Талдықорған: -0°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР КЕШТІ

30.10.2021
ЖАНСАРАЙ
ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР КЕШТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Уақыт дегенге тоқтам бар ма? Талдықорған облысының дамуына көп жылын арнаған тамаша адам – Тұрсын Әбдірешовтің өмірден өткеніне де санаулы күнде жыл толады. Осы орайда облысымыздың дамуына үлес қосқан жақсы ағаның жарқын істерін еске алуды парыз санадық. 

Жастайынан елгезек, алғыр, ұғымтал болып өскен Тұрсын Әбдірешұлын жылдар бойғы қажырлы еңбек, мықты ерік-жігер мен мақсаткерлік қасиеттері Жетісу жұртшылығына танымал етті. Ол Ұлы Отан соғысы басталардан бір жыл бұрын Өсек өзенінің жағасында орналасқан Еңбекші ауылында шопандар отбасында дүниеге келген. Оның алдында екі бала шетінеп кеткендіктен әкесі Әбдіреш пен анасы Рысалды есімін Тұрсын деп атады, бұл «өмір сүрсін, тұрақтап қалсын» деген мағынаны білдіреді.
Тұрсын мен қарындасы Гүлмария ес білгеннен еңбекпен есейді. Олар қозы бағып, күзетіп, қоныс аудару кезінде киіз үйді бөлшектеп, жинайтын. Отбасындағы жалғыз баланы әкесі мал бағуға жиі ертіп кететін. Оған әртүрлі қызықты аңыз-әңгімелерді, тарихи оқиғаларды айтатын. Әсіресе, Кебенек батыр бабамыз туралы тарихи оқиға ұлының есінде қалды. Ата-  аналары балаларға кез-келген мақсатқа жету үшін білім қажет екенін жете сезінетін, өздері оқымаған соң да балаларының білім алуын айрықша қалады.
Ауданда сол кезде жетіжылдық мектеп жұмыс істеді. Оны бітірген соң жас жігіт Жаркент педагогикалық училищесіне оқуға түсті. Оны 1958 жылы қызыл дипломмен бітірді. 1960 жылы Жамбыл атындағы мектепке ауысып, кейін С. Сейфуллин атындағы білім ошағында еңбек етті. Онда Тұрсын Әбдірешұлы қазақ сыныптарындағы балаларға орыс тілінен сабақ берді. Жоғары білім алу үшін 1967 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы педагогикалық институтының сырттай бөліміне «орыс тілі мен әдебиеті» мамандығына оқуға түсті.
Жас әрі белсенді қызметкерді елемеуге болмайтын еді. Сондықтан мектеп ұжымы Тұрсын Әбдірешұлын бастауыш мектеп партия ұйымының хатшысы, Крупская атындағы ұжымшардың партия комитетінің мүшесі етіп сайлады. Біраз уақыттан кейін Тұрсын Әбдірешұлы аудандық кеңестің депутаты, одан соң маман, Талдықорған аудандық партия комитетінің насихат және үгіт бөлімінің меңгерушісі болды. Екі жылдан кейін Талдықорған облыс орталығы мәртебесіне ие болып, облыстық партия комитеті бірінші хатшысының көмекшісі қызметіне Бәйкен Әшімов тағайындалды. Болашақ мемлекет қайраткерімен жұмыс істеу жас жігіт үшін шыдамдылық пен шынығу мектебіне айналды. Аға тәлімгерден ол іскерлікті, адалдық пен мақсаткерлікті, бәріне мемлекеттік тұрғыдан қарай білуді үйренді.
Бәйкен Әшімов 1970 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы қызметінен кеткеннен кейін Тұрсын Әбдірешов Текеліге халық депутаттары қалалық Кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметіне жіберіледі, ал 1972 жылдың сәуірінде қалалық Кеңес атқару комитетінің төрағасы қызметіне ұсынылады. Ол өмірінің сегіз жылын осы лауазымдағы жемісті жұмысқа арнады.
Текелі қаласында жұмыс істеген он бір жыл ішінде оның қатаң басшылығымен Мәдениет үйі, қалалық атқару комитетінің ғимараты, қонақүй, ондаған көппәтерлі тұрғын үйлер, дүкендер, мектептер, қалалық емхана салынды, қалалық алаң пайда болды. Ондаған шақырымға көше асфальты төселді, сумен жабдықтау және кәріз мәселесі шешілді. Жылыжай комбинаты салынды, тігін-трикотаж фабрикасы, кірпіш зауыты іске қосылды. Саяжай шаруашылығы жедел қарқынмен дами бастады. Кеншілер қаласын дамытудағы ерен еңбегі үшін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Еңбектегі ерлігі үшін» марапаты табыс етілді. Мамандығы бойынша педагог болғандықтан да қаладағы білім беру саласын дамытуға көп көңіл бөлді. 1981 жылы «Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі»  атанды.
1982 жылдың сәуір айында Талдықорған облыстық партия комитетінің ғылым және оқу орындары бөлімінің меңгерушісі қызметіне ауыстырылды. 1986 жылы Талдықорған облыстық білім басқармасының басшысы болып тағайындалды. Реформалаудан кейін оған кәсіптік-техникалық білім беру бөлімдері де қосылды. Басқарманы сегіз жыл бойы Тұрсын Әбдірешов басқарды. Бұл ел үшін жаңа кадрлар даярлау туралы мәселе көтерілген жылдар болды. Күн талаптарына жауап беретін жаңа оқу орындары пайда бола бастады. Алакөл, Панфилов аудандары мен Талдықорған қаласы еркін экономикалық аймақтар болып жарияланды. Осы уақытта Тұрсын Әбдірешұлының қатысуымен Алакөл ауданында мектеп-гимназия, Талдықорғанда алғашқы мектеп-лицей ашылды. Кейін Талдықорған қаласындағы №17 эксперименттік мектеп, Дәнеш Рақышев атындағы мектеп-интернат жұмысы ұйымдастырылып, оған Жансүгіров атындағы педагогикалық институтының педагогтары шақырылды. Компьютерлер жетіспеген жағдайда Талдықорғанда оқушылар информатиканы оқи алатын алғашқы компьютерлік орталық ашылды. Кейінірек осы компьютерлік орталықтың негізінде лицей құрылды.
Облыстық білім беру басқармасында жұмыс істеген кезде бұрын жабылған көптеген мектептің қайта ашылуына ықпал етті. Сондай-ақ, көптеген бастауыш және сегізжылдық мектептер орта білім ошағына айналды. Білім беруді дамытуға сіңірген еңбегі үшін Тұрсын Әбдірешұлы «Ы. Алтынсарин» медалімен марапатталды.
1994 жылы Тұрсын Әбдіреш- ұлы Талдықорған облыстық мәслихатының хатшысы болып сайланып, Талдықорған облысының жабылуына және Алматы облысымен бірігуіне дейін жемісті еңбек етті.
Белгілі педагог Жақсыбай Исаев бастаған ардагерлер тобы Тұрсын Әбдірешұлына Панфилов ауданына, яғни, туған жеріне оралуды ұсынды. Осы ұсыныспен олар аудан әкімі  Е. Омаровқа жүгінді. Ол мұндай ұсынысты құп көріп, 1998 жылы Тұрсын Әбдірешов Панфилов аудандық білім беру бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалды.
Тұрсын Әбдірешұлы басшылық қызметте көп жылдар бойы жинаған тәжірибесін жаңа арнаға жұмсады. Нежинка ауылдық мектебі бастауыш мектептен орта мектепке ауыстырылды, оның ғимараты жаңартылды. Аққұдық, Диханқайраттағы бұрынғы бастауыш мектептер орта мектептер болып қайта құрылып, жаңа ғимараттар бой көтерді. Қорғас, Үшаралда жаңа орта мектептер салынып, жаңа ғимараттар да жұмыс істей бастады. 2003 жылы аудан қаражаты есебінен Ақкент, Керімағаш және Ақарал бастауыш мектептерінің ғимараттары күрделі жөндеуден өтті, орта мектептер ішінара жөнделді. Сыпатаев пен Аманбайұлы атындағы,  Сарытөбе ауылындағы, Шежін және Қорғас негізгі (толық емес орта) мектептері орта білім шаңырағы болды. Диханқайрат, Көкталарасан және Байбатшаев атындағы бастауыш мектептері негізгі мектептер болып қайта құрылды. Жиделі ауылында бастауыш мектеп ашылды. Луначарский атындағы орта мектеп гимназияға айналды.
Ауданда алғашқы мемлекеттік емес оқу орны – лицей ашылды. Балалардың жазғы демалысы ерекше бақылауға алынды. Соған орай жеті жыл бойы тұралап қалған «Қарлығаш» қала сыртындағы сауықтыру лагері жөнделді және жұмыс істей бастады. Лагерьді қайта жандандыру үшін аудандық білім бөлімінің басшысы ірі ұжымдардың жетекшілеріне жеке хабарласып, бұл іске мектеп директорларын да тартты. Нәтижесінде көмек көрсетіліп, лагерь жыл сайын балаларды жазда демалуға қабылдай  бастады.
Тұрсын Әбдірешов зейнетке шыққаннан кейін Талдықорғанға оралып, Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Талдықорған қалалық кеңесінің төрағасы қызметін атқарды. Одан кейін 2017 жылға дейін Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Талдықорған аумақтық кеңесінің төрағасы болды.
Тұрсын Әбдірешұлы 81 жасында өмірден озды. Жетісу өлкесінің игілігі үшін көптеген істерді жүзеге асырды. Осы орайда өнегелі өмір жолының иесі терең кәсібиліктің, табандылық пен ынтаның, зор еңбексүйгіштіктің, туған жерге деген адал махаббаттың тамаша үлгісін көрсете білді.

Алма ТОПАНТАЙҚЫЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

08.02.2026
Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

08.02.2026
Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026
Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

08.02.2026
Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.