Талдықорған: +18°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ҒАЛЫМҒА ІЛІМ ЖАС КЕЗІНДЕ БЕРІЛЕДІ

13.09.2021
ӘЛЕУМЕТ
ҒАЛЫМҒА ІЛІМ ЖАС КЕЗІНДЕ БЕРІЛЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде адам баласының жастық шағын екі әлсіз кезеңнің ортасы деп баяндайды. Яғни, нәресте және кәрілік кезеңнің ортасындағы уақыт деген сөз. Ислам ғұламалары балалық шақты күннің көкжиектен шығып, яки, әлі жер бетін қыздыра қоймаған, ал қарттық кезеңді күннің көзі кетіп, ымырт үйіріле бастаған сәтке теңейді. Күннің көтеріліп, тас төбеге жетіп, екінті уақытына дейінгі жер бетіне шуағын молынан төгетін аралық жастық шақпен салыстырады. 

Расында солай. Тұтас адамның өмірі көрген түстей өте шығады десек, жастық шақ та  соның ішіндегі қысқа бір кезең. 18 бен 36 жастың аралығын жастық шақ деп алсақ, осы он сегіз жыл ішінде қартайғанда көретін зейнетінің қандай болатыны белгілі болмақ. Әдемі қартая ма, жоқ, сай-сүйегі сырқырап, күші тасып тұрған кезіндегі түрлі қателіктерінің зардабын тарта ма? Бұған мысалды алыстан іздеп керек емес. Маңайымызда келместің кемесіне замандасын мінгізіп, өзі де кезегін күтіп тұрған қариялар бар. Солардың жүріс-тұрысы, сөйлеген сөзінен-ақ өмірін қалай өткізгені көрініп тұрады.
Мәселен, салынып ішіп кетпесе де, арақ-шарапқа жақын немесе қанша жасқа келсе де Құдайын тани алмаған үлкен кісінің жас кезін қалай елестетуге болады? Тән тазалығын сақтап, алпыстан асса да, әр бермеген, әлі күнге бассейнде балықтай жүзіп, көшеде велосипед теуіп жүрген қарттардың жастық шағын қалай өткізгені айтпаса да түсінікті шығар. «Тәні саудың – жаны сау», «Тән тазалығы – жан тазалығы» дейміз, бірақ соған қаншалықты мән беріп жатырмыз, ол басқа мәселе. Аллаға құлшылық қылу былай тұрсын, түрлі жаман әдетпен дос болып, Оның берген аманатына қиянат жасап жатқанымызды ескермей, яғни,  денсаулығымызға зиян іс-әрекеттерді біле тұра әдетке айналдырамыз.
Құранда «Аср» атты үш-ақ аяттан тұратын сүре бар. Көне замандардағы Ислам ғұламалары бұл сүре қаншалық қысқа болса да мәні зор деп бағалаған. Осы сүреде Алла Тағала уақытқа, заманға серт беріп, күллі адам баласының зиянға ұшырап жатқанын, тек ол қатарға иман келтірген және ізгі амал істейтіндердің, сондай-ақ, ақиқат пен сабырды насихаттаушылардың кірмейтінін айтады. Жастық шақ – Жаратушы айтқан зиянға қарсы тұруға қарекет қылатын кезең. Егер жас шағыңызда рухани және физикалық дамуыңыз жүйелі болып, уақытыңыз сізге бағынса, қартайғанда қиналмауға болады. 
Атақты Халифа Омар ибн Хаттабтың (р.а.) «Уақыт алдаспан секілді, сен оны кеспесең, ол сені шауып түсіреді» дегені секілді уақыт адамға не зиянын, не пайдасын тигізеді. Адам баласында уақытты дұрыс, пайдалы өткізу және бос, пайдасыз өткізуге ғана мүмкіндік берілген. Үшінші жолы жоқ. Ендеше өмір жолындағы жастық шақ – мүмкіндіктер кезеңі. Қазір жиырмада болсаңыз, көзді ашып-жұмғанша отызға жетіп, арғы жағында қырықтың да белесі көрініп тұрады. Сондықтан «қолымды мезгілінен кеш сермедім» деп аһ ұрып қалмай, берілген нығметтерді уақытылы, жүйелі пайдаланып үлгеріңіз.
Жаман қасиеттердің ішінде жалқаулық – жас адамның нағыз қас жауы. Оны бірден жеңіп кетем деген адам сөзсіз жеңіліске ұшырайды. Егер ата-анасы бала кезінен жалқаулықтың алдын алған болса, жақсы нәрселерге әдеттену, уақытты тиімді өткізу оңай болады. Ал ондай тәрбие, белігілі бір тәртіппен балалық шағын өткізбеген жасөспірімге жалқаулықпен күрес қиындау болады. Бірақ мақсатын айқындап, қарекет қылса, желкедегі жауды төмен түсіріп жіберуге мүмкіндік бар. 
Абдулла ибн Аббас деген Ислам ғұламасы, атақты сахаба «Ғалымға ілім тек жас кезінде беріледі» деген екен. Жас кезінде алған білімнің тайға салған таңбадай, қандай заман өтсе де, өшпейтіні меңзеліп тұр. Білім ғана емес, адамның физикалық мүмкіндіктері де жас кезінде шыңдалып, үздік нәтижеге сол уақытта ғана қол жеткізе алады екен. Соның ішінде спорт жаттықтырушылары бес түрлі қасиет жас кезде қалыптасып, егде тартқанда қанша тырысса да, бұрынғы нәтижесін ғана қайталай алатынын айтады. Мәселен, Олимпиада ойындарындағы рекорд жасаушылардың дені отыз жасқа жетпегендер. Отыз жасқа дейін дамытып үлгеруге тиісті бес қасиет: иілгіштік, жылдамдық пен ептілік, күш-қуат пен төзімділік.
Қорыта келгенде, жалындаған жастық шақ – ойнап-күліп емес, ойланып өткізетін кезең. Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жеткен бір хадисте: «Жастардың ең жақсысы – ойын- күлкіге берілмей, ойлы, қарттарға ұқсағаны, ал кәрілердің ең жаманы – жеңілтектікке салынып, нәпсінің жетегіне кетіп, жастарға ұқсағысы келгені»  делінген. Түбі бір келетін қарттық дәуренге аман жету үшін, әдемі қартаю үшін, ақсақалды ата, ақжаулық әже болған уақытта қиналып қалмас үшін жастық шақты босқа өткізбеу керек. Өйткені жақсы істері көп қарт адамға қарағанда жас бола тұра уақытын босқа өткізбей, даналыққа жол бастаған мұсылман әлдеқайда артығырақ. 

Ермұрат ШОПАН,
ҚМДБ ғаламтор секторының маманы
Сурет ғаламтордан алынды

 

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» жартылай финалда

«Жетісу» жартылай финалда

26.04.2026
Дәстүрлі медицина дәруіш пе?

Дәстүрлі медицина дәруіш пе?

26.04.2026
Сән мен болмыс

Сән мен болмыс

26.04.2026
Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

26.04.2026
Болашаққа бала шақтың қандай әсері бар?

Болашаққа бала шақтың қандай әсері бар?

25.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.