Талдықорған: +35°C
$ 469.83
€ 536.83
₽ 5.97
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АНА ТІЛІҢ — АРЫҢ БҰЛ

13.10.2021
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

«Түрік тілінің ішіндегі гауһары – қазақ тілі». Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының осы бірауыз сөзінің қадірін бүгін көпшілік түсінбей жүргендей көрінеді маған. Қазақтың қасиетті даласы қандай кең-байтақ болса, оның тілі де сондай шұрайлы, қасиетті әрі қастерлі.


Қазақтың сар даласы қазақша ән салып, қазақша жыр оқып, қазақша би билеп жатса деп армандаймын. Бірақ қасиетті қазақ тілінің қасиеті басынан тайып бара жатқаны алаңдатады. Кейінгі кезде шалақазақтанып бара жатқан жастың да, жасамыстың да қатары артып келеді. Қазақтың қазақ тілінде еркін сөйлей алмауы өзгелерге күлкі болып жүр. Біз ана тіліміздің қадірін осыншалықты төмендетіп алғанымыз көңілге көлеңке ұялатады. Асқар таудай әкенің қанымен, ананың ақ сүтімен бала бойына дарыған ана тілінің болашағы шаттығы мол шаңырақта қалануы тиіс. Отбасының үлкендері ана тілінің мәртебесін көтеріп, өзге тілде шүлдірлемесе, бала да үлкенге қарап бой түзейді. Бүгін көп отбасы тап-таза қазақша сөйлеуге арланатын сияқты. Өкінішке қарай біз көбіне отбасындағы тәлім мен тәрбие беруде үлкен қателікке бой алдырамыз да, кейін бар кінәні қоғамға арта саламыз. Бірақ мұндай іспен біз ешқашанда жетістікке жете алмайтынымызды қазірден түсінгеніміз жөн. Себебі, ана тіліміз – ұлттың тұғыры, мемлекетіміздің негізі. Сондықтан да қасиетті тілімізді өзге тілдердің көлеңкесінде қалдырмайық. Қазақ тілінің болашағын тек тіл жанашырларының мойнына жүктеп қойғаннан іс бітпейді. Ұлттық құндылығымыз саналған қазақ тілімізді қастерлеу, қадірлеу, құрмет көрсету – нағыз патриот ұрпақтың бойынан табылуы үшін отбасында ата-ана, балабақшада тәрбиеші, білім ошағында ұлағатты ұстаз бір кісідей атсалысып, еңбек етуі тиіс. 

Қанша тіл біліп, қанша жұрттың ілімін үйренсек те артық етпейді. Алайда өз ана тілін жарытып білмей жатып, өзге тілді меңгеруге асығатындарды түсіне алмаймын. Ең әуелі, өз тілімізді қадірлемей, құрметтемей, өзге тілді жарылқамайықшы. Осындайда тентегін тезге салып, мүлт кеткен жастарды тәртіпке шақыратын үлкендердің жоқтығы да жаныма батады. Өйткені қазіргі уақытта ешкім де өзге біреу үшін бас ауыртқысы келмейді. Тіпті, үлкендердің өзі ана тілінің қадіріне жетіп жатқаны шамалы? Ең бастысы – жастардың бойында отаншылдық сезімі, ұлттық рухы әрдайым ояу болса деймін. Жалпы, тіл меңгеру үшін жағдай емес, талап керек деп ойлаймын. Қазақ тілінің болашағына тек қазақ қана жауапты. Өзге ұлт біздің тілдің терең құзға құлдырап құлап бара жатқанына басы ауырып, балтыры сыздамайды. Бұл  ащы да болса ақиқат. Сондықтан қазақ тілін үйрену ел азаматтарының әрқайсының міндеті екендігін ұғынатын уақыт әлдеқашан келіп қойғандығын ескерейік. Қол қусырып, өзге тілде шүлдірлеудің дәуренін өткізіп, өз ана тіліміздің мәртебесін арттыратын уақыт жеткенін мойындауымыз қажет. Ахмет Байтұрсынұлының «Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген аталы сөзі бар. Олай болса, қазақ тілінің мәртебесін арттыру сіздің және біздің қолда. Бүгіннен қамданайық. Қолымызды мезгілінен кеш сермеп қалмайық, ағайын!

Сымбат ТӨЛЕПБЕРГЕНОВА, 
Б. Сырттанов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні 
мұғалімі
Арасан ауылы,
Ақсу ауданы
 

Қатысты жаңалықтар

Аптапта сая болған су мерекесі

Аптапта сая болған су мерекесі

17.07.2026
Ауызсумен толық қамтылады

Ауызсумен толық қамтылады

17.07.2026
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі

17.07.2026
Доллар 500 теңгеге жете ме? Сарапшылар 2026 жылға жаңа болжам жасады

Доллар 500 теңгеге жете ме? Сарапшылар 2026 жылға жаңа болжам жасады

17.07.2026
Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі іске қосылады

Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі іске қосылады

17.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.