Талдықорған: +23°C
$ 464.71
€ 531.26
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

СИҚЫРДЫҢ СИҚЫ

27.08.2021
КҮЛТӨБЕ
СИҚЫРДЫҢ СИҚЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қасиетті Құранды ашатын алғашқы «Фатиха» сүресінің бірінші аятында «ғәләмин» сөзі тұр. Бұл әлемдер дегенді білдіретін көпше сөз. Демек, адамзат әлемімен қатарлас, бізден жасырын – ғайып әлемдердің бары хақ. Олардың бірсыпырасы ғана мәлім, қалғандары құпия! Ал, оған сенім келтіру иманның бұлжытпас мүттәқин шарты әрі әрқайсысы әрқилы.


Ардақты Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыз аса қауіпті болған ұлы жеті күнәні біздерге тізбектеп берген. Олардың ішінде адам тағдырын тәлкекке салатын, өмірінің ойранын шығаратын көзбояушылық – сиқыр бірінші орында. Бұл зұлматпен айналысу мұсылман пенденің қолынан келе қоймас. Тек иманын Әзәзілге сатып, ата дінінен айырылып, тіпті, кәпірден төмен деңгейге  түскендердің қолынан ғана келеді. Негізінде, бұл адамзатқа сырттан жасалатын қастандық. Харут, Марут есімді періштелер үйреткен нәрсені жақсылық ниетпен де атқаруға болмайтын Алланың ұлы тыйымы. Сиқыршылық Мұса (ғ.с.) пайғамбар тұсында өркендеп, кейін құлдилаған. Сол себепті, барлық дінде мұнымен айналысқандарды аямай жазалаған. Алайда, түп-тамырымен қияметке дейін жалғасатын осы жауыздық мұсылман арасында жиі кездесіп, келіндер қайын жұртына, достар бір-біріне, әйел еріне, кәсіпкер серіктестеріне қолданатын болды.

Шариғи тілде өз болмысын өзгерту үшін жынға, шайтанға қайырылу сиқыр делінеді. Бүгіннің кей адамдары бұл іске жақсы атау беріп, «Ақ магия» дейді. Бірақ, атын өзгерткенмен заты мәңгілік өзгермейтін, адамды адамға жарастыру, бір-біріне жақсы көрсету, қарызын қайтарту үшін жасалса да харам дүние саналады. Жалпы сиқырмен дуалау, жын ұру, көз тию дегендер имансыздықтан бастау алады. Қызғаныш оның түртпегі, қаражат оның ілмегі. Бүгінде осы бір кесапат кесірмен айналысушылардың саны көбейсе, оған жүгінушілердің қатары азаймай тұр. Құранның бірнеше аяты мен сүрелері бұл жөнінде хабар береді. Мысалы, Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымызды да сиқырлаған. Оның (с.ғ.с) хадисінде көп адамның көз тиюден өлетіндігі айтылса, адамды қабірге, хайуанды қазанға түсіретінін де айтқан. Көз тию бар, ол ақиқат. Қазақта «Көз тиеді, көз тимесе сөз тиеді» дейді. Яғни, «көзі өткір» жандардың да, жындардың да сұқтана қарауы адамға өтеді. Көз тиюдің қатарына адамның рухани құлазуы, құлықсыздығы, бедеулігі, түсік тастау жиілігі, жұмысының жүрмеуі, себепсізден себепсіз жылауы, бет-жүздің қараюы не сарғаюы, жалғыздықты сүюі, ешбір нәрседен ләззат алмауы, барлық мәселеде тұрақсыздығы, бір аурудың асқынуы, емі табылмауы, сырқаттың ұзауы, жүректің қысылуы, тым қатты есінеуі яки кекіруі сынды дерттер жатады. Осының бәрі адамды толықтай өзгертеді. Яғни жүйкесі сыр береді, рухани құлазиды, жалқауланады, ашушаң келеді, өз-өзіне сөйлейді, орынсыз күледі, дірілдеп, қалшылдайды, түбінде өз-өзіне қол жұмсауына алып баруына әбден ықтимал кесел. Әрі мұның ең үлкен белгісі адамның себепсіз үнемі сұлқ құлай беруі. Түнде бастырылу, қорқыныш пен үрейлі түстер көру, биіктен құлау, ит, мысық көру, лас нәрсені (түсінде) жеп ішу, қашу, қылқыну, буыну ұдайы көрініп, не түс, не өңі екендігінен белгісіз күйге түседі. Бұл белгілердің басым көпшілігі әркімде әрқалай сипатта болуы мүмкін. Тек, ең жоғары дәрежеге жеткенде  түстегі қорқынышы өңіне айналып, елестерді нақты күндізгідей көретін болады. Дегенмен, ең негізгісі дәстүрлі медицинаға қайырылып, ем-домдық кәсіби дәрігердің көмегі болмағанда, яки табылмағанда ғана күмәнға алынып, тиісті шараларға кезек күттірмеу қажет. Жалпы, бұл рухани кеселден емделудің екі жолы көрсетілген. Біріншісі, қасиетті Құранның ұлы дұғаларымен айығу болса, екіншісі дәл сондай сиқыршының үлкенірегіне бару. Екінші жолға шариғат тыйым салады.

Аурулар екіге бөлінеді, дене және рух. Сол рух кеселіне жын әлемінің тікелей әсері бар. Бұл қасіреттен сақтанудың негізгі жолы мыналар: саф таза ақида (сенім) ұстану арқылы жаратқан жалғыз Аллаға иманы мен үміті нық болу, күнә атаулыдан алыс болу, әуретті жердің жабық жүруі, бірде-бір жаратылысқа нақақтан (әдейілеп) жазықсыз зияндық көрсетпеу. Ұдайы ғұсыл дәретпен таза жүру, құлшылық жасау, сүннет дұға-тілектерге сүйену. Қатты қуану мен қайғыда өз-өзін жоғалтпау, сабыр сақтау және көпшілік жамағатпен бірге болу.

Бүгінде сиқыр мен дұға, көз тию себептерінен кейбір жүздерді қайғы шалған, отбасыларды үрей ұялаған, санадан алжасқан, шаңырағынан өздеріне мүлде тиесілі болмаған заттар мен түйіншіктер табылып жатқан жағдаяттар көп. Тіпті, зират басында, қабір жанында, марқұмның құлпытасында тесіліп, жыртылған, кескіленген суреттердің, әр нәрселердің табылып жатқандығы көптің алаңдаушылығын туғызуда. Бұл анық сиқыр. Сапырылысқан бақсы-балгер, көріпкелдер, жол ашушылар осы сиқыр, жын әлемінің әскері. Олардың қара қойлары мен тауықтары, маңдай мен қабырғаға жаққан қандары сиқырдың элементтері. Зират-моланың топырағы, тұз бен шекер, ине шаншылған қуыршақтың баршасы осы ұлы апатты күнәнің аспаптары. Мұндай күпірлікпен айналысқандардың өзі  тұқымымен қоса зардап шегетіндігін баса айта тұрып, оларға қайырылып, көмек сұраудың өзі опық жегізетін имансыз, қарабет қылық екендігін еске салғым келеді. Дегенмен, қорыққанға қос көрінгендей, әр нәрседен үрейлене бермеу керек. Ала жіп пен инеден, шырпы мен шүберектен үркімей, жалғыз Жасаған Алла Тағалаға тәуекел етіп, иманымызды кемелдендіруге шақырамын.

Нұрлан қажы Байжігітұлы,
дінтанушы, имам

 

Қатысты жаңалықтар

Нияз Жантілеуов. «Жетісу» кез келген өзгеріске дайын

Нияз Жантілеуов. «Жетісу» кез келген өзгеріске дайын

12.07.2026
Кел, балалар, оқылық

Кел, балалар, оқылық

12.07.2026
Ата-ана, саған айтам…

Ата-ана, саған айтам…

12.07.2026
Өзгенің мүлкін «меншіктеген»

Өзгенің мүлкін «меншіктеген»

12.07.2026
ISMA. Қайрат. Талант.

ISMA. Қайрат. Талант.

12.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.