Талдықорған: +26°C
$ 464.71
€ 531.26
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ ҚАЖЕТ

27.08.2021
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Жалпы діни экстремизмнің негізгі тамыры – бұл сауатсыздық. Діни сауатсыздық дінді түсінбеуге, ал дінді дұрыс түсінбеу адасушылық пен қате-кемшіліктерге алып келетіні айдан анық. Осы орайда, дiни экстремизммен күресте ең маңызды қадам бұл дiни сауаттылықты арттыру екендiгi даусыз. 


Дiни сауатты болу үшiн белгiлi бiр дiни оқу орнын бiтiру шарт емес. Ол ұлттық тарихты білу, дәстүрімізді зерттеу және әлемдiк деңгейдегi үрдiстерден хабардар болудан тұрады. Яғни, өз Отанын сүю мен дәстүрiн ұстану, тарихын қастерлеу – дiни сауаттылықтың бiр қыры. Өйткенi тарихына үңiлген кез келген адам қазақ халқында өзге елдi жаулау, басқа ұлт пен дiндi кемсiту секiлдi көрiнiстердiң орын алмағандығын көре алар едi.

Қазіргі замандағы адамдардың ең әлсіз тұсы – білімсіздік пен ғылым үйренуге деген құлшыныстың жоқтығы. Дін дегеніміз осы екен деп көсемдерінің сөзіне иланған жастар ақ-қарасын ажыратып жатпастан соқыр сеніммен адасуға жол беруде. «Өзің білме, білгеннің тілін алма» деген сөзді қазақ халқы қарғыстың ең ауыры деп те жатады. Сол бір сауатсыздықтың кесірінен қазіргі таңда ғаламтор желісі арқылы да өздерінің түйсігі қатаймаған жасөспірімдерді жат ағымның жолына оңай бұрмалап алуда. 

Елбасы Н. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында: «Біз бұқара санасындағы діншілдіктің артуына әзір болуымыз керек, онда тұрған қатерлі ештеңе жоқ. Жалпы дін өздігінен өнегелі ақиқаттан бөтен ештеңе үйретпейді. Жалғыз-ақ, бізге қауіп төндіретіні діни біліміміздің деңгейі онша жоғары болмай отырғаны», – дейді. Ең алдымен, экстремистік және террористік ұйымдар ғаламторды желі қолданушыларының әлі қалыптасып үлгермеген санасына тез ықпал ету үшін пайдаланады. Яғни, олардың негізгі нысанасы әлеуметтік жағдайы мен дүниеге деген көзқарасы толық қалыптаспаған жастар екендігі айқын. Әсіресе, жастар ғаламторға қатты сенім артып, барлық мәліметтерді сол жерден таба алатынына күмән келтірмейді. Олардың үлкен қатерлерге апарып соқтыратын зияндылығын ескерусіз қалдырып жатады. Мысалы, деструктивті діни ағымның жeтегінде кеткендердің 88% пайызына осы әлеуметтік желі әсер еткені белгілі. Әлбетте, ғаламторды қолданбаңыз деуден аулақпыз. Алайда ақ пен қараны ажырата алатындай білім ізденгеніміз дұрыс деп ойлаймын. 

«Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» демекші, қазіргі таңда діни білім алу үшін шетел асып оқудың да қажеті жоқ. Сапалы діни білім алуда Қазақстанның да мүмкіндігі жоғары екенін білуіміз керек.   Елбасы Н. Назарбаевтың тікелей ықпал етуімен Алматыда «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университеті ашылған. Сонымен қатар, діни білім беретін исламдық бағыттағы 6 медресе, 3 медресе-колледж деңгейіндегі арнайы орта білім беру орындары, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,  Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,  Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті және Қ. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеттері «дінтану», «исламтану», «теология» мамандықтары бойынша кадрлар даярлауда.

Қорыта келгенде «Білім – бақтың жібермейтін қазығы, білімсіз бақ – әлдекімнің азығы» демекші, әрбіріміз сауатты болу үшін білім алуға міндеттіміз. Зайырлы біліммен қатар діни білім алу да маңызды. Әр адам жан-жақты болуға талпынса, көштен қалмасы анық. Қазіргі бой салыстыратын емес, ой салыстыратын заманда дамыған елдермен тереземіз тең болуы үшін білімді де сауатты болуға ұмтылайық!

Айбар ЕРАСЫЛ,
«Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті 
ағым ұстанушыларын оңалту орталығының» 
бөлім бастығы

Қатысты жаңалықтар

Нияз Жантілеуов. «Жетісу» кез келген өзгеріске дайын

Нияз Жантілеуов. «Жетісу» кез келген өзгеріске дайын

12.07.2026
Кел, балалар, оқылық

Кел, балалар, оқылық

12.07.2026
Ата-ана, саған айтам…

Ата-ана, саған айтам…

12.07.2026
Өзгенің мүлкін «меншіктеген»

Өзгенің мүлкін «меншіктеген»

12.07.2026
ISMA. Қайрат. Талант.

ISMA. Қайрат. Талант.

12.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.