Талдықорған: +10°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫН САРАЛАДЫ

25 тамыз 2021
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

«Jetіsý Medıa» ақпарат алаңында өткен кезекті брифингте облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Сәуле Қабимолдаева жаңа оқу жылына дайындық барысын саралау мақсатында мектептерге жүргізілген мониторинг қорытындысын жариялады.


ҚР Білім және ғылым министрінің тапсырмасы негізінде облыстың 760 мемлекеттік жалпы білім беретін мектебіне мониторинг жүргізілді. Кешенді тексерісте жекелеген мәселелердің бар екені анықталды. Атап айтар болсақ, әрбір 5-ші мектепте спортзал жоқ, өйткені ол мектептер бейімделген ғимаратта орналасқан. Мектептердің үштен бір бөлігі МЖМБС-на сәйкес оқу кабинеттерімен жабдықталмаған, жартысынан көбінде химия, биология, физика пәндері бойынша оқу бағдарламасының практикалық бөлігін орындауға арналған жабдықтар жетіспейді.

Жергілікті атқарушы органдар тарапынан апатты жағдайдағы және үшауысымды мектептерді жою бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанына қарамастан облысымызда әлі де 49 үшауысымды және 3 апатты жағдайдағы мектеп жұмыс істейді.

Балалардың қауіпсіздігін сақтауда медициналық қызмет көрсету мен тамақтануды ұйымдастыру маңызды мәселе болып табылады. Бұл ретте облыс мектептерінің медициналық қызметке лицензиялары бар немесе денсаулық сақтау ұйымдарымен шарттар жасалған. Мектептердің 86 пайызы тамақтану орнымен қамтылған. Қалған 14 пайызында контингенттің аздығына байланысты жалға алушылар болмағандықтан асхана немесе буфет жұмыс істемейді.

Барлық мектеп бейнебақылау қондырғыларымен жабдықталған. Күрделі жөндеуге байланысты 9 мектепте, жаңа ғимарат құрылысының аяқталуына байланысты бір мектепте, ағымдағы жөндеуден кейінгі жұмыстардың себебінен 2 мектепте бейнебақылау уақытша жоқ.

Бейнебақылау жүйелерінің автоматтандырылған режимдегі жұмысына, бейнекамераларды жедел басқару орталығының жүйелеріне немесе аумақтық полиция органдарына қосуға қатысты кемшіліктер бар. Бұл бағытта білім беруді басқару және ішкі істер органдарымен бірлескен жұмыс жүріп жатыр.

Биыл 19 мектеп күрделі жөндеуден өтуде. Ескелді ауданының Рүстембеков атындағы орта мектебінде күрделі жөндеу жұмысы аяқталды. Оқу жылының басталуына дейін 9 мектепте күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. 

Бүгінгі таңда күрделі жөндеу немесе жаңа ғимараттың құрылысы жүргізіліп жатқан 8 мектеп интернет желісіне қосылмаған, – деді Сәуле Нұраханқызы.

Сондай-ақ, департамент басшысы биыл педагогтарды жұмысқа қабылдау тәртібіне өзгерістер енгізіліп жатқанын да атап өтті. Енді педагогтар жұмысқа конкурстық негізде қабылданады. Жоғары оқу орнын педагогикалық мамандық бойынша бітірген түлектер мектепте кешенді тест тапсырады. Білім сапасын сырттай бағалау ретінде білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестация өтеді және оқушылардың функционалдық сауаттылығын анықтау мақсатында білім алушының оқу жетістігіне мониторинг жүргізіледі. 

Жергілікті атқарушы органдар департамент тарапынан мониторинг нәтижелері туралы уақытылы хабардар етіліп тұратынын, осы орайда мектептер бойынша ахуал толық баяндалған 30-ға жуық хат жолданғанын жеткізген баяндамашы баспасөз мәслихаты соңында журналистер сауалдарына жауап берді.

Алма ТОПАНТАЙҚЫЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Мейірбекова Раушан Білісбекқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Мейірбекова Раушан Білісбекқызы

Бүгін, 17:52
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің III форумында сөйлеген сөзі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің III форумында сөйлеген сөзі

Бүгін, 17:49
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Есенбеков Алмат Асхатұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Есенбеков Алмат Асхатұлы

Бүгін, 17:49
«Заң мен Тәртіп»: Президент Конституция құндылықтары мен жауапкершілікті атап өтті

«Заң мен Тәртіп»: Президент Конституция құндылықтары мен жауапкершілікті атап өтті

Бүгін, 17:41
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Көкебаев Қайрат Төребайұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Көкебаев Қайрат Төребайұлы

Бүгін, 17:36

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.