Талдықорған: +38°C
$ 479.26
€ 546.21
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ӘДІЛ БАҒА БЕРДІК ПЕ? МҰҚАҒАЛИ МЕН МҰҚАТАЙ ТУРАЛЫ ЖАҢА ДЕРЕКТЕР

23.08.2021
РУХАНИЯТ
ӘДІЛ БАҒА БЕРДІК ПЕ? МҰҚАҒАЛИ МЕН МҰҚАТАЙ ТУРАЛЫ ЖАҢА ДЕРЕКТЕР
WhatsAppTelegramFacebook

Әсіресе, өнер мен әдебиет саласындағы азаматтардың тағдыр-талайында, өмір кешу жолдарында көп ел біле бермейтін жұмбақ, сырлары болады. Бүгінгі әңгімеміз әйгілі ақын Мұқағали Мақатаев пен Мұқатай Жылқайдарұлы жайлы болмақ.

Кіндік қаны Райымбек ауданының Сарыжаз ауылында кесілген Мұқатайдың жастық шағы бұрынғы Нарынқол ауданындағы «Советтік шегара» аудандық газетінде Мұқағалимен қатар басталғанын бүгінгі ұрпақ білмеуі мүмкін.  Мұқаңнан 5-6 жас кіші Мұқатайдың отты ақынмен жастай араласқанын ауызекі әңгімелерден естіп қаламыз. Жетімдікті ерте бастан кешкен Жылқайдарұлы Мұқағалидың ерен ақын екенін жастайынан сезіп, біліп, танып, бас иіп өткенін дәлелдейтін біраз деректерді ортаға салсақ артық болмас.

1960 жылдардың басында аталған аудандық газетте тілші болып жүрген Мұқатай жоғары оқу орнына кеткенде Мұқағали ағасы газетке қызметке тұрған екен. Содан бастап екеуінің шығармашылық жолдағы тағдыры аралас-құралас болғаны бұған дейін көп айтылмай келіпті. Алматыдағы №12 мектеп-интернатында оқуын тамамдаған Мұқатай алдымен Нарынқол, Кеген аудандық газеттерінде, одан кейін басқа бірнеше облыстардың басылымдарында тілші болғанын да күні бүгінге дейін біз білген жоқпыз. Мұқағали ақынның 90 жылдық мерейтойында ол жастық шағында кімдермен араласты, біз білмейтін деректер қандай деген сауалдарға жауап іздегеніміз рас.

Сондай бір кезеңде Нарынқол мен Кеген ауданының тумасы, белгілі әдебиет зерттеушісі, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық университетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы құрастырып шығарған «Мұқатай Жылқайдарұлы» деген екі томдық кітап қолымызға тиді. Бірінші кітапта Мұқатайдың бұрын ішінара көпшілік оқымаған өлеңдері мен бұрын беймәлім болған жырлары жарық көрсе, екінші томында жас кезінде аудандық газеттерде, басқа да облыстардағы басылымдарда жарық көрген туындылары топтастырылған екен.

Сонда байқағанымыз – Қазақстанның қай қиырында жүрсе де Мұқағалидың ақындық даралығын, жүзден жүйрік қаламгерлігін, ұлты мен ұрпағын сүйген үлкен жүректі ерен тұлға екенін бөлекше бағалағаны көрініп тұрады. Ұлы Абай туған өңірдің тумасы, абайтанушы Төкен Ибрагимовқа жазған хаттарында ақын ағасы Мұқаң туралы жүрек сырлары жан-жақты айтылады. Әйгілі сыншы болмаса да  өкшебасар інісі ретінде Мұқағалиға деген танымын, бағалауын қалың оқырманға нақты дәлелдермен ұқтыруға тырысады. Мұқағали ақынның таза шығармашылықпен аз айналысса да өндіре жазғанын, ұлтының тағдырын, ұрпағының болашағын қалай дәл болжағанын, өзге ақындарға ұқсамайтын бөлекше үрдіс пен әр жүрекке құнарлы сөзбен жеткізетін ерекшелігін айтып кеткен Мұқатай Жылқайдарұлының танымдық баға беруін біз де білмейді екенбіз. Ол бір жазбасында  былай деп ақтарылады:

– Расы, Мұқағали ірі шығармаларын өндіре жазып, бар-жоғы 15 жылдай еңбек етті. Анығын айтсақ, ірі дүниелерін оқырмандарға 30 жасында ұсынып, 45 жасында өмірден озды. Осыған кейбіреулер сенбейді. Шын талант болмаса, соңына осыншама ғажап дүниелерді ұлты үшін, ұрпағы үшін, сөз қадірін білетін қазақ үшін мәңгілікке қалдыру оңай ма?

Мұқатайдың тағдырына көз салсаңыз, жоғары оқу орнына түсіп, оны аяқтамай кеткен адамның өз бетімен ізденуі, өзін-өзі әдебиет әлемінде толықтыруы, өзін өзге мықтылармен салыстыруы, намысын жанып, ақындық қуатын қамшылауы адамды таңғалдырады.

– «Оқыған сайын шикілігімді аша беремін, тағы да оқу керегін сезінемін!» – дейді Мұқатай бір жазбасында. Демек, ол да Мұқағалимен тағдырлас. Батыс, шығыс әдебиетін іздеп оқып, талдап, тәлім алғаны байқалады.

Әдебиет әлемінің сарабдал сыншысы, ел таныған қаламгер Асқар Сүлейменов, Зейнолла Серікқалиев, Өтежан Нұрғалиев секілді арда азаматтардың еңбегіне қарапайым Мұқатайдың берген әділ бағасын оқығанда таңғаласыз, таңырқайсыз. Тағдыры бұлың-бұлың жолдармен өткен, жетімдіктің бейнетін жастай көрген Мұқатай ақын, кейбіреулер айтатындай, сейіл серуенмен ғұмыр кешпеген. Ол оқыған, көңілге тоқыған екен. Ізденген екен. Таланттарды тани білген екен. Өз жүрегімен ақын ретінде бағасын да берген екен. Соны біз күні бүгінге дейін білдік пе? Мұқатайға әділ баға бере алдық па?

Сағатбек Медеубеков құрастырып шығарған екі томдық кітапты оқып шықсаңыз, Мұқағали мен Мұқатайға қатысты біраз деректерге қанық боласыз. Хантәңірінің етегінде туған екі талантты ақынның тарпаң тағдыры жайлы біле жүрген артық болмас деп, бүгінгі және болашақ ұрпаққа аз-кем сыр шаштық. Біріміз жайлы біріміз білгенімізді айта жүрсек деген ниетпен жазылған дүние еді бұл.

Айтақын ӘБДІҚАЛ,

ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,

Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты, мұқағалитанушы

Қатысты жаңалықтар

Мемлекеттік басқарудағы жасанды интеллект

Мемлекеттік басқарудағы жасанды интеллект

02.07.2026
Құмды жерге гүл екті

Құмды жерге гүл екті

02.07.2026
Дастан Сатпаев «Челси» сапында жаттығуды ерте бастады

Дастан Сатпаев «Челси» сапында жаттығуды ерте бастады

02.07.2026
Конституция – ел дамуының кепілі – Ербол Мырзабосынов

Конституция – ел дамуының кепілі – Ербол Мырзабосынов

02.07.2026
Жетісу тарландары топ жарды

Жетісу тарландары топ жарды

02.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.