Талдықорған: -5°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ЖАНЫ ЖАЙСАҢ ЖЕКЕНІМ!

12.11.2021
ЖАНСАРАЙ
ЖАНЫ ЖАЙСАҢ ЖЕКЕНІМ!
WhatsAppTelegramFacebook

Тектілердің ұрпағы, ұлағатты ата-ананың тәрбиесін көрген алтынның сынығы, тұлпардың тұяғы, ағайын-туғанға құрмет-қошемет көрсетуден жалықпаған Жеңіс Әуезханұлы үлкен абырой иесі, зейіні мол, табиғатынан зерек, сегіз қырлы, бір сырлы аяулы азамат еді. Көшкін әулетінен тараған, қасиетті елінің мақтанышы болған ұлағатты бабалардан, әкелерден, ағалардан үлгі алған.

Оның 70 жасқа толған торқалы тойында сөйлеген құттықтау сөзімде: «Албанның Дәулетбағы, Қазақстанның Ыдырысы, Жетісудың Ықсаны, Шыбышының Сейдапасы, Кегеннің Әуезханы» атанған қасиетті бабалардың жалғасысың, зиялы азаматтардың бірі әрі  бірегейі» – деп едім. Өзі: «Менің атымды бекер «Жеңіс» қоймаған, мен жеңіс, қуаныш, бақыт әкелген ұлдардың бірімін», – деп масайрай қалжыңдайтын. Өмір жолын қатардағы жұмысшыдан бастап, техникалық училищені үздік тамамдап, Қазақ ауылшаруашылық институтына оқуға түсті. Маған келіп ақылдасқанда: «Қойшының баласы қойшы болуы міндетті емес шығар?! Шамаңыз келсе, инженер-механик болғым келеді, соған көмектесіңіз!» – дегені бар. Оқуын үздік бітірген соң жолдама бойынша туған ауылы «Ұзынбұлақ» асыл тұқымды қой кеңшарына инженер-механик болып орналасты. Қоғам жұмысына белсене араласып, комсомол ұйымының басшысы, көркемөнер саласында жастарға үлгі болды. Кеген аудандық партия комитетінің хатшысы Ермұхан Жақсылықовтың бастауымен, аудан бойынша алғашқылардың бірі болып комсомол жастар тойын өткізді. Зайыбы Нұрипамен жарасымды отбасын құрды. Айтқанынан қайтпайтын, өзіндік пікірі бар, ойындағыны қаймықпай бетке айтатын, бірсөзді, абыройлы азамат болып ел аузына ілінді.
«Ұзынбұлақ» асыл тұқымды қой кеңшарында бас инженер, «Жылысай» ұжымшарында партия ұйымының хатшысы, «Бөлексаз» мал бордақылау шаруашылығында директор, «Қарқара» ет-сүт өндіру кеңшарында басшы және әкім міндеттерін атқарып, аудандық партия комитетінің пленум мүшесі, ауылдық, аудандық кеңестердің депутаты атанды. Қандай қызметте болмасын ел-жұртына адал, ісіне берік, білікті, байсалды, адамгершілігі мол азамат ретінде танылды. Үлкенді сыйлай білетін, ініге ізет көрсете алатын, біреудің ала жібін аттамаған, кіршіксіз таза, өнерге деген құмарлығы өзгеше еді. Аздап ақындығы бар, жақсы, тартымды өлеңдер жазатын, мүшел той иелеріне, ағайынның туған күндеріне, жастардың үйлену тойларына, басқа да қуаныштарға сыршыл өлең арнап, елді риза қылатын. «Өстік жүрек жұмсақ боп» атты өлеңдер жинағындағы «Әкемнің жеңісімін», «Анамның орамалы», «Елуге келген достарыма» сынды арнау өлеңдері, табиғат лирикасы, туған жерге деген сағынышы оқыған жанға үлкен әсер қалдыратын.
«Қазақ КСР-на еңбек сіңірген мұғалім» атағы бар Ақсам әкеміз мені алғаш көргенде: «Балам, бұл әулетке күйеу емес, жастарға аға, біздерге сүйеу бол»  деп өсиет айтып еді. Аузына құдай салған шығар, шама келгенше құдайдың, қызметтің арқасында көкем әулетінің ұрпақтарына аға болуға тырыстым. Оқуға түсуіне, қызметке тұруына, үй болуларына ағалық қамқорлық жасадым. Жекенім маған арнаған бір өлеңінде:
Көз жіберсек кеше басқан іздерге,
Ағалардан артық болды бір жезде.
Әділетсіз болар еді сезінбеу,
Қамқорлықты сіз жасаған біздерге, – деп жазған еді.
Бірде Ұзынбұлаққа барғанымда Социалистік Еңбек Ері, сол елдің мақтанышы Ыдырыс атты ақсақал ағамызбен таныстық. Ол кісі: «Әбіләкім деген сен екенсің ғой, Көшкіновтердің Алматыда, орталық партия комитетінде істейтін ағасы бар, бәрінің оқуына, жұмысына, үй болуына, шаңырақ көтеруіне көмектеседі деп естуші едім, сол «трактор» сен болдың ғой?!»,  – деп күлдіргені бар.
Еңбекқор еді. Өзі басқарған шаруашылықтарда қажымай жұмыс істеп, өнім деңгейін жоғары сатыда ұстауға күш салатын. Сондай-ақ, ағайын-туыс арасында ұйымшылдық көрсетіп, торқалы тойда, бас қосқан жиында, топырақты өлімде бірге жүріп, бірге қайғыратын. Өзіне тән адамгершілікпен, бауырмалдықпен туған-туысқа, ағайын-бауырға, жақын-жуыққа қалтқысыз қамқорлық көрсететін. Қуанышты жиындар мен әдемі отырыста, той-томалақта дастарқанның көркі еді. Той иесіне арнаған өлеңін оқып, зайыбы Нұрипа екеуі әдемі дауыспен ән айтатын.
Ағайын-туыс, құда-жекжат арасында болып жататын қайғылы жағдай қазадан қалмайтын. Қаралы жиынды басқарып, жұбату сөзін айтып, дастарқан мәзірін жасап, ет табақтың ретімен тартылуына дейін қадағалап отыратын. Әке-шешесін, ағаларын соңғы сапарға шығарып саларда өзі басшылық етіп, барлық мұсылмандық рәсімін орындап, тиянақты еңбек етті. Қазақтың «ішкен құдыққа түкірме» деген қағидаға берік болатын. Маған еркелеп: «Аға біздің Пушкин жазған алтын балығымыз. Арман-тілегімізді орындаудан, қамқорлық жасап, ізет көрсетуден жалықпайды», – деп күлдіретін.
Бір жылдары отбасымызбен Ыстықкөл жағасында демалдық. Жекенім қойын сойып, басын үйтіп, бір қары қымызы мен шайдың барлық рәсімін жасап келіпті. Бір күн қатар жүріп, демалысты кішігірім той сияқты өткіздік. Ол бір ұмытылмас қуаныш-шаттық күндер еді. Бірде Алматыға үйге келіп: «Аға, аздаған ақшам бар. Елге мақтанатындай бір жақсы стенка алып беріңіз!» – дегені бар. Базаға ертіп барып, өзіне ұнаған үй жиһазын әпердім. Сонда риза болғаны әлі көз алдымда. Сол бір қуанышты күндерімізге реніш араласып, Жеңіс қатты науқасқа шалдықты. Сырқаты күннен-күнге сыр бере бастады. Бекзада, Шырынкүл, Айдын жандары қалмай дәрігерлерге қаратты, қолынан келгеннің бәрін істеді.
Ауруханадан шыққан соң үйге келіп, бір күн қонақ болды. Көшеге, саябаққа барып, ұзақ әңгімелестік. Ауруының қатерлі екенін сезінді ме, Жаратушы аузына салды ма, әйтеуір, М. Әуезов пен Д. Қонаевтың мұражайларына барғысы келетінін айтты. Машинамен бірінші М. Әуезов мұражайына бардық, жақсылап аралап шықтық, экспонаттарды көрдік. Содан кейін Димекеңнің музей үйіне барып, мұражайымен таныстық. Экспонаттардың ішінде менің Д. Қонаев үнді делегациясын қабылдағанда кабинетінде бірге түскен суретімді көріп риза болды. Энциклопедиялық талғамы бар, ой-өрісінің жоғары екенін сонда байқадым. Көптеген суреттерге өзінің пікірін айтып, гидке сұрақтар қойып, толықтырып тұрды. Ойында жүрген өлең шумақтарын айтып, қоштасқандай болды.
Адамда арман таусылған ба?! 70 жасқа толғанын торқалы той етіп жасай алмады. Тек ағайын-туыс болып, кішігірім отырысты үйінде өткіздік. Иығына жағалы шапан жауып, бетінен сүйіп, жақсы сөзімізді, жанашыр тілегімізді айтып құттықтадық. Содан көп ұзамай жаны жайсаң Жекенім фәни өмірден бақиға аттанып кете барды. Атажұрты, бауырлары, туған-туыстары, жолдастары күңіреніп, қайғырып шығарып салды. Мұсылмандық жолмен жерлеуі, 40-күндігі, жылы өткізіліп, басына лайықты ескерткіш тұрғызылды. Жекен жайлы әңгіме қозғалса бауырлары Бекзада, Жұмақадір, Аупай, Жақан, қарындастары әлі күнге дейін көздеріне жас үйіріп, қамығып қалады.
Бірде жол түсіп Астанаға барғанымда «Форте банкте» жұмыс істейтін Айдын балама кабинетінде оң бата беріп, Жаратушыдан ақ жол тілегенім бар. Сонда аңғарғаным, төрде Көшкін әулетінің үлкені Дәулетбақ бабаның бүркіт ұстаған суреті тұрды. Бір сағаттай әңгімелескенімізде Айдын ағасымен бірге жүрген кездерін, ауылға, аңға, балыққа қалай барғанын, аталы сөздерін, өлеңдерін, айтқан ақылын еске түсіріп, көзіне жас алды. Сөз арасында: «Сізді жақсы көруші еді, ризашылығын ылғи айтатын. Менің әке-шешем де сізді аузынан тастамайды, сондықтан мен сізді жақсы көремін»  деп күлдіргені бар. «Шөп шыққан жерге шығады» дегендей, көкем әулетінің ел аузына ілінетіндей Жеңіс, Бекзада, Айдын сияқты ұрпақтары барына риза боламын. Ұзынбұлақ ауылының кәрі-жасын таңғалдырып, ұлан-ғайыр той жасаған Жекенімнің зайыбы Нұрипа келінім текті жерден шыққан, әкесі Екінші дүниежүзілік соғыста ерлікпен қаза тапқан, шешесі Арыстанбек тегі Нұркенқызы Бықан тәтеміз көрсе көз тоятын, қараторының әдемісі, мейірімді, көрікті жан еді.
«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей, Нұрипа көкемнің әулетіне жақсы келін болып түсті. Жасынан зерек, ақылды, ел аузына ерте ілінді. Кеңшардың комсомол комитетінің хатшысы, көркемөнер ұйымдастырушыларының бірі болды. Жекенім дүниеден ерте өтсе де шаңырағын шайқалтпай түтінін тура шығарып, жарының жоқтығын білдірмей отыр. Жеңіс екеуі де еңбекқорлықпен мал өсіріп, үйдің ауласына бау-бақша салып, жеміс пен көкөністің неше түрін өсірді. Тынымсыз еңбектің арқасында молдыққа, байлыққа батырып отыратын. Екеуі Қыз Жібек пен Төлегендей жарасып, жарқылдап, қол ұстасып, ұзақ жыл  жақсы өмір сүрді, елге үлгі болды.
«Адам ұрпағымен бақытты» екендігі белгілі. Берген дұрыс тәрбиесінің арқасында баласы Жұмақадыр ғылым жолына түсіп, химия ғылымдарының кандидаты атанды. Қызы Гауһар болса ұлағатты ұстаз, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. Жарқыннан туған немересі Нұркенге ерні тиді.
Мұсылман дәстүрінде Құран оқылып, бата жасалғанда: «Құдай артынан жақсылығын берсін!»  деген сөз айтылады. Жеңіс бауырым 34 жастағы қызым Рахила қайтыс болғанда «Қош, Рахилаш» деген өлең арнады. Сонда:
Жаным жарқын ерекше,
Аңқылдаған бауырым…
Бірақ сен жоқсың, Рахилаш,
Бір басқа жетер дәулетің.
Өзіңнен басқа бәрі бар!.., – деп қайғырып, қоштасып еді. Біз де Рая тәтең екеуміздің айтарымыз, артында сені аңсайтын ұл мен қызың, ағайын-туыс, бауыр бар. Жаратқан Алла Тағала соларға амандық берсін!
Біз сені ешқашан ұмытпаймыз, Құран, батамыздан қалдырмаймыз. Жаның жаннатта, топырағың торқа, иманың жолдас болсын!

Әбіләкім ӘУБӘКІРҰЛЫ,
дербес зейнеткер

Қатысты жаңалықтар

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

08.02.2026
Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

08.02.2026
Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026
Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

08.02.2026
Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.