Талдықорған: +13°C
$ 482.32
€ 553.37
₽ 5.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

PFIZER ВАКЦИНАСЫ АҚЫЛЫ НЕГІЗДЕ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛАДЫ. ҮКІМЕТТЕГІ ЖИЫН

17.11.2021
ДЕНСАУЛЫҚ
PFIZER ВАКЦИНАСЫ АҚЫЛЫ НЕГІЗДЕ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛАДЫ. ҮКІМЕТТЕГІ ЖИЫН
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал қаралды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығы туралы баяндады. Бүгінде инфекциялық төсектер 30, реанимациялық төсектер 27 пайызға азайған. Сондай-ақ, жиында ағылшын мен неміс ғалымдары бірігіп жасаған Pfizer екпесін ақылы негізде кез келген адам салдыруға болатыны жария етілді.

Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда 8,5 млн-нан астам адам вакцинаның бірінші компонентін, 7,8 млн-нан астам адам екінші компонентін алған. Үкімет басшысы Еуропаның көптеген елдерінде сырқаттанушылықтың өсуін назарда ұстай отырып, санитарлық талаптарды орындап, мониторингтік топтардың бақылау шараларын күшейтуін тапсырды. Премьер-Министр халықты вакциналау және ревакциналаудың елді аман сақтаудағы  маңыздылығына тоқталды. Жиында Pfizer екпесін ақылы негізде жалпы халыққа қолжетімді ету мәселесі қозғалды.

— Біз қазір Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша вакциналауға жататын адамдар санатын кеңейтіп жатырмыз. Жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін аналарды вакциналау басталды. Адамдардың өздерінің таңдауы бойынша Pfizer вакцинасын ақылы түрде алу мүмкіндігі болуы үшін коммерциялық нарық сегментіне жеткізу туралы ұсынысты қолдаймын, – деді А.Мамин.

Қазақстанда ревакцинацияны биылғы 22 қарашада бастау жоспарланған. Бұған дейін салынған вакцинаның түріне қарай, екінші компонентті алған сәтінен бастап 6-9 ай өткен азаматтар егілетін болады.

2025 жылға дейін Қазақстан халқы 100 пайызға сапалы ауызсумен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов  мәлімдеді. Жыл сайын елдегі халық саны артуда. Тиісінше су тұтыну көлемі де ұлғаяды. Халықтың көші-қонына байланысты бүгінгі күні 50 ауылда су құбыры желілерін кеңейту қажет.

— 2020 жылдың қорытындысында елдегі сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік деңгейі 94,1 пайызды құрады, оның ішінде, ауылдарда 90,1, қалаларда – 97,5 пайыз. Осы жылдың соңына дейін тиісті көрсеткіш ауылдарда 91,8, қалаларда 98 пайызға жетуі тиіс, – деді Бейбіт Атамқұлов.

Қазақстанда жоғары білім беру сапасын арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады.

Еліміздің 122 университетінің жартысы жекеменшік ұйымдар. Бакалавриат, магистратура мен докторантура деңгейлерінде 600 мыңнан астам студент білім алуда. Қазақстанның 14 жоғары оқу орны дүниежүзілік ең үздік университеттер рейтингінде.

— Соңғы жылдары гранттар саны екі есеге жуық өсті. Енді 2025 жылға қарай кезең-кезеңмен грант саны 75 мыңға дейін жетеді. Мемлекет басшысы тапсырмасының аясында студенттердің стипендиясы да екі есеге жуық өсіп, 2025 жылға қарай олардың стипендиясы тағы 2 есеге, ал магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 1,5 есеге артады, — деді А.Аймағамбетов. — Сапаны қамтамасыз ету үшін басқару жүйесінің тиімді болуы маңызды. Ең ірі 28 мемлекеттік жоғары оқу орны коммерциялық емес акционерлік қоғам ретінде қайта құрылып, корпоративті басқару жүйесіне көшті. Сәйкесінше, былтырдан бастап басты шешімдерді директорлар кеңесі қабылдайды, ал ректор сол қабылданған шешімдерді іске асыруды қамтамасыз етеді.

Селекторлық жиын соңынан Алматы облысының әкімі Амандық Баталов аймақ көлемінде атқарылуы тиіс шараларға тоқталды. Әр саланың басшыларына елді таза ауызсумен қамтамасыз ету, су жүйелерін жөндеуден өткізу, коммуналдық қызметті жақсарту, қоқыс қалдықтарын қайта өңдеу бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды.

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Жетісу облысында Ұлттық спорт күні атап өтілді

Жетісу облысында Ұлттық спорт күні атап өтілді

20.03.2026
Талдықорғанда ірі көлемде есірткі сақтаған 62 жастағы күдікті ұсталды

Талдықорғанда ірі көлемде есірткі сақтаған 62 жастағы күдікті ұсталды

20.03.2026
Қазақстан дүниежүзілік бақыт рейтингінде 33-орынға көтерілді

Қазақстан дүниежүзілік бақыт рейтингінде 33-орынға көтерілді

20.03.2026
Мемлекет басшысы Ораза айт мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Ораза айт мерекесімен құттықтады

20.03.2026
Мәжіліс мемлекеттік қызмет туралы жаңа Заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс мемлекеттік қызмет туралы жаңа Заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

20.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.