатынбыз. (Бұл бейнежазбаның нұсқасын менің рұқсатыммен интернет желісіне жүктеген еді.) Оқушылар разы болып, атамыз нағыз үлгі-өнегенің, еңбекқор, өмірге құштар, айналасына жақсылық нұрын төгетін мейірімді бала бейнесінің символы деп баға берген еді.

Биылғы жылдың 26 қазанында кездейсоқ Науқан (шығармадағы есімі Аян) атамыздың қызы Құралай Керімовамен кездесіп қалдым. Атамыздың көз жұмғанын естіп, біраз жүрегім қынжылып қалды. Өмірден кетер уақытында барлық балаларын жинап, жастарға өсиет айтыпты.

Әңгіме соңында оған көкесінің соғыстан енді оралмайтындығы жайында қаралы хат келіп, Аян балалар үйіне жіберіледі. Ол халықпен қоштасып: «Мен әлі бәріңе де хат жазып тұрамын» деп ант беріп кетеді. Сол ант бергеніндей соңғы хатын да жазып кеткен екен (суретте). «Енді мені іздемеңдер! 85 жасқа келіп, табан басқаныма ризамын!», «Тәуелсіз Қазақстанның ұрпақтары қиыншылық көрмей өніп-өссін!» депті атамыз соңғы хатында. (Керімова Құралай Науқанқызының әңгімесінен).

Қандай асыл азамат еді?! Қандай әдемі қоштасу?! Тіпті, бейітінің тасына жай ғана есімін жазып қоймай, «Жазушы Сайын Мұратбековтың «Жусан иісіндегі» Аянға кейіпкер болған: Керімтегі Қалиұлы Науқан» деп қойыңдар деп соңғы аманатын да айтыпты.

Сол сұхбатында атамыз 15 баласы, 50 немересі, 18 шөбересі бар, бір немересінің есімін Аян деп те қойғанын айтып еді. Жастық шағында көрген тағдыр тауқыметінің өлшеуіндей артында салиқалы, атын өшірмес ұрпағы бары – үлкен бақыт.

Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» әңгімесіндегі бала Аян 2021 жылдың 15 қазан айында мәңгілік мекеніне қайтыпты. Қош бол, Аян! Қош болыңыз, Науқан ата! Иманыңыз жолдас болсын!

Ләззат ҚАЛИБЕКОВА,

М.Мәметова атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ескелді ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жасанды интеллект бойынша стратегиялық семинар өтті

Жасанды интеллект бойынша стратегиялық семинар өтті

29.06.2026
QYZYLJAR MUSIC FEST – V фестивалі бастау алады

QYZYLJAR MUSIC FEST – V фестивалі бастау алады

29.06.2026
Астанада «Асыл мұра» концерті өтеді

Астанада «Асыл мұра» концерті өтеді

29.06.2026
Сарбаздар куәлік алды

Сарбаздар куәлік алды

29.06.2026
Талдықорғанда ыстық су тоқтатылады

Талдықорғанда ыстық су тоқтатылады

29.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.