Талдықорған: -1°C
$ 491.88
€ 585.83
₽ 6.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

ХАНТӘҢІРІНІҢ ЕТЕГІНДЕ МҰҚАҒАЛИДЫҢ 90 ЖЫЛДЫҚ ТОЙЫ БАСТАЛДЫ

02.10.2021
ТҮПСАНА
ХАНТӘҢІРІНІҢ ЕТЕГІНДЕ МҰҚАҒАЛИДЫҢ 90 ЖЫЛДЫҚ ТОЙЫ БАСТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Осы мен сірә да өлмейтін шығармын,
Сәл ғана мызғып ап қайтадан тұрармын»,
— деп жырлаған ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың мәңгілік ғұмыры жалғасуда. Қара ормандай халқының ыстық ықыласы, шынайы құрметінің белгісіндей, ақынның 90 жылдығы туған жері қасиетті Қарасаз ауылында бастау алды. Бұл туралы «Жетісу» газетінің тілшісі мәлімдеді.

Жұлдыздар жамыраған шақта ақынның ауылы, оның қазіргі тыныс-тіршілігі туралы еш қоспасыз түсірілген «Қарасаз көшелері» атты деректі фильмнің тұсауы кесілді. Бұдан соң Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына, Мұқағалидың 90 жылдығына және Қазақ радиосының 100 жылдығына орай Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақ радиосы бірлесіп өткізген «Еркін елдің ертеңі» атты жас ақындардың мүшәйра жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды.

Қасиетті жұма күні Қарасаз ауылындағы Мәдениет үйінде «Алаш жұртының ақиығы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Филология ғылымдарының докторы, профессор, ақын Бауыржан Жақып жүргізіп отырған келелі басқосуды Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет бастап берді. Конференцияда ҚР Мәдениет қайраткері, ақын, «Мұқағали» журналының бас редакторы Батық Мәжитұлы «Азаттықты аңсаған ақын» атты әсерлі баяндама жасады. Сондай-ақ, Қазақстан ұлттық ғылым академиясының академигі Байынқол Қалиев, академик Шерубай Құрманбайұлы, белгілі қаламгер, «Мұқағали» журналының бас редакторы Батық Мәжит, қоғам қайраткері, қаламгер Рысбек Сәрсембайұлы, әдебиет сыншысы Амангелді Кеңшілікұлы және басқа да ғалымдар мен қаламгерлер ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты тың деректер мен терең талдауларын ортаға салды. Бір атап өтерлігі, осы жиында баспа бетін көрген «Мұқағали тілі сөздігі» кітабы таныстырылды.

Бүгінгі шараға Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысады деп жоспарлануда. Олар жұртшылықпен бірге ақынның музейін аралап, Нарынқолда Мұқағалидың қоладан құйылған еңселі ескерткішін ашып, ауыл азаматтарына жаңа салынған тұрғын үйлердің кілтін тапсырады деп күтілуде.

Айта кетейік, Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына дайындық өткен жылдан бастау алған болатын. Жалпы мерейтойды өткізуге жергілікті бюджеттен қомақты қаржы бөлінді. Айтулы шараға орай құрылған арнайы жұмыс тобын облыс әкімі Амандық Баталов өзі басқарды.

Мерейтой аясында, ең алдымен, ақынның туған жері Қарасаз, Сарыжаз, аудан орталығы Нарынқол ауылдары абаттандырылды. Жолдар жасалып, ауыз су жүйесі жаңғыртылып, мәдени нысандар жөнделді, саябақтар салу қолға алынып, ескерткіш орнатылды.

Мерейтойға алдын ала дайындық барысында Қарасаз ауылындағы ақын музейіне, Мәдениет үйіне, А.Барманбекұлы атындағы орта мектепке жөндеу жұмыстары жасалып, нысандар жаңа кейіпке енді. Елді мекеннің орталық көшелері, орталық алаңы абаттандырылып, көше шамдары орнатылды. Сондай-ақ, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының аясында республикалық бюджеттен бөлінген 427,1 млн.теңгеге ауызсу жүйесі қайта жаңғыртудан өткізіліп жатыр. Қарасаз ауылында өнер мектебін салу да – мерейтой аясындағы маңызды бастамалардың қатарын толықтыруда. Қазір нысанның жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Ауылға кіреберістегі Жастар саябағы абаттандырылды.

Ағымдағы жылы 3 гектар аумағы бар Мұқағали атындағы жаңа саябақтың құрылысы басталды. Құны 374,5 млн.теңгелік жобада концерттік сахна, шағын футбол алаңы, балалар алаңы, воркаут спорт алаңы, аллея, демалыс аймағы қарастырылған. Сол сияқты аудандық әкімдік ғимаратының жанынан шағын саябақ салына бастады. Ал аудандық Мәдениет үйінің алдындағы сквер мен орталық саябақ толық абаттандырылды. 

Қанат БІРЖАНСАЛ

Райымбек ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция: Президент референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды

Жаңа Конституция: Президент референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды

11.02.2026
Рекордтық лизинг көлемі: 2025 жылы шаруалар 10 мыңнан астам бірлік техника сатып алды

Рекордтық лизинг көлемі: 2025 жылы шаруалар 10 мыңнан астам бірлік техника сатып алды

11.02.2026
Қазақ қыздарына тіл тигізген блогерлер 10 жылға сотталуы мүмкін

Қазақ қыздарына тіл тигізген блогерлер 10 жылға сотталуы мүмкін

11.02.2026
Желіде видео тарады: Ерболат Құдайбергеннің ұсталғаны рас па?

Желіде видео тарады: Ерболат Құдайбергеннің ұсталғаны рас па?

11.02.2026
Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

11.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.