Талдықорған: +22°C
$ 464.71
€ 531.26
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

КӨМЕЙІНЕ ҚАРА ӨЛЕҢ ҰЯЛАҒАН

23.08.2021
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Ақиық ақын Мұқағалидың нағашы жұрты – Сүйіндіктерді ақындар ордасы деуге болады. Байшығаннан, Көдектен бері қарай санағанда бұл елдегі ақындардың қатары 15-тен асып жығылады. Солардың бір шоғыры – ақын әжелер. Атақты Абылай ханның ұрпағы Тезек төренің сарайында би атанып сөз, батыр болып қол бастаған Жайнақ батырдың есімі Албан, Суанға түгел мәлім. Жайнақтың 5 баласының біреуі Солтанқұл қажы.  Кезінде оның есімі ел арасында құрметпен аталатын. 


Бай десе бай, 1300 жылқы біткен, мырзалығы мұнда жоқ. Күнделікті тірлік, тұрмысына ел қызығады екен. Өйткені, ол ауылын өзгеше ұстаған. Байлықты емес, барлықты маңсұқ еткен, халыққа қайырымдылығымен танылған, өнер атаулыға құштарлығымен көзге түскен екен. Өткен ғасырдың басында Солтанқұлдың ауылынан 3 ақын апа, әже дараланып шықса, мұның өзі Солтанқұл байдың атақ-даңқын асырмаса, бәсеңдетпеген. Ақын әжелердің біреуі ол кісінің өз әйелі. Екіншісі інісі Ыбырайымбайдың, үшіншісі немересі Таубалдының қосақтары екен. 

Әңгімені ақын әжелердің үлкенінен бастайық. Аты – Зарауқа. Жастайынан өлеңнің туын тіккен тума талант. Қыз кезінде ол кісіні ауылдас әпкесі Сейділдә ақын ілестіріп алып, айтысады екен. Сейділдә ақын Көдек ақынның әкесі Байшығанмен айтысқан. Онымен бір емес, бірнеше мәрте жыр сайысына түсіп, бүткіл елді тамсандырған. Мұндай айтыстар Зарауқаның өнер өлкесіндегі талап, талантын тағалай түскен. Зарауқа өңді, ақылды жан екен. Жүріс-тұрысының өзі көңіл аудартатын көрінеді. Ел ішіндегі жаңалық, жақсылыққа, басқа да әртүрлі жағдайларға көңіл аударып, құлақ түріп жүретін Солтанқұл Зарауқа жайлы естіп, біліп, айттырып отасқан екен. Өнер атаулыға, өнерпаз жандарға көңілі құлап жүретін асыл азамат Зарауқаны аялап ұстайды. Көбінде соның ауылында болады. Оған арнап қолайлы жерден келістіріп, үй-жай салдырады. Қасына қос-қостан киіз үй тіктіреді. Ал Зарауқа болса, бірте-бірте Айт ауылының көз қуанышына, көркіне айналады. Солтанқұл қажыға сәлем бере, қонақтай келетін жақсы жайсандар мен ақын-жыршылар бұл ауылға келген сайын сый-сияпаттарына риза қош боп аттанып жатады екен. Осы арқылы Солтанқұл мен Зарауқаның бір-біріне деген сүйіспеншілігі, ықылас ілтипаты ел аузына ілінеді. Зарауқа әжеміз Солтанқұл ауылына келін болып келгеннен кейін той-томалақ кезінде келіндерінің біреуін ертіп алып өлең айтып жүргенімен әлде кімдермен арнайы айтысқа түспеген екен. «Неге айтыспайсыз?» дегендерге: – Айтыста әртүрлі жағдайлар болады. Әр алуан әңгімелер айтылады. Өлең-сөзде тиек болмайды ғой. Бірде болмаса бірде әлде біреулер бас иемізге тіл тигізіп кетуі ғажап емес. Егер ондай жағдай бола қалса мен ел бетіне қайтып қараймын, ұят емес пе?, – дейді екен. Зарауқа уәдесінде тұрып, өл-өлгенше бас иесі Солтанқұлды, кейін оның аруағын сыйлаумен, құрметтеумен өтті. Осылайша ақын әжеміздің артында жатталған өлең үлгілері қалмағанымен, жаны сұлу ақын әженің ел-жұртқа, өзінен кейінгі келін-кепшіктеріне сызып беріп кеткен жақсы үлгісі қалды. Сүмбе ауылының батыс жағында Солтанқұлмен Зарауқаның үй-жай салынған жері бір ғасырдан бері Зарауқа сайы деп аталып келеді. Бұдан да көп нәрсені аңғаруға болады. 

Солтанқұл қажының ауылында Зарауқамен бірге ақындығымен алқапқа танылған үлкенді-кішілі екі Әсел болған. Әселдің үлкені бірыңғай айтыс өлеңдерімен, кішісі әншілігімен қоса ақындығымен де танылған екен. 

Үлкен Әселдің күйеуі Ыбырайымбай әкесі Солтанқұлдың ақылымен асыл тұқымды жылқы өсіріпті.  Алыс елдерден арғымақ айғырлар әкеліп, үйір-үйір жылқы сатып алып, ол заманда елге бейтаныс кәсіппен айналысқан. Нәтижесінде асыл тұқымды жылқының санын 1000-нан асырған. Осы кезде 1928 жылы малы түгелдей кәмпескіленіп, өзі Сібірге айдалып, із-түзсіз кеткен. 

Осы үйдегі Әсел әжеміз асқан өлеңші болып, айтыста ешкімді шақ келтірмепті. «Осының бір жеңілгенін көрсек деген жұрт Әселді бір сүріндірсе, Жұлмабай сүріндіреді» деп екеуін айтыстырудың амал-айласына көшеді. Жұлмабай қайын ағасының құры екен. Жасы сексенде. Мұны естіген Әсел абдырып қалып, қайын енесі Зарауқаға ақыл салады. – Қайын ағалығын біле тұрып, ұятын беліне байлап, айтысам десе, тайынба, айтыс. Ол бәдік айтыс жасауы мүмкін. Айтарыңды жұптай жүр деп енесі ақыл береді. Ал Жұлмабай болса, «айтыспаймын ұят болады» деп ат-тонын ала қашқанымен желіккен жұрт қоя ма, ақыры екеуін айтыстырып тынады. Қытайдағы Маңғұлкүре ауданының әдеби жылнамасында жарық көріп, бізге жеткен айтыс өлең жұрнағы Әсел апамыздың алымды-шалымды ақын екенін айғақтап тұр. 
Жұлмабай:              
–    Мінемін ел көшкенде Қатаңбелді,
Ел жайлар бекінісіп шатаң жерді.
Шырағым айналайын, тәтті келін,
Өзіңмен айтысуға атаң келді.
Қасыңа келмеймін деп ойлап едім,
Қу кемпір тақымына ашаң келді.
Әсел:                      
– Еш адам айтысуға бата алмайды,
Бет алған жан қасымнан кете алмайды.
Тіліңді кесірленбей тарт, ататай,
Кәрі тазы қоянға жете алмайды.
Жұлмабай:            
– Удан-будан, келінім, удан-будан,
Өтпейді бүгелектеп жылқы судан.
Сен де тартқын тіліңді кесірленбей,
Бозша қаншық секілді қоян қуған.
Әсел:                      
–  Жоғарғы біздің ауыл жотадағы,
Таққан үкі жарасар ботадағы,
Тіліңді кесірленбей тартқын, ата,
Кәртең айғыр секілді соқадағы.
Жұлмабай:             
– Жоғарғы біздің ауыл саладағы,
Таққан үкі жарасар баладағы.
Байқап сөйле, келінжан, кесірленбей,
Секілді кәрі байтал мамадағы.
Әсел:                      
– Сұлудың екі көзі күлімдейді,
Ұйықтасам шіркін көзім ілінбейді,
Кісіні шайтан малғұн түрткеннен соң,
Пенденің кәрі-жасы білінбейді. 
– Әй, қу балалар-ай, айтыспаймын десем бой бермедіңдер. Абыройым барында кетейін. Жеңілеріме көзім жетті, – деп 84 жастағы қария орнынан тұрып кеткен екен. Бұл туралы Текес ауданының халық өлең жырларында жарияланып Жәлел Айдарханұлы арқылы бізге жеткен.

Кіші Әсел он алтыншы жылғы Албан көтерілісінің қаһарманы. Бегдайыр батырдың, атақты ақын Көдектің “Албанда жігіт бар еді, Бегдайырдай ардақты” деп, Қарқара көтерілісі кезіндегі ерлігін мадақтап жалпақ жұртқа жарсалатын жаужүрек Бекдайырдың келіні. Сол кісінің Таубалды деген баласы Сазталғардағы Құмар деген Дулаттың ақын қызы Әселмен некелесіпті. Ол әжеміз өртті өлеңдері, бүгінге дейін ел ішінде айтылып қалатын әзіл-қалжыңға толы жырлармен, жекелеген айтыстармен көптің көкейінде қалған. 1916 жылғы қанды қырғын, үркін, төңкеріс, жаңа үкіметтің орнауы сияқты тарихи кезеңдер ақын ананы ширықтырып, өлең-жырларына, өзек болған. 

Кіммен айтысыпты дегенде, алдымен Кәдірбек ақынның есімі аталды. Ол кісі бұл жақта болыстыққа сайлауға түсіп, өрдегі Албан арасына барғанда да ат үстінен түспеген Құрман, Құрман ата ішінде Майлыбаста. Мен Нарынқол аудандық газетте табан аудармай   31 жыл жұмыс істегенде, пікірлес, ниеттес болып, жақсы сыйласқан жігіттерімнің бірі Сақан осы Кәдірбектің баласы еді. Ұзақ жыл құрылыста жұмыс істеп, кейіндеп қырыққа жақындағанда, қара өлеңді қарша боратты. Тілінің қышымасы бар екен, әзіл-оспаққа толы, сатираларымен де елді елең еткізді. 15-20 жылдық көлемінде 5-6 кітап шығарып, кейіннен Алматыдағы ақындар тобына қосылып, танымал болып алды,  сол батырым менің ақындығым әкемнен қалған сарқыт қой дейтін. Әкем марқұм “Бұл өлең мені жадылап алған” дейді екен. Ал әкесінің айтыстары туралы сұрасаң: “Әсел деген ақынмен айтысқаны туралы естігем” дейді де темекісін түтіндетеді. “Әсел деген кім екен?” – деймін мен. “Ол жағынан ұяттымын. Өте күшті ақын болыпты дейді ақынның ақын баласы”. “Әкеңнің Әселге айтқан бірауыз өлеңін білесің бе?” десем, Сақаным тағы иығын көтереді. Ауылдың мырзасы болып шіреніп жүріп, ештеменің байыбына бармаппын, ит екенбіз ғой деді де байыз таппай, орнынан тұрып кетті.

Мұндай өкініш маған да ортақ. Ел ішінен шыққан есті кісілерден, Оралбек, Серікбай, Ақылбай ағалардың әңгімелерінен Әсел ақын жайлы еміс-еміс естігенім бар еді, қазбалап түртіп алмаппын. Көңілімнің көзін атағы Алашқа жеткен Көдек әкем ашты. 
–  Дулатым-ай!
Дулатымның өлеңді зулатуы-ай!
Жігіттердің барлығын ығыстырып,
Қырандай отыр екен қыр басында-ай!
Құрметіңе, сыйыңа рахмет,
Жаманшылық көрмесін бір басың-ай! 
Міне, Көдек ақынның Әселге берген сипаттамасы, бағасы. Бұл өлең қашан, қайда айтылғаны анық емес. Бір білетініміз, Көкең бұл ауылмен аралас-құралас жүргендіктен Әселдің ақындық алымын тап басып тұрғаны байқалады. Әселмен оның күйеуі Таубалды бұл жақта Сүмбе маңында, ол жақта Ұзынбұлақтың құйғанындағы Қарағайлысайда ғұмыр кешкен. Қаракөктің тұқымына қызын беріп, құда болған Құмар қария да бекер адам болмаған-ау.

Әсел ауыл үйдің өлеңшісі емес, иісі Албан елінің атақты ақын келіні болып елге танылған. Жоғарыда атап айтқанымыздай, оның даңғыл жүйрік ретінде тез және толық танылуына төркін-төсі мен келген жерінің атақ-даңқының да ықпалы болуы бек мүмкін. Өз заманында Солтанқұл қажының ауылы, азаматтары салауатты, сән-салтанатты тұрмыс кешкен. Олар байлықты мансұқ етіп отыра бермей, бекзат тірлікке бір табан жақын жүрген. Әсел келін болып түскеннен бетінен қақпаған. Сондықтан ол кіммен айтысса да, өлеңді көсілте сілтеп, қарсыласын уысында ұстауға ұмтылған. Оның бозымның бозжорғасы атанған Кәдірбекпен айтысуы мұны айқындап береді. Үзінді келтірейік. Жиырмасыншы жылдардың ішінде Кәдірбек болыс сайлауға түсіп, жеңіліп қалған. Әсел оны және жыртысын жыртқан бірсыпыра ел кісілерін өлеңнің өткір тілімен түйреп тастайды. 
Әсел:              
– Кәдірбек, Алдаберген, Байдалысың, 
Битіман сен орыстың тайғанысың, 
Жаратып бөрте байтақ мініп жүрген, 
Тағайың қайда қалған байлауышың. 
Таласып тар кезеңде жүр деуші еді, 
Былтырғы қалай өтті сайлау ісің? 

Найзаға қызу жалау саптағансың, 
Ел жиып Қарқарада қақсағансың. 
Шынжырың жеті атаңнан үзілмеген, 
Бұзауын Тұңғатардың бақпағансың. 
Кедейге екі тоқты тарат десе, 
Біреуін өзің ептеп ап қағансың. 
Осындай арадағы жемеңгерлік, 
Несіне азамат боп мақтанасын, – деп әріптесіне қара өлеңнің қанжарын қадап , оның бұлтағының жолын кесіп тасаған екен. 

Арада ала-шапқын уақыттар өтіп, екі жағы да Қытай жеріне барып тұрақтайды. Жайнақ ауылында тарихи тағылымы бар әңгімелердің майын тамызатын, шежіреші өлеңші Ақылбай ағамыз болыпты. Сол кісінің айтуы бойынша, Кәдірбек пен Әсел Қытай жерінде тағы бір айтыс салған екен. 
Кәдірбек:               
 – Әсел-ау жақсы болды кезіккенің, 
Сені іздеп талай жерді кезіп келдім. 
Өлеңмен мауқымды бір басшы құрбым,
Кет ары демесіңді сезіп келдім, – деп түпкі дәмесін жасырмайды.
Әсел:                      
– Сүйіндікпін төркінім Дулат болар,
Бос сөзді қаламаймын ұзақ-сонар.
Бай ауылы дегенді білесің бе, 
Байқап сөйле, өзіңе қымбат болар, – деп сөз тастайды. “Бұл жолы екеуі де қызыл сөзге салынбай, жаны жаралғылы айтыс жасаған” дейтін Ақылбай ағам. 
Әсел ақын туралы пайым, байламды ой сандыққа қонақтата тұрып, Көдектің көсемдігіне тағы жүгінейік. Көдек 1933 жылы Қызай елінің шонжары, батыры, биі Сасанның ауылына барады. Ауыл басы Мақсұт жоқ екен. Көкең Сасан ауылында деген үлкен толғауын жазып, ауыл кісілерінен беріп кетеді. Өлең десе жанжүрегі үзіліп тұратын жұрт өлеңді көшіріп, жаттап алады. Мақсұт еліне келген соң оны байқап, хатшысы, ақын Таңжарықты шақырып алып, Көдекке қаратып хат жібереді. Хатта Албан елін “қашқын” деп кемсіту тұрғысындағы сөздер, Таңжарықтың  “Мен Албанның Қойдым ақының айтыста жеңіп кеткенмін” деген лепірмелері Көдектің ашу-ызасын тудырып, Мақсұтқа жауап хат жазады. Қойдым мен айтысты деп елді жамандаған Таңжарықтың ақындығына: «Өлеңі бір-екі ауыз бар көрінді, Жылқының үш аяқты жорғасындай. Сарыны серпініне жуықтамай, Бағдарын кете алмаған дәл басып» деп сыни сипаттама береді. «Ақыннан ел таныған Әсел ғана, бұл оның келе алмайды далдасын-ай. Кезікпей қаршығаға жүр екенсің, Тоғайдың қорғалаған қарғасындай, – деп алдымен Әселді алдыға салып, соңына қарай Таңжарықтың жанында өзінің қандай ақын екенін сездіріп, сескентіп тастайды. 

ір сөзбен түйіндегенде Әсел әжеміз заманының озық ойлы, от ауызды ақыны екен. Өткен ғасырдың жиырмасыншы, отызыншы жылдары Албан елінде, әйел затында одан мықты ақын болмаған. Әсел 1901 жылы Сазталғарда туып, 1945 жылы Ұзынбұлақтың Қарағайлы сайында (ҚХР) қайтыс болған. Қазір ақын ана ұрпақтарынан Әбдіқасым мен Әбдіманап балалары бір ауылды жан. Араларында өлеңге олжа салғандар да бар көрінеді. Шіркін, не жақсы, бәрінен де бар жақсы! Ақын әже аруағын көтеріп, алға оза беріңдер. Олардан өнер үлгісі жапырақ жая берсе, қазақтың қара өлеңінің қадыры арта түседі.

    Дәулет Желдікбаев, 
ардагер журналист,  Райымбек және Талғар аудандарының Құрметті азаматы

Қатысты жаңалықтар

Нияз Жантілеуов. «Жетісу» кез келген өзгеріске дайын

Нияз Жантілеуов. «Жетісу» кез келген өзгеріске дайын

12.07.2026
Кел, балалар, оқылық

Кел, балалар, оқылық

12.07.2026
Ата-ана, саған айтам…

Ата-ана, саған айтам…

12.07.2026
Өзгенің мүлкін «меншіктеген»

Өзгенің мүлкін «меншіктеген»

12.07.2026
ISMA. Қайрат. Талант.

ISMA. Қайрат. Талант.

12.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.