Талдықорған: +41°C
$ 472.34
€ 541.25
₽ 6.01
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Ауызсумен толық қамтылады

17.07.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР, КҮНДЕРЕК
Ауызсумен толық қамтылады

Жұмабай Мұсабеков

WhatsAppTelegramFacebook

Су – тіршілік көзі. Елді мекеннің өркендеуі де, тұрғындардың тұрмыс сапасы да ең алдымен таза ауызсумен тікелей байланысты. Соңғы жылдары Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауылдық аумақтардың инженерлік инфрақұрылымын жаңғыртуға айрықша мән беріліп келеді. Соның айқын көрінісінің бірі – Алакөл ауданына қарасты Лепсі ауылында жүзеге асырылып жатқан сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту және салу жобасы.

Аталған құрылыс жұмыстары Алакөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің тапсырысы негізінде 2025 жылдан бері жүргізілуде. Жобаның басты мақсаты – ауыл тұрғындарын сапалы ауызсумен тұрақты қамтамасыз етіп, ескірген инфрақұрылымды заман талабына сай жаңарту.

Қазіргі таңда нысанда құрылыс қарқыны бәсеңдеген жоқ. Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес қарастырылған 708 құдықтың бүгінге дейін 628-і орнатылды. Жалпы ұзындығы 35 шақырым болатын магистральдық су құбырының 34,9 шақырымына монтаждау жұмыстары толық аяқталған. Бұл – негізгі желінің басым бөлігі дайын деген сөз.

Сонымен қатар, ауызсу көзін тұрақты қамтамасыз ету үшін тереңдігі 226 метр болатын екі су ұңғымасы бұрғыланып, су резервуары мен сорғы стансысының ғимараты бой көтерді. Мұндай инженерлік нысандар жүйенің үздіксіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Нысанда қауіпсіздік мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Өрттің алдын алу мақсатында әрбір құдыққа орнатылатын 135 гидранттың 100-і қойылды. Құрылыс алаңында 45 жұмысшы мен үш арнайы техника күн сайын еңбек етуде.

Жобаны жүзеге асырып жатқан мердігер – «Сапа құрылыс 2007» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Компания өкілдерінің айтуынша, барлық жұмыс келісімшарт талаптарына сәйкес биылғы қыркүйек айында толық аяқталып, пайдалануға беріледі.

Мердігер мекеменің басшысының орынбасары Дәурен Жүнісовтің сөзінше, құрылыс екі жылға жоспарланғандықтан, жұмыс кестесі өңірдің климаттық ерекшеліктері ескеріле отырып түзілген.

– Лепсі ауылында шамамен 35 шақырым су құбырын жүргізу жұмыстарын атқарып жатырмыз. Өткен жылы негізгі желінің небәрі 150 метрі ғана аяқталмай қалған еді. Қазіргі уақытта 420 үйдің 210-ына су желісі тартылды. Бұдан бөлек, өз бастамамызбен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың 30-ға жуығының үйіне дейін суды тегін кіргізіп береміз. Осы айдың соңына дейін барлық тұрғын үйді су жүйесіне қосып, қыркүйекте жобаны толық аяқтауды жоспарлап отырмыз. Нысанға 2,5 миллиард теңге қаржы бөлінді, – дейді ол.

Инфрақұрылымдық жобаның ауыл тұрғындары үшін маңызы зор. Өйткені бұл өзгеріс тек ауызсу мәселесін шешіп қана қоймай, халықтың тұрмысын жеңілдетіп, ауылдың келешегіне деген сенімді нығайтады.

Лепсі ауылының тұрғыны, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жезтай Төшкенова бұл жаңалықты көптен күткен қуаныш деп бағалайды.

– Осы ауылға көшіп келгенімізге 44 жыл болды. Медицина саласында 45 жылға жуық еңбек еттім. Сондықтан елді мекеннің кешегісі мен бүгінгісін жақсы білемін. Осы уақытқа дейін суды құдықтан тасып іштік. Су – тіршіліктің нәрі. Әсіресе ауыл адамдары үшін оның орны ерекше. Бақшамызды баптаймыз, мал ұстаймыз. Сондықтан жаңа су жүйесінің іске қосылуын асыға күтіп отырмыз. Мердігерлер жұмысты уақытында аяқтаса деген тілегіміз бар. Алайда ауылдан жастардың көшіп жатқаны қынжылтады. Себебі жұмыс та, мүмкіндік те аз. Соған қарамастан туған жерге деген сүйіспеншілік бізді осында ұстап отыр. Ендігі үміт – осы басталған істің сәтімен аяқталуында, – дейді ауыл тұрғыны.

Расында, ауызсу мәселесінің оң шешілуі – елді мекеннің ертеңіне салынған инвестиция. Таза су – денсаулықтың кепілі, ауыл шаруашылығының тірегі әрі тұрғындардың өмір сапасын айқындайтын негізгі көрсеткіштердің бірі. Лепсіде жүзеге асып жатқан ауқымды жоба толық аяқталған кезде жүздеген отбасының тұрмысы жеңілдеп, ауылдың әлеуметтік келбеті жаңа деңгейге көтерілмек. Бұл, әрине, мемлекет қолдауы мен ел еңбегінің тоғысқан тұсы, халық игілігіне бағытталған нақты істің нәтижесі.

 Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Ауызсумен толық қамтылады

Ауызсумен толық қамтылады

17.07.2026
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі

17.07.2026
Доллар 500 теңгеге жете ме? Сарапшылар 2026 жылға жаңа болжам жасады

Доллар 500 теңгеге жете ме? Сарапшылар 2026 жылға жаңа болжам жасады

17.07.2026
Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі іске қосылады

Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі іске қосылады

17.07.2026
Скрининг арқылы 114 мыңнан астам ауру ерте анықталды

Скрининг арқылы 114 мыңнан астам ауру ерте анықталды

17.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.