Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫ ШЕЛЕКТЕГІ ЖУРНАЛИСТИКА АРДАГЕРІМЕН ДИДАРЛАСТЫ

31 қазан 2021
РУХАНИЯТ
МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫ ШЕЛЕКТЕГІ ЖУРНАЛИСТИКА АРДАГЕРІМЕН ДИДАРЛАСТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Шелек ауылында өткен Алматы облыстық мәслихатының көшпелі отырысынан кейін облыстық мәслихат хатшысы Жанболат Жөргенбаев осы елді мекенде тұратын еңбек ардагері, белгілі журналист Әбілбек Айтақыновтың шаңырағына арнайы барып, ұлағатты қариямен сәлемдесті.

Екеуара әңгіме барысында аға ұрпақ өкілінің өнегелі тәжірибелеріне қанықты. Екі қоғамды басынан кешірген ардагер тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қуаныштар мен қиындықтар жайлы ағынан ақтарылып сыр шертті. Әдемі естеліктер тыңдаушыны әсерге бөлеп толғандырды. Бұл кездесудің негізгі мәні де осында еді.

Әбілбек Айтақынов туралы айтсақ, ол кісінің жүріп өткен жолы мазмұнды. Жастар үшін үлгі мысалдар аз емес. Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірді. Баспасөздегі алғашқы шығармашылық еңбегін Мұқағали Мақатаев түлеген Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінен бастады. Одан кейін аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшылығына сайланады. Жастардың жалынды өміріне белсене араласты. Республиканың жоғары партия мектебінде оқыды. Партия, кеңес қызметтерінің жауапты салаларында шыңдалды. Шелек аудандық «Еңбек туы» газетінде бас редактор болды. Өңірлер Еңбекшіқазақ ауданына біріккен кезде Қаражота ауылдық округінің әкімдігіне тағайындалады. Шелектегі өлкетану музейін басқарады. Аудандық ақсақалдар кеңесіне жетекшілік етті. Бір сөзбен айтқанда түйгені мол, көргені көп қазыналы қарияға айналды.

— Канвассинг кездесуге әріптестерім Серік Мұқашұлы, Қуат Елеусізұлы да қатысты. Әбілбек қарияның пікірлері мен көзқарастары бізді тәнті етті. «Көкірегі сезімді, тілі орамды» білімді жанмен сөйлесудің жөні бөлек қой. Қоғамның алға басу үрдісін дұрыс бағалап отыр. Өңірдің даму мәселесіне арналған ойлары салиқалы және қорғасындай салмақты. «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасының орындалу жайларын қанағаттанарлық көңілмен атап, қолдау білдіретінін аңғартты. Ақ тілегін арнап, ақ батасын берді, – дейді Жанболат Жөргенбаев.

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ауданның Құрметті азаматы Әбілбек Айтақыновтың елге ұсынатын тәлімдері әлі де аз емес. Сондықтан, ел ішінде жүрген осындай ардақты азаматтармен кездесіп отыру қалыптасқан үрдіске айналса қандай ғанибет! Оны рухани жаңғырудың бір белгісі ретінде қарастыруға болады.

Болат БАТЫҚҰЛЫ

Еңбекшіқазақ ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

13 қарашада Қазақстан қалаларында ауа райы қандай болады?

13 қарашада Қазақстан қалаларында ауа райы қандай болады?

Бүгін, 08:47
Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

12 қараша 2026
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

12 қараша 2026
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

12 қараша 2026
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

12 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.