Талдықорған: +9°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ДӘРІГЕРЛЕР ӨКПЕСІНІҢ 90 ПАЙЫЗЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН ЖҮКТІ ӘЙЕЛДІ АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ

22 қазан 2021
КҮНДЕРЕК
ДӘРІГЕРЛЕР ӨКПЕСІНІҢ 90 ПАЙЫЗЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН ЖҮКТІ ӘЙЕЛДІ АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысында алғаш рет аудандық аурухана деңгейінде өкпесі толық зақымданған жүкті әйел емделіп шықты. Ем-шара ЭКМО (Экстракорпоралды Мембраналық Оксигенация)  аппаратын пайдалана отырып жүзеге асырылды. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Іле аудандық орталық ауруханасына жүкті келіншек COVID-19 диагнозымен, өкпесінің 90 пайызы зақымданған күйінде жеткізілген болатын. Аталған аурухана директоры Бауыржан Ысқақ науқас ЭКМО аппаратының көмегімен аман қалғанын айтты.

— 9 тамыз күні 27 жастағы жүкті әйел (38-39 апта) өте ауыр жағдайда түскен болатын. Ауыр халде түскен әйелге дереу ота жасалып, бала аман-есен дүниеге келді. Бірақ науқастың жағдайы нашарлап, қанды оттегімен қанықтыратын ЭКМО аппаратына қосуға тура келді. Науқас 31 күннен кейін өздігінен дем ала бастады, — деді Бауыржан Ербозымұлы.

Төрт баланың анасы Баянсұлу Амангелдиева жансақтау бөлімінде медицина қызметкерлерінің көмегімен қайта аяққа тұрып, өздігінен дем алуды, қозғалуды үйренгенін айтады.

— Мен жансақтау бөлімінде 47 күн жаттым. Екі ай бойы балаларымды көру арман болды. Көпшілік жиналған жерде бетперде таққан емеспін. Бұл менің басты қателігім болды. Өйткені, бетперде таққан кезде өзімді жайсыз сезініп, ауа жетпей тұрғандай сезінетінмін. Алайда бір жұтым ауаны өздігімнен жұта алмай қиналғанда қатты өкіндім. Қателігімнің салдарынан отбасымды, туған-туыстарымды, менің өмірім үшін екі ай бойы күрескен дәрігерлерді әуреге салдым. Қазір аман-есен жазылып, отбасыма оралдым. Дәрігерлерге алғысым шексіз, — деді ол.

Айта кетейік, жұқпалы індетке шалдыққан тұрғын ауруханада 58 күн жатса, соның 47 күнін жансақтау бөлімшесінде өткізді. Іле ауданық ауруханасына одан өзге COVID-19 диагнозымен, өкпесі  80 пайызға дейін қабынған бес жүкті әйелді дәрігерлер аман алып қалды.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

30 қазан 2026
Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

30 қазан 2026
Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

30 қазан 2026
Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

30 қазан 2026
Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

30 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.