Талдықорған: -7°C
$ 482.32
€ 553.37
₽ 5.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

ТАЛДЫҚОРҒАНДА ІНДЕТПЕН КҮРЕСКЕН ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ

22.09.2021
ДЕНСАУЛЫҚ
ТАЛДЫҚОРҒАНДА ІНДЕТПЕН КҮРЕСКЕН ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғанда коронавируспен күрес кезінде қайтыс болған дәрігерлерге және барша медицина қызметкерлерінің жанкешті еңбегіне арналған «Аялы алақан» ескерткіші ашылды. Бұл туралы «Жетісу» газетінің тілшісі мәлімдеді.

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының алдындағы ауқымды аллеяға орнатылған монумент белгінің ашылуына қатысқан Алматы облысының әкімі Амандық Баталов көпшілікті Тәуелсіздіктің 30, облыс орталығының 20 жылдығымен құттықтап, коронавирус індетінен қаза тапқан дәрігерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Көпшілікке тілек арнаған облыс әкімі Амандық Баталов:

– Бұл – жаһандық дертке қарсы күрескен ақ халатты жандарға деген ел құрметінің белгісі. Сондай-ақ, халықтың адал перзенттеріне ыстық ықыласының көрінісі. Ескерткіш ел басына қиындық туған сәтте қаһармандық көрсеткен жандардың рухына тағзым ету орнына айналады, – деп жүрекжарды тілегін жеткізді. – Пандемия басталғалы бері облыста денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін біршама қызметкер коронавирус жұқтырып, оның 13-і қайтыс болды. Өкінішке қарай, пандемия кезеңінде облысымыздың денсаулық сақтау саласының дамуына үлес қосқан аға-бауырларымыз бен әпке-қарындастарымыз өмірден озды. Атап айтсақ, Қайрат Баймұхамбетов, Нұрлан Құлсеитов, Абай Сахариев, Рысалды Жолдағұтова, Жанетта Оязбаева, Виктор Ким, Карим Исабаев, Мұрат Мұхаметжанов сияқты азаматтарымызды біз әрқашан құрметпен еске аламыз.

Облыс әкімі ақ халатты абзал жандардың мемлекет тарапынан да лайықты бағасын алып жатқанын айта кетті.

Өткен жылы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен пандемия уақытында азаматтардың денсаулығын сақтауда табанды еңбектері үшін 27 медицина саласының қызметкері мемлекеттік награда «Парасат», «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдарымен және Мемлекет басшысының Құрмет грамоталарымен марапатталған болатын. Сондай-ақ, ел Президентінің Жарлығымен «Халық алғысы» медалі бекітіліп, пандемияға қарсы күресте алғы шепте болған 31 медицина қызметкері осы төсбелгіні алды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен коронавируспен күреске атсалысқан облыстағы 9 мың дәрігер мен медицина қызметкеріне жалпы сомасы 19 миллиард теңге үстемақы берілді. Бұл кезеңде жан аямай қызмет етіп жүрген азаматтардың еңбегі өлшеусіз. Олардың қажырлы еңбегі мен ерен ерлігі – үнемі халық есінде қалады.

— Бүгінгі жаңадан ашылған аллея – ақ халатты абзал жандарға деген халық алғысының белгісі деп білеміз. Аялы алақаннан жылу кетпесін! Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, тілеймін, — деді облыс басшысы.

Салтанатты шарада облыстық аурухананың реаниматолог дәрігері Ілияс Нүсіпалиев пен індетпен күресте қаза тапқан Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылдық дәрігерлік амбулаториясының бас дәрігері, марқұм Сертай Сағиевтің қызы, онколог дәрігер Мадина Сағиева кезекпен сөз алып, науқастың ем алуы жолында аянбаған дәрігерлерге арналған ескерткіштің маңыздылығын әңгімеледі.

Таза қоладан алақан үлгісінде құйылып, ортасындағы үйеңкі ағашын аялап тұрғандай кейіпке кескінделген жобаны мүсінші Мирлан Әзмағамбетов жасапты. Биіктігі 1,2 метр, ұзындығы 3,8 метр, көлденеңі 2,8 метрге тең ескерткішті қоршап жатқан ауқымды аллеяға әсем ағаштар мен көркем гүлдер отырғызылған.

Мәди АЛЖАНБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» жеңіспен бастады

«Жетісу» жеңіспен бастады

19.03.2026
Өскеменде Жақсылық Омардың соты басталмақ: экс-шенеунікке қандай айып тағылды?

Өскеменде Жақсылық Омардың соты басталмақ: экс-шенеунікке қандай айып тағылды?

19.03.2026
Елімізде алғаш рет әкімшілік рақымшылық жарияланбақ

Елімізде алғаш рет әкімшілік рақымшылық жарияланбақ

19.03.2026
Курьер емес, алаяқ: «Миллиондық жеткізілім» схемасынан қалай сақтану керек?

Курьер емес, алаяқ: «Миллиондық жеткізілім» схемасынан қалай сақтану керек?

19.03.2026
Наурызда тағамнан уланудан қалай сақтану керек?

Наурызда тағамнан уланудан қалай сақтану керек?

19.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.