Талдықорған: +34°C
$ 471.04
€ 538.54
₽ 6.17
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ПЕНЖІМДЕГІ ТӨБЕЛЕС. ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

29.10.2021
КҮНДЕРЕК
ПЕНЖІМДЕГІ ТӨБЕЛЕС. ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан халқы Ассамблеясы Пенжім ауылындағы төбелеске байланысты мәлімдеме жасады. Сондай-ақ, Ассамблеяға қарасты «Қазақстан ұйғырлары» мәдени орталығы да үн қатты.

«Құрметті қазақстандықтар! Алматы облысы Панфилов ауданы Пенжім ауылының жергілікті мектебінде екі жоғары сынып түлектерінің арасында келіспеушілік туындап, оқушылар арасында төбелеске ұласты. Өкінішке қарай, төбелес барысында оқушылардың бірі зардап шекті, оған қажетті көмек көрсетілді. Ол қазір ауруханада дәрігерлердің бақылауында. Кешке ауылда жергілікті тұрғындар жиналып, мектеп аумағында болған жаппай төбелес салдарынан аталмыш жағдайдың орын алуына байланысты наразылық білдірді. Сонымен қатар, кейбір жасөспірімдер мен жастар эмоцияның және арандатушылардың әсерінен бірнеше жеке үй мен көліктердің әйнегін сындырған. Ауыл тұрғындары арасында, этносаралық негізде қандай да бір жанжалдың, әсіресе қақтығыстардың жоқ екендігін және оған жол берілмейтіндігін ерекше атап өткім келеді. Жергілікті тұрғындар — қазақтар да, ұйғырлар да көп жылдар бойы бірге тұрып келеді, бір бірінің достары мен көршілері. Оның барлығы шын жүректен бейбітшілік пен тыныштықты қалайды. Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының Қоғамдық орынбасары Зәкіржан Күзиев, ҚХА хатшылығы және облыстық ішкі саясат басқармасының этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы М.Батырбеков және «Қоғамдық келісім» КММ директоры қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде. Олармен бірге ақсақалдар, жигит-беши, азаматтық қоғам өкілдері жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Пенжім ауылындағы жағдай тұрақты», — делінген Ассамблеяның ресми өкілі Майя Бекбаеваның мәлімдемесінде.

Ал «Қазақстан ұйғырлары» мәдение орталығының өкілдері достық пен татулық бәрінен биік екенін жеткізді. «Жергілікті мектептің 9-10 сынып оқушылары арасындағы төбелестен ұлдардың бірі — Нұрбол Әділхан ауруханаға түсті. Біз, «Қазақстан ұйғырлары» республикалық мәдени орталығының басшылары, жасөспірімнің ата-анасына шын жүректен қайғырып, оны емдеу мен оңалтуға қажетті кез келген көмекті көрсетеміз. Екінші жағынан, біз, орын алған бұл оқиғаны, әлеуметтік желілерде этносаралық жанжал ретінде көрсетуге тырысудан бас тартамыз. Иә, 28 қазанға қараған түні ауылдың кейбір тұрғындары үйлер мен көліктердің терезелеріне тас лақтырып, ұсақ бұзақылыққа жол берді. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде аталмыш этносаралық қақтығыстар туралы тарап жатқан қауесеттердің ешқандай негізі жоқ екенін жауапкершілікпен мәлімдейміз. Алматы облысы басшылығының, құқық қорғау органдары мен Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің жедел іс-қимылдарының нәтижесінде ауылда қоғамдық қауіпсіздік, азаматтардың бейбітшілігі мен тыныштығы қамтамасыз етілді. Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары З.Кузиев, Қазақстан ұйғырлары республикалық мәдени орталығының өкілдері Пенжім ауылында және жигит-бешимен бірге билік пен полицияға осы оқиғаны шешуге көмектесуде. Біз төбелеске және арандатушылыққа қатысы бар адамдардың барлығы заңға сәйкес жазаланатынына сенімдіміз. Біз азаматтарды сабырлық сақтауға, ресми ақпаратқа сенуге және әртүрлі жалған хабарламаларға, әлеуметтік желілердегі қызуқандылыққа бой алдырмауға шақырамыз! Панфилов ауданының қазақтары мен ұйғырлары жақсы қарым-қатынастарды, көпжылдық достықты, бауырластық байланыстарды бағалайды және «зиянды арандатушылар» осы оқиғаны пайдаланып, арадағы достыққа сызат түсіруге жол бермейді», — делінген хабарламада.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Асқар Садықов: «Денсаулық сақтау саласындағы конституциялық кепілдіктер – облыстың әрбір тұрғыны үшін нақты өзгерістер»

Асқар Садықов: «Денсаулық сақтау саласындағы конституциялық кепілдіктер – облыстың әрбір тұрғыны үшін нақты өзгерістер»

08.07.2026
Баға бақылауда: Нарықта не төмендеді?

Баға бақылауда: Нарықта не төмендеді?

08.07.2026
Сауалнама жүргізудегі заң талаптары қандай?

Сауалнама жүргізудегі заң талаптары қандай?

08.07.2026
«Respublica» партиясы сайлауға құжат тапсырды

«Respublica» партиясы сайлауға құжат тапсырды

08.07.2026
Талдықорғанда қауіпті видео түсіргендер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Талдықорғанда қауіпті видео түсіргендер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

08.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.