Талдықорған: +8°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖАҢА СЕКЦИЯ АШЫЛДЫ

17 қыркүйек 2021
КҮЛТӨБЕ
ЖАҢА СЕКЦИЯ АШЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Жастар» спорт кешенінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Бочча» және «Адаптивті жүзу» спорт  түрлерінен жаңа секция ашылып, шеберлік сабағы өтті.


Аталмыш секция «Nur Otan»  партия мен  «Тең мүмкіндіктер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Кедергісіз келешек» және «Саламатты болашақ» жобалары аясында ашылды.

Шарада сөз алған «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнар Тойлыбаева: 
– Партияның «Жол картасында» инклюзивті білім беру, бұқаралық спортты дамыту мәселесі қолға алынды. Бас партияның бастамасымен инфрақұрылымдардың мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділігін  қамтамасыз ету үшін 5 жылға 1 294 нысанға бейімделу жұмыстары жүргізілмек. Ағымдағы жылға 258 нысанға бейімделу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Оның ішінде 145 нысанға 141,4 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді, – деді.  

Өз кезегінде «Тең мүмкіндіктер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Нұргүл Ұлжекова Талдықорғанда, балалар бейімделетін спорттың дамуына 2016 жылдан бастап қолдау көрсетіліп жатқанын айтты. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған секция өңірімізден бөлек он екі қалада ашылғандығын жеткізді. 

Осыдан кейін  облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Алмат Үшкемпіров, мүгедек балаларға арналған спорт мектебінің директоры Ерлан Бақтыбаев ізгі тілектерін білдірді. 

Соңында партия басшылығы, қоғамдық бірлестік пен облыстық спорт басқармасы өзара келісім жөнінде меморандумға қол қойды. 

Салтанатты ашылу «ерекше» бүлдіршіндердің алғашқы бочча сайысымен және партия тарапынан естелік сыйлықтарымен жалғасты. Алдағы уақытта ашылған секцияларда ерекше күтімге мұқтаж 20 бала тегін спортпен айналысатын болады. Оларға  қоғамдық  қордың  ұйымдастыруымен   2 жаттықтырушы арнайы оқыту әдістемесі негізінде  демеушілердің көмегімен алынған спорттық құралдармен жаттығуға жәрдемдеседі. Енді мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған отбасыларға арналған секцияда бүлдіршіндер тегін жаттыға алады.

Айдар ҚАЛИЕВ 

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Бүгін, 19:34
Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бүгін, 19:21
Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Бүгін, 18:58
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қалиақпаров Бауыржан Есболатұлы

Бүгін, 18:01
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Бүгін, 17:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.