Талдықорған: -5°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

БАТЫР МҮСІНІ АСҚАҚТАСА

25.10.2021
ЖАНСАРАЙ
БАТЫР МҮСІНІ АСҚАҚТАСА
WhatsAppTelegramFacebook

Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Ғасыр адамы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы саябақтың жанынан өткен сайын Бейсетай аға есіме түседі. Оның өзіндік себебі де бар.

Осыдан бес жыл бұрын, аталған саябақ жаңадан салынып біткен кезде Д. Қонаев атындағы қоғамдық қордың тең төрағалары, ауданның Құрметті азаматтары Тұрланғазы Есімқұлов пен Ләтіп Нұртаев ағаларымыз нысанға Дінмұхамед Ахметұлының есімін берейік деп ұсыныс жасады.  
Ләтіп Нұртайұлы әр жаққа хат жазып, көптеген есікті қағып жүріп, саябаққа Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың есімін бергізді. Оған аудан халқы қуанбаса ренжіген жоқ.
Ағамыз онымен де тоқтап қалған жоқ. Демеушілерді тауып, саябақтың ішіне Димаш Ахметұлының ескерткішін қойғызды. 
Ол кезде Бейсетай аға тірі болатын. Жергілікті халық ол кісіні «Батыр» деп қатты құрметтейтін. Оған толық негіз де бар еді. Батырға лайық тұлғасы, ерен істері елді сүйсіндіретін.
1972 жылғы желтоқсан айының 12-жұлдызы күні Іле өзенінің жағалауында орналасқан Үшжарма сегізжылдық мектебіне сабаққа кетіп бара жатып қайығы аударылып, суға тұншыға бастаған он бес баланың он екісін ажал құшағынан аман алып қалған Бейсетай аға шынында да ғажап жан-тұғын. «Халық Қаһарманы» атағын беруге лайықты еді. Жасырмай-ақ қояйық, өзі сол атақтан үміттеніп те жүрді.
Ағамыздың бұлайша үміттенуіне негіз де бар еді. «Nur Otannyu» съезінде №1 алтын медалін омырауына тағып жатып Ұлт көшбасшысы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ия, ерлік жасапсыз. Естідім. Еш нәрсе бірден бола қоймайды. Уақыты келгенде бәрі болады», – деген екен. Аңқылдаған ағамыз осы сөзден кейін маған: «Егеменге» мен туралы және бір мақала жазып жіберші. Елбасы ұмытып кетпеді ме екен?», – деп жүрді.
Менің айтпағым, Бейсетай Дәуренбеков ағамызға да Ләтіп ағамыз сияқты үлкен бір жанашыр адам болса, аудан орталығында болмаса да өзі туып-өскен ауылына бір ескерткіш қояйық деп әлдеқашан бастама көтерген болар еді. Өйткені жер бетінде Бейсетай аға жасаған ерлікті ешкім жасаған жоқ. Жасауы да екіталай.
Іле өзенінде сең жүріп жатқанда, қақаған аязда қайығы аударылған он бес баланы құтқарамын деп өз жанын өлімге байлап, суға секіру миллион адамның ішінен бір адамның қолынан келсе келер, мың адамның бірінің қолынан келмейді. Ондай ерлікті жүректілердің жүректілері ғана жасай алады.
Балалардың қайығы суға аударылған сәтте жағада балаларын мектепке шығарып салып тұрған ата-аналар мен олардың туған- туыстарын қоспағанда аудан прокуроры, аудан соты, олардың қасында бірнеше тепсе темір үзетін милиционерлер тұрған екен. Суға түсуге біреуінің де жүрегі дауаламаған.
Осы көрініске куә болған Әлмахан Нұржанов аға былай дейді:
– Сол кезде мен Іле өзенінің арғы жағалауында тұрған болатынмын. Балалар шыр-шыр еткенде ата-аналар шулап, жағада құры жүгіріп жүрді. Мен орнымнан қозғала алмай қалдым. Қорқыныш тұла бойымды тұмшалап тырп еткізбеді. Ондай үрейлі көріністі ауызбен айтып жеткізе алмайсың. Көзбен көріп, тұла бойыңмен сезінуің керек.
Мұндай ерлік қайталанбай-ақ қойсын. Бейсетай ағаға ендігі жерде батыр атағының да қажеті жоқ. Бірақ он екі баланы ажал тырнағынан арашалап алып қалған Бейсетай Дәуренбеков ағаға ескерткіш қойылуы керек-ақ. Ол ұрпақ үшін қажет.
Жапондар жұмысқа кетіп, қайта оралмаған қожасын талмай күткен «Хатико» атты итке Токионың дәл ортасына ескерткіш қойыпты. Барып көрдім. Кәдімгі дүрегей ит. Қаншама адамның назарын өзіне аударып, қаншама адамның жан жүрегін сүйіспеншілікке бөлеп тұр.
Хатико күнде кешке қала тұрғындары жұмыстан қайтқанда иесін іздеп, алдынан күтіп тұрады екен.
Жапонияға келген туристер жапон халқын итке қойылған ескерткіш үшін де бағалайды. Жаратылысы бөлек, рухы биік халық санайды.
Бейсетай аға ерлігімен өзіне-өзі ескерткіш қойып кеткен адам. Мұқағали өзіне қаламымен ескерткіш қойып, өлеңдерімен қайталанбас мол мұра қалдырып кетсе, Бейсетай аға мәңгі өшпес ерлігі арқылы болашаққа аманат артып кетті. Енді сол аманатын ардақтап, жасаған өшпес ерлігіне екінші өмір сыйлап, ескерткішін қоюға кірісуге тиіспіз.
Ауыл төрінде Бейсетай Дәуренбековке қойылған ескерткіш асқақтап тұрса, соның өзі-ақ бүкіл адамзатқа тіл қатар еді. Сонау ғарышқа ұмтылып, көкпен таласып, өмір жайлы, асқақ рух туралы сыр шертіп, талай ақындардың жүректеріндегі қалғып кеткен сезімдерін оятып, шабыттарына қуат берер еді.
Сол оқиға орын алған кезде ажал құшқан үш періште желмен бірге сәби арманын жеткізіп, күй болып көктен құйылып та тұрған болар. Ондай тылсым сәттерді ақын жүрек қана көкірек көзімен сезіне алады.
Ол ескерткіш Бейсетай ағаның ұрпақтарына немесе аудан халқына ғана емес, бүкіл ұлтымызға мақтаныш болар еді.
Бір жанашыр адам Бейсетай ағаға ескерткіш орнатайық деп бастама көтерсе бүкіл аудан халқының бірауыздан қолдары ақиқат. Тек бастаушы, жанашыр адам болса болды.
Қайталанбас ерлікке орнатылған тас мүсін бабалар рухын асқақтататын бір баспалдақ болса екен деймін. Сонда ғана батыр Бейсетай ағаның екінші – мәңгі өмірі жалғасып, салтанат құрады. 
Ерлікті рухы мықты жандар ғана жасайды. Соған орай батыр ұлдарын халқы ешқашан ұмытпайды. Бейсетай Дәуренбековтің ерен  ерлігі де ешқашан ұмытылмайды. Тек оны ұлықтау, дәріптеу жетпей жатыр.    

Марат ҚАШҚЫНБАЕВ
Бақанас ауылы, 
Балқаш ауданы

Қатысты жаңалықтар

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

08.02.2026
Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

08.02.2026
Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026
Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

08.02.2026
Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.