Талдықорған: +14°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ОЙ САЛАР «ОЙСАРАЙ»: ТАЛДЫҚОРҒАНДА ЖАҢА КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

8 қазан 2021
КҮНДЕРЕК
ОЙ САЛАР "ОЙСАРАЙ": ТАЛДЫҚОРҒАНДА ЖАҢА КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Адам баласының өмірді танып-білуі көңілдің көкжиекпен астасқандай кеңдігі мен тектілігінің тамырлы болуымен байланысты шығар, бәлкім. Қоғамдағы түрлі тақырыптарға сана жетелетіп, түгел сөздің түпкі төркінін тарқатып жүретін тілге ұста, сөзге шешен журналист Жұмахмет Жайлаубайды жетісулық жұрт жақсы таниды. Парасат биігінен көрінген азаматтың алпысқа құлаш сермеген осынау шағына дейінгі өмір соқпағында айтқан, астарлаған әрбір әңгімесі мен басылым бетінде мық шегедей жарық көрген жазбаларына зиялы қауым сүйсінетін, сүйінетін.

Сүйсінгеннен де болар, Жұм-аға атап кеткен аяулы ағадан толымды еңбек күтіп, «Кітабыңыз қашан шығады?» деп еркелей сұраушы едік. Кен кеудесінен қазына қотарып, оны тек қызыл тілдің құдыретімен тарқата айналасындағыларды өзіне үйір ететін бекзат болмысты жан: «Ойда бар дүние», — деп екіұшты жауап қататын. Жетісулық көрермен мен ойлы оқырманға «Иманашар», «Шаңырақ», «Ой түбінде жатқан сөз», «Тіл тағдыры», «Ой түрткі» бағдарламалары арқылы танылған Жұмахмет Жанахметұлының жуырда біз күткен кітабы – «Ойсарай» жарық көрді. Осыған орай Талдықорған қаласындағы Тіл сарайында аталмыш тың туындының тұсаукесер рәсімі өтті.

Саналы ғұмырын журналистика саласына арнап келе жатқан Қазақстанның Құрметті журналисі Жұмахмет Жанахметұлының «Ойсарай» кітабының тұсауесер кеші ерекше форматта өрнектелді. Айталық, шара тізгінін ұстаған Алматы облыстық «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары Жұматай Оспанұлы әлқиссаны автордың «Кітап иісі» мөлтек сырымен бастады.

«…Кітапхананың табалдырығын аттаған сәттен бастап, қойдың маңырағаны, иттің үргені, тракторлардың гүрілі, көшені басына көтеріп ойнаған балалардың шуы бір сәтте радионың құлағын басқандай тым-тырыс бола қалады. Ең алдымен көп жылдар осы екі бөлмені мекен еткен көне кітаптардың иісі мұрныңа келеді. Шаң басқан кітаптардың иісі жаулаудың жұпар ауасын жұтқандай бойыңды жеңілдетіп, жаныңды жадыратып жібереді», – деп келетін жазбамен шымылдығы айқарылған шарада әуелі зиялы қауым өкілдері мен алыс-жақыннан автордың ет жақындары, рухани шәкірттері таныстырылып өтті.

Өз кезегінде, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрін, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рахмет Есдәулетов, «Жетісу» телеарнасының директоры, қаламгер Серік Сарыбаев, «Өлке тынысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің дирекоры Мейрам Жанәділов «Ойсарайдың» тұсауесер рәсімін салтанатты түрде өткерді.

– Жұмахметтің табиғатының таза екенін, не айтса да, ақиқатын алдаспандай жарқылдата айта алатын азамат екенін жақсы білеміз. Бүгінгі қоғамның келеңсіздігін, өмірдің сұрқай реңді көріністерін алға тарта отырып, қазақты алға жетелейтін, шұғылалы, түзу жолдарды саралап көрсетеді. Өмірдегі қарапайым қағидаттар арқылы құндылықты қара сөз құдіретімен жүрегіңе құйып береді. Сондықтан да, бұл кітап қазынаның қазынасы, – деп тебіренген Алаштың айбоз ақыны Әміре Әрін автордың дүниетанымының тереңінен шым-шымдап шыққан шымыр ойларды тарқатып өтті. «Кемшілік деген – келеңсіз мінез бен әдепсіз әдеттердің жемісі», «Үнемі ертеңгі күнге үміттену – бүгінгіден құр қалу», «Дүние байлығы барлық қиындықтардан құтқармайды. Керісінше, басқа қиындықтарды туындатады», «Желде салмақ жоқ, күш бар» деп келетін кітаптағы маржан сөздерді талдай отырып, қоғамдағы, өмірдегі көзқарастарының қайшылығына зер салдыра білді.

От жүрегі тулай соғып тұрған 16 жасында Қаратал ауданына қарасты Кәлпе ауылынан фотосуретші боламын деп Талдықорғанға ат басын бұрып, шаһарда 45 жылға жуық уақытын өткеріп, ел зиялыларымен біте қайнасып, руханият айдынында жемісті желкен көтеріп келе жатқан Жұмахмет Жайлаубайдың парасат-пайымының кеңдігін, шығармашылығының мөлдірлігін, адами асыл қасиеттерін облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рамхет Есдәулет тарқата айтып, иығына оқалы шапан жапты.

Таңғы шықтай мөлдір ойлар мен салмағы зілмар пәлсапалардан өрілген ғақлияны тұтастырған кітаптың тұсаукесер салтанатында облыстық «Жетісу» телеарнасының директоры Серік Сарыбаев, психология ғылымдарының докторы, профессор Қапиза Наубаева, дінтанушы, автордың рухани шәкірті Қанат Маратұлы, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Төлеужан Ғұмар сөз алып, оқырманға ой салар кітаптың ғұмырлы болуына тілектестік білдірді. «Жанр» әдеби бірлестігінің мүшелері Аршын Айдынбекұлы мен Әділ Құттыбай «Ойсарайдан» ойлы қара сөз оқып, тыңдарманды ұйытса, «Өлке тынысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Мейрам Жанәділов әріптес әлемінің шұғылалы тұстарынан естелік тарқатып, кітаптың тұсаукесеріне келген қонақтарға деген ризашылығын білдірді.

Парасаттың биігінде өрілген өрелі ой, ақық теңеулерді қара сөз қалыбына түсірген Абайдан бастау алатын ғақлия сүрлеуін өзінше жандандыра білген Жұмахмет Жанахметұлының «Ойсарайы» бүгінгі күнге аса қажетті жазба екені даусыз. Оның әсерлі кеште сөз алған әрбір зиялы азамат айшықтай білді. Шара соңында, кеш кейіпкері жақсылығына ортақтасқан көпшілікке ақеділ алғысын ақтарды.

Айта кетерлігі, алпыстың асқарына шыққан «Ойсарай» кітабының авторына облыс әкімінің баспасөз хатшысы Айдар Башпаев Амандық Баталовтың құттықтау хатын табыс етіп, мерейлі мерекесіне орай иығына зерлі шапан жапты.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Рухани байлықтың кілті

Рухани байлықтың кілті

Бүгін, 12:03
Денсаулыққа салынған инвестиция

Денсаулыққа салынған инвестиция

Бүгін, 11:26
Мемлекеттік қызмет сапасы жаңа деңгейге көтеріледі

Мемлекеттік қызмет сапасы жаңа деңгейге көтеріледі

Бүгін, 10:56
Үмітке байланған өмір

Үмітке байланған өмір

Бүгін, 10:10
Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

Бүгін, 09:42

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.