Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

МАЛШЫЛАРДЫҢ МАРШАЛЫ

14 қараша 2021
РУХАНИЯТ
МАЛШЫЛАРДЫҢ МАРШАЛЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Облыстық Сәкен Сейфуллин атындағы әмбебап кітапханада «Малшылардың маршалы» атанған Жазылбек Қуанышбаев жайлы «Жаз ата» кітабының тұсаукесері өтті.  Шығарма авторы  Мақсат Сейдалиев Жазылбек Қуанышбаевтың 125 жылдық мерейтойына орай шығарған кітабында  еңбек адамының  кәсібіне адалдығы, кісілік келбеті жайлы ой толғайды. 

Кітаптың алғашқы бетінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Асылдарымызды ардақтау арқылы елдігімізді еңселендіре түсеміз» деген  тағылымды сөзі жазылған. Келесі бетте  Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың еңселі суреті қойылған. «Ұрпаққа ұлағат», «Ел есінде»,  деп аталатын кітапта автор шопанның  мал өсірудегі тәжірибесі, Қоян жылғы  ауыр қыста  Жазылбек  Қуанышбаев  мал қырылып қалмасын деп  қой-ешкіні үйіне кіргізіп баққаны, өздері жейтін ұнды қой-қозыға беріп, аман алып  қалғаны  жайлы  естелік жазады. Солайша, ел несібесін сақтап қалғандығын әдемі суреттейді.
Кітаптың мағынасын Болатбек Әбішовтың: 
Кезінде терін төгіп, білек түрген, 
Еңбегің ұмытылмас елге сіңген.
Қос жұлдыз кеудесінде жарқырап бір, 
Жүргендей көрінесіз әлі бізбен
, – деген өлең жолы Жазылбек атаның елге сіңірген еңбегін, қадір-қасиетін аша түседі.  
Рухани шарада автор Мақсат Сейдалиев сөз алып, шығарманы жазудағы ізденіске, еңбек адамының тұлғалармен сыйластығына,  жары екеуінің отбасылық қиындықты бірлесе жеңе білген мықтылығына тоқталады.  Шарада  кітапханашы Мейрамгүл Жабиева мен  автордың ұлы  Өсер  әкесінің кітапты құрастырудағы  ізденімпаздығына,  жеке басының адалдығына,  рухани әлемдегі орнына, ұстаздық ұстанымына, қоғамдағы белсенділігіне тоқталып, өмірін көпке үлгі етті. 
«Жаз ата» кітабының кейіпкері Социалистік Еңбек Ері, Ленин, «Алтын жұлдыз» ордендерінің  иегері жастарға үлгі. Халыққа адал еңбек етсең абыройыңның артатынының дәлелі. 

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

12 қараша 2026
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

12 қараша 2026
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

12 қараша 2026
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

12 қараша 2026
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

12 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.