Талдықорған: +9°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

БІЛІМ ҰЯСЫ ЖАҢАРДЫ

3 қыркүйек 2021
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Білім күнін Үштөбе қаласы А. Пушкин атындағы орта мектеп оқушылары мен ұстаздары күрделі жөндеуден өтіп, жаңа келбетке енген білім ордасында қарсы алды. «Кел, балалар, оқылық» атты салтанатты жиынға аудан әкімі Ерлан Исабеков, аудан әкімінің орынбасары Қайрат Қасымов, аудандық білім бөлімінің басшысы Қуат Оңғаров  қатысып, қуанышқа ортақтасты.


Биылғы оқу жылында аталған мектепте 275 оқушы оқитын болса, соның 25-і алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер. Шәкірттерге 36 ұстаз білім бермек. 

Салтанатты шарада А. Пушкин атындағы орта мектептің директоры Дархан Жұмаханұлы оқушылар мен ата-аналарды, ұстаздар қауымын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, күрделі жөндеуден өткен жарық әрі жайлы білім шаңырағында шәкірттер жақсы оқып, еліміздің абыройлы азаматы болуына тілектестік білдірді. 

Аудан әкімі Ерлан Исабеков алғашқы қоңырау салтанатында оқушылар мен ұстаздарға жүрекжарды лебізін жеткізді. 

– Баршаңызды Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бірінші қыркүйек – бәрімізге ортақ мереке. Екі жылға жуық онлайн форматта оқыған оқушылар бүгіннен бастап дәстүрлі түрде білім алатын болады. Жаңа оқу жылында 1-сыныпқа аудан бойынша 673 бала қабылданса, соның ішінде 25 оқушы осы мектептің табалдырығын аттады. 

Пушкин атындағы орта мектеп 1983 жылы салынған, 1200 бала оқуға мүмкіндік бар. Аталған мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, балалардың талапқа сай білім алуына барлық жағдай жасалған. Алдағы уақытта мектептің материалдық-техникалық базасы әлі де толықтырылатын болады, – деді аудан әкімі Ерлан Шойұлы. 

Осыдан соң білім табалдырығын жаңа аттаған 1-сынып оқушылары балдай тәтті тілдерімен тақпақ айтып, жақсы оқып, ұстаздар мен ата-аналардың сенімін ақтайтынын жеткізді. Аудан әкімі Ерлан Исабеков 1-сынып бүлдіршіндеріне «Әліппе» оқулығын табыс етті. 

Алғашқы қоңырау соғу құрметі 1-сынып оқушылары Әділ Қанағат пен Айару Ғалымбекке беріліп, сыңғырлаған күміс қоңырау үні әуеледі. Оқушылар күрделі жөндеуден өтіп, сәні мен салтанаты астасқан мектепке кіріп, жаңа парталарға жайғасты. 

Асхат Өмірбаев

Қатысты жаңалықтар

«Jetіsý» газетінің  2027 жылдың  бірінші  жарты  жылдығына  жазылу  бағасы

Бүгін, 18:16
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қалиақпаров Бауыржан Есболатұлы

Бүгін, 18:01
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Бүгін, 17:55
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Мейірбекова Раушан Білісбекқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Мейірбекова Раушан Білісбекқызы

Бүгін, 17:52
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің III форумында сөйлеген сөзі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің III форумында сөйлеген сөзі

Бүгін, 17:49

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.