Талдықорған: +8°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АЛАШ АРЫСЫ АРДАҚТАЛДЫ

14 қыркүйек 2021
КҮЛТӨБЕ
АЛАШ АРЫСЫ АРДАҚТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жаңа оқу жылы қарсаңында Жібек жолы ауылындағы қазақ орта мектебіне ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді. Осыған орай жуырда аталған білім шаңырағы әйгілі Алаш қайраткерінің құрметіне  арналған «Ашық алаң» ұйымдастырды.


Ұлт зиялысы ұлықталған кездесуге Алматыдағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мен Қазақ Ұлттық университетінен ғалымдар келді. Қонақтар алдымен  білім шаңырағын аралап көріп, жетістіктерімен танысты. Шәкірттердің білім деңгейі мен ұстаздар ұжымының әлеуетін сұрап білді. Ашық алаң Алаш арысының туған топырағы Торғай өңіріндегі өлкетану музейімен танысудан басталды. Мектептің Ахмет Байтұрсынұлы атындағы залымен онлайн-форматында байланысқа шыққан музей қызметкерлері Ахаңның қайталанбас қайраткерлігі мен қилы өмір жолының куәгері болған музей жәдігерлерін экран арқылы көрсетті. Кездесуде сөз алған ғалымдар жас ұрпақтың жадына Байтұрсынұлы тұлғасын ұялатудың маңыздылығына жан-жақты тоқталды. Қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы, ұлттық жазудың реформаторы, әйгілі ағартушы әрі кеңестік қызыл саясаттың қиянатын көріп, отыз жетіде опат болған ұлт қайраткері Ахмет Байтұрсынұлын қазақ баласы бір сәтке естен шығармауы тиіс. Кездесуде айтылған құнды ой-пікірлер оның елі үшін еткен жанкешті еңбегін біліп өскен жас ұрпақ қашан да ұлтына адал, рухы биік перзент болары анық деген тұжырымдармен қорытындыланды.

Тағылымды шара барысында ұстаздар қауымы да сөз алып, ұлы тұлғаның есімі берілген алтын ұяның білім сапасы мен тәрбие деңгейі биік болуы тиіс екенін жақсы сезінетіндерін және соған сай нәтижелі еңбектеніп жатқандарын білдірді. Мәртебелі есімді иеленген мектеп атына кір келтірмейтін білікті ұстаздар мен жетістігі көп шәкірттер мұнда расында жетерлік. Ахмет Байтұрсынұлының атын алған білім мекемесінде биылғы оқу жылында мектеп табалдырығын жаңадан 325 бүлдіршін аттап, 13 бірдей бірінші сынып ашылыпты. Жалпы білім шаңырағында бүгінде үш мың оқушы бар, оларға 238 ұстаз дәріс береді. 

Бұрынғы атауы Шамалған бекетіндегі білім ордасы 2003 жылы заман талабына сай қолдануға ыңғайлы жоба бойынша 1200 оқушыға арнап салынған. Мектеп ғимаратындағы әрбір оқу бөлмесі кең әрі жарық. Қазіргі заманға сай инновациялық технологиялармен жарақтандырылып жатыр. Алайда оқушы санының көптігінен қазір үш ауысыммен жұмыс істейді. Бүгінде мектеп ауласынан 600 орынды қосымша жапсаржай құрылысы жүргізіліп жатыр. Сондықтан көп ұзамай үш ауысым мәселесі оң шешімін табатындығын айтты мектеп басшылығы. 

Серік САТЫБАЛДИЕВ

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Бүгін, 19:34
Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бүгін, 19:21
Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Бүгін, 18:58
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қалиақпаров Бауыржан Есболатұлы

Бүгін, 18:01
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Бүгін, 17:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.