Талдықорған: +3°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ТАЛДЫҚОРҒАНДА ШЕКСІЗ МҮМКІНДІКТЕРДІ КӨРСЕТЕТІН ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ

12 қараша 2021
КҮНДЕРЕК
ТАЛДЫҚОРҒАНДА ШЕКСІЗ МҮМКІНДІКТЕРДІ КӨРСЕТЕТІН ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғанда екі күн бойы «Jetisý media» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Jetisy creative days» атты шығармашылық фестивалі өтті. Онда белгілі режиссерлер, актерлар, аниматорлар, дизайнерлер, муралистер келіп, тәжірибелерімен бөлісті. Ал қатысушылар болса, өздеріне қажетті ақпаратпен қоса тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Ауқымды шара Журналистер үйінде семинар-тренингтен басталды.

Ақпарат тарату шеберлігі, халықты қызықтыратын тақырыптарға «Media Holding «Atameken usiness» ақпараттық агенттігінің директоры Қанат Сахария, Nege.kz ақпараттық-сараптамалық сайтының бас редакторы Ерік Рахым, республикалық «Time.kz» газетінің меншікті тілшісі Сандуғаш Дүйсенова және республикалық  «Хабар 24» телеарнасының Алматы облысындағы меншікті тілшісі Гүлнар Жантасова кеңінен тоқталды.

— Сайтта жұмыс істеудің өзіндік ерекшелігі мен тәсілі бар. Базарға бара қалсаңыз, сіз алатын затыңыздың алдымен түріне мән бересіз. Сол секілді сайттың дизайны үлкен маңызға ие. Содан кейін барып ішіндегі контентке назар аудару қажет. Мысалы, екі тақырыпта материал жарияладық делік. Біріншісі – белгілі әншінің кеудесінің өлшемі, екіншісі – несиенің мәселелері тұрғысында. Әнші туралы материалды 5000 адам, ал несие жайлы 500 адам оқыса, сіз сол 500 адамға жұмыс істеуіңіз қажет, – деген Ерік Рахым, өкінішке қарай, Қазақстандағы сайттың көпшілігі жеңіл-желпі, әншілердің жеке өмірі жайлы ақпарат тарататынын айтты.

Екінші күні Журналистер үйі мен Жастарға қызмет көрсету орталығында спикерлер «Витрина және кино», «Цифрлық нарық үшін күрес», «ART Block and TikTok» секцияларында семинар өткізді. «Showcase and сinema» тақырыбы бойынша танымал  кинорежиссер, сценарист, продюсер Әлішер Өтев, кино және театр актері Рүстем Жаныаманов, режиссер, монтажер, сценарист, продюсер Ернар Нұрғали фильмді жасаудың негізі, оны түсіру мен монтаж жасаудың шеберлігі туралы ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, белгілі TikTok сарапшысы Карина Юнусова қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

«Тигрохауд крю» тобының граффити суретшісі Әли Закир мен муралист Ержан Танаев сурет салудың қыр-сырын айтса, суретші-аниматор Әбілқайыр Абылғазы, режиссер-аниматор Әділбек Баян тәжірибелерімен бөлісіп, сүйікті ісіңмен айналысу арқылы мол қаржы табуға болатынын айтты.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

30 қазан 2026
Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

30 қазан 2026
Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

30 қазан 2026
Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

30 қазан 2026
Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

30 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.