Талдықорған: +8°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ІСТІ ШИРАТУ КЕРЕК

27 қыркүйек 2021
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Облыстық мәслихаттың бір топ депутаттары Талғар және Қаскелең қалаларында болып, білім нысандарының күрделі жөндеуі бойынша мониторинг жүргізді. Жалпы аталған мониторингтік топ облысымыз бойынша құрылыс жұмысы жүріп жатқан білім және денсаулық саласы нысандарына бақылау жасауда. Осы уақытқа дейін 21 білім және 5 денсаулық сақтау саласының нысандарына мониторинг жүргізілді.


Биылғы оқу жылында Талғар ауданындағы 42 орта мектепте  оқушылар білім алуда. Олардың ішінде 7 мектептің оқушылары үш ауысымда оқытылады. Осы олқылықты жою мақсатында Талғар қаласында 1200 орынды жаңа мектеп салынып, жыл аяғында пайдалануға беріледі деп болжануда.

Ал іргетасы 1978 жылы қаланып, пайдалануға берілген Абай атындағы №3 орта мектептің биыл күрделі жөндеу жұмысы басталды. Содан бергі 40 жылдан астам уақыт бойы бірде-бір күрделі жөндеу көрмеген мың орынды көне мектепте 1908 оқушы білім алуда. Құрылыс жұмыстарына байланысты бұл оқушылар осы күні Талғар қаласындағы Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ғимаратында оқытылуда. 

Апта соңында облыстық мәслихаттың хатшысы Жанболат Жөргенбаев пен облыстық мәслихаттың депутаты Асқар Фазылұлы бастаған мониторингтік топ осыған байланысты құрылыс жұмыстарын аралады. Сапар барысында құрылыс жұмысын жүргізуді жауапкершілігіне алған мердігер компания «ГуннСтройСервис» ЖШС-нің өкілі атқарылған жұмыстар жайымен таныстырды.

Мектеп құрылысының жұмысына 1 млрд. 168 млн. 984 мың теңге қаржы қаралған болса, бүгінде соның 200 млн. теңгесінің игерілгендігі баяндалды. Тамыздан басталып, наурыз айында аяқталуға тиіс мектептің бүгінгі күні шатыр, еден, терезе, есіктері, электр жүйесі, спорт алаңдары, сылақ сынды жұмыстары аяқталған. Сонымен қатар, ағаш конструкциялар, кәріз, су жүйесі жасалуда. Құрылыс алаңында 62 адам еңбек етуде. 

Аталған мектептің құрылысын көрген мониторингтік топ жетекшісі Жанболат Жөргенбаев мердігер компанияға құрылысшылар санының аздығын, шатырдың жобаға сай еместігін айтып, құрылыс жұмыстарының сылбыр жүргізіліп жатқандығын сынға алды. Енді бірер айдан соң күн суытатындығын ескерсек, абаттандыру жұмыстарын да жылдамдатуды, жұмыстың сапалы болуын  қадап тапсырды.

– Біздің мектебімізде даярлық тобына 55 бүлдіршін, бірінші сыныпқа 178 бала қабылданды. Жалпы 66 сынып комплектісі бар. Мектепке құрылыс жұмысы басталғалы бері  оқушылар Қонаев колледжінің ғимаратында оқып жатыр. Мектеп оқушыларының жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Емелев көшесі жөндеуден өтіп, тротуар жасалған. Сондай-ақ, жол белгілері орнатылып, жүргінші жолақтары жаңартылды, – дейді №3 орта мектеп директорының міндетін атқарушы Құралай Кенжетайқызы.

Ұлбосын ИСАБЕК
 

 

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

21 қараша 2026
Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

21 қараша 2026
Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қалиақпаров Бауыржан Есболатұлы

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

20 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.