Талдықорған: -5°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

БАҚЫТТЫ ҚАРИЯ

20.09.2021
ЖАНСАРАЙ
БАҚЫТТЫ ҚАРИЯ
WhatsAppTelegramFacebook

Айналамызда еңбектің, жақсы қасиеттердің өнегесін көрсетіп жүрген қарттарымыз баршылық. Шын мәнінде әлі де аттан түспеген, еңбектен қол үзбеген қарияларды көріп қалсам, «құрыштан құйған құдірет» немесе «еңбектің торысы» деп бағалап жүрем. Біз сөз еткелі отырған          Бұршақбай атамыз дәл осындай қарт. Жетпістің мол ішіндегі Бұршекең қунақ та ширақ, сергек те қажырлы қалпында. Жастайынан еңбектің дәмін татып өскен. Адал еңбегімен өмірлік несібесін құраған бақытты қария. 

Тура Жеңіс күні дүниеге келген Бұршекеңнің өмірлік серігі, «Күміс алқалы» ана Дүйсеханмен отау құрып, шаңырақ көтергеніне 50 жыл толды. Осынау шаңырақ шаттығына ауылда, қалада тұратын бала-шағасы түгел жиналды. Қос бәйтерек төрт келін түсірген, екі қызын ұзатқан. Қылықтары тәтті жиендерінен бөлек 16 алтындай немересі бар. Шүкір, ұл-қыздарының бәрі жоғары білімді. Айналысып жүрген сүйікті кәсіптері бар. Атакәсібі – төрт түлік мал бағумен ғана айналысқан Бұршекең ұрпағын ешкімнен кем қылмай өсірді. Үлкен өмірге қанаттандырды. Қазір сол балапандары өзінің қолына алып жүргізіп жатқан сан қырлы шаруасына көмектерін тигізіп келеді. «Өз қолыңның өзіңе жеткені осы болар», – деп қуанып отырады. 
– Әкем Сатылған мен анам Разия қарапайым малшы болды. Әкемнің жолын қуып мен де ата таяғын қолыма алып, мал бақтым. 1963 жылы ата-анам Қытайдан атамекенімізге оралды. Алғаш «Қарқара» кеңшарына қарасты Тасбұлақ деп аталатын фермасына көшіп келдік. Міне, содан бері төрт түлік малды айналдырып келемін. «Мал баққанға бітеді» деген сөз бар. Одан жаман болған жоқпыз, – дейді Бұршақбай ата өткен өмірі туралы сөз бастап.
Бұршекең шын мәнінде 16-17 жасынан-ақ сенімге бөленіп, жауапты жұмысты мойнына алыпты. Голлевей  асыл тұқымды ірі қара малын өсіру жұмысы ең алғаш дәл осы Тасбұлақ фермасында басталыпты. Бұл жұмыс Бұршақбайдай тепсе темір үзетін, қажыр-қайраты мол, жалындап тұрған жас малшыға тапсырылған екен. Аталған асыл тұқымды ірі қараның 10 бас құнажыны, 3 бұқасы әкелінген. Аталған малды аман-есен өсіріп, төлімен көбейтіп, 4-5 жылдың ауқымында таза Голлевей ірі қарасын 300 басқа жеткізіп, кеңшарға өткізіп беріпті. 1974 жылы Бөлексаз ауылына қоныс аударды. Содан бері киелі топырақты, құтты мекенде өмір сүріп келе жатқанына елу жылға таяды. Бөлексаз ауылында мал бордақылап, мемлекетке ет өткізумен айналысатын ауданаралық іргелі құрылым болған. Аталған мал бордақылау бағытындағы шаруашылықта Бұршақбай ата мал бақты. Адал еңбегімен сенім арқалады. Абыройға кенелді. Сый-құрметтен кенде болған жоқ.
– Шаруашылықтар таратылғаннан кейін Бөлексаз ауылынан алғашқы болып өз алдына шаруа қожалығын құрған он отбасының ішінде өзім де. «Өркен» атты шаруа қожалығын құрдым. Рас, таратылған кеңшардан қой, сиыр, трактор, қажетті жер үлесіме тиді. Өтпелі кезеңнің ауыртпалықтары аз болған жоқ. Оның бәрінен аман-есен өттік, – дейді Бұршақбай ата.
Айтса айтқандай, Бұршақбай атамыз негізін қалаған «Өркен» шаруа қожалығы Бөлексаз ауылдық округіндегі ең алдыңғы қатардағы, аудан бойынша мақтаулы құрылымдардың бірі. Негізгі жұмыстарын Бақыттай еңбеккер ұлы қолына алған қожалықтың тасы өрге домалап тұр. Жетпістің төртеуіндегі Бұршекең жоғарыда сөз еткеніміздей, аттан түскен жоқ, шаруа қожалығының әр күнгі тыныс-тіршілігімен бірге. Қожалықтың келешегін қамдастырып отырады. Көштен қалмаудың жолын ойластырады. Содан да болар, басы-қасында Бұршекеңнің өзі тұрған қожалық барлық бағыт бойынша жан-жақты жұмыс жүргізіп, өз игіліктерін құрап келеді. Атап айтар болсақ, «Өркен» шаруа қожалығы уақыт талабына орай асыл тұқымды ірі қара малын өсіруді қолына алған. Өткен жылы ет бағытындағы асыл тұқымды «Ангус» ірі қарасының бір бұқасын сатып алды. Қожалықтың жалпы, 50 сиыры, 60 жылқысы бар. Бір отарға жуық архар-меринос қойының саулығы болса, биыл әр жүз саулықтың соңынан жүзден қозы ілесті. Сөйтіп, қожалықтың төл алу жұмыстары сәтімен қорытындылануда. Сиырлары бұзаулап, биелері құлындап, өрістерін толтыра түсуде. Бұл жақсылықтың нышаны. Бұршекең қойдың санын мыңға, екі отарға жеткізуді жоспарлап жүр. Қазір қойдың жүні еткен еңбегін ақтап жатқан жайы бар. Оның сыртында жаз маусымында ерте туған қозылардың, тоқтылардың бағасы жақсы. Тірідей сатылатын ұсақ малдың да берері көп.  Дәл қазіргі таңда жаңа трактор, техникасыз қожалықтың жұмысы алға жүрмейді. Сол үшін Бұршақбайдай атамыз өзі ниеттеніп жүріп былтыр «Казагрофинанс» арқылы қажетті агрегаттарымен «МТЗ-92» маркалы биыл «МТЗ-82» маркалы тракторын алды. Қожалықтың жалпы, 4 тракторы, 3 жүк тасымалдайтын көлігі, науқанды жұмыстарға қажетті агрегаттарының бәрі сақадай сай.
– Өткен ғасырдағы шаруашылықтардан қалған тракторлар мүлде ескірді. Қанша жамап-жасқасаң да мүмкіндігінше жұмыс істете алмайсың. Жаңаның аты жаңа ғой. Көктемгі егіс, жазғы дала жұмыстары, күзгі жиын-терін болсын, көп көмегін тигізуде. Ең бастысы, жеке өз басымның, қожалығымның жайын ойлап жүргем жоқ. Алған трактор, техникаларым өңір тұрғындарының да қажетіне жарауда. Ел алғысынан артық ештеңенің керегі жоқ. Егістік жердің де көлемін арттыруды ойлап жүрмін, – дейді. Уақытқа сай тірлік жасап, шаруасын жүргізіп, ауыл тұрғындарына да шапағатын тигізіп келе жатқан Бұршақбай ата өз тұсында Райымбек ауданының Құрметті азаматы атанды. Бұл да болса адал еңбегінің жемісі.
«Өркен» шаруа қожалығының 55 гектар егістік, 130 гектар шабындық, одан бөлек жайылымдық жері бар. «Жаз жайлауым тамаша» дегендей, жазда құнарлы жайлауды пайдаланып қайтады. Қойын бағатын, ірі қарасы мен жылқыларына қарайтын Арғынбек пен Нұрлан атты отбасымен сенімді азаматтары бар. Оларды ренжіткен жері жоқ. Лайықты еңбекақы төлейді. Жаз маусымында өздері үшін құрт, май дайындалады. Артылып жатқаны сұраныспен келген ағайынның қажетіне жарайды. Орайы келгенде айта кеткен жөн. Бұршекең бастаған қожалық соңғы жылдары ұлтымыздың қастерлі сусыны саналатын қымыз өндірумен тұрақты айналысып келеді. Былтырғы жылы 20 бие байланды. Қоңыр күзге дейін 10 тонна қымыз өндіріліп, саумал мен қымыз жұртшылықтың қажетіне жарады. Қаладағы кәсіпкерлікпен айналысатын Тұрғанжандай ұлы өткен жылы бие сауатын құрал-жабдық әкеліп, жұмыстары жеңілдей түсті. 
– Қасиетіңнен айналайын жылқы малы жақсы ғой. Қазағым ел болғалы қажетіне жарап келе жатқан мінсең ат, ішсең қымыз, жесең қазы-карта дегендей, жылқы малының орны бөлек. Атқа мінеміз, жаздай қымыз ішіп тұрамыз, соғымға ірі қара мен жылқыны араластырып сойып аламыз. Көрші-қолаң, туыс-жегжаттарымыздың арасында соғымбасы, наурызкөже деген сияқты жақсы дүниелер алтын арқау, жібек жолын үзіп көрген емес,– дейді Бұршақбай ата өтіп жатқан өмірінен, тыныс-тіршілігінен хабардар етіп.
Тумысынан қарапайым, көпшіл мінезді, артық сөзі, еш пендеге қиянаты жоқ, адал еңбегімен, қалаған соқпағымен тіршілігін жасап келе жатқан Бұршекең салт-дәстүрімізді қадір тұтқан қария. Асыл дінімізді де берік ұстанады. Меккеге барып бір жасап қалғандай күйге түскені бар. Содан бері сергек те көңілді. Игіліктері үшін ойға-қырға шапқылап жүреді. Шапшаң қозғалады. Айтарын түйіп бір-ақ айтады. Ойға алғанын орындайды. Ниеттенгеніне қолын жеткізбей тұрмайды. Содан да болар, шаруасы шалқыған, ырысы мен берекесі құтайған. Арайлап атқан таңдарына үміт артып, бала-шағасының амандығын тілеп, бір Алласына шүкіршілік етіп жүреді. Тілектері жақсы, жандары ақ, ниеттері түзу әулеттің әр күнгі шаруасы да оңды, жұмыстары да сабақты ине сәтімен дегендей жалғасып келеді. Бұршекең өз қамын ғана күйттеп кеткендердің қатарынан емес. Өзгенің жайын, айналасындағылардың қамын да ойластырып, қамдастырып жүреді. Басқаны айтпағанның өзінде биылғы мамыр мерекесінің тұсында ауылдағы қамқорлықты қажет ететін 5 отбасыға азық-түлік түрінде көмегін берді. Бар жақсы қасиет, кісілік пен кішілік бойынан табылатын Бұршақбай ата мен асыл ана Дүйсеханның ұлдары мен қыздары да қарапайым. Жақсылыққа құштар, ізгілікке іңкәр. Алматы қаласында айналысып жүрген кәсібі бар Тұрғанжандай ұлы осыдан бір жыл бұрын Бөлексаз ауылының кіреберісіне қақпа орнатып, ауыл тұрғындарының алғысын арқалады. Оның ашылу салтанатына өзіміз де куә болдық. «Бұл міндет емес. Менің туған жеріме, ауылыма деген құрметім мен сүйіспеншілігімнің белгісі. Ауыл үшін жұмыс істеу–перзенттік борышым. Ауылдарымыз еңселі, ғұмырлы болсын!», – дейді Тұрғанжандай азамат шын көңілімен. 
Жоғарыда сөз еткеніміздей, Бұршақбай ата мен Дүйсехан ананың қара шаңырағы ауылдағы өнегелі отбасы. Азат пен Гүлзат атты қыздары, Тұрғанжан, Айдын, Бақыт, Ақжол секілді ұлдары бір-бір шаңырақ. Әулеттің иелері Ғалия, Құндыз, Мәдина, Рината атты ибалы, тәрбиелі келіндерін де жандарындай жақсы көреді. Алдарынан қиып өткен емес. Ізеттерінен жаңылмайды. 
Не дейік, асыл тұқымды ірі қара, төрт түлік мал өсіріп, егіншілікпен де айналысып, жаз маусымында қымыз өндіруді де жолға қойып келе жатқан әулеттің жақсылықтары алда. Адал еңбегінің жемісіне, өмірінің бақытына, ұрпағының ұлан-ғайыр қуанышына кенеліп келе жатқан Бұршақбай ата мен Дүйсехан ананың татар дәмдері, сезінер шаттықтары, жақсы күндері алда. 

Қанат БІРЖАНСАЛ
Кеген ауданы

Қатысты жаңалықтар

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

08.02.2026
Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

08.02.2026
Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026
Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

08.02.2026
Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.