Талдықорған: +34°C
$ 464.71
€ 531.26
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

САХНА ҮШІН ЖАРАЛҒАН

20.08.2021
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Тұла бойы өнер дейтін құдіретке тұнып тұрса да бір қалыптан аспайтын, біреуден ерекшеленіп көзге түсуге ұмтылмайтын Ғалия Шахарбаеваны былайғы көпшілік біле бермейді.


Ғалия Ахметжанқызы 1983 жылы Панфилов ауданының Кішішыған ауылында дүниеге келген. Қарапайым әрі көпбалалы отбасында өскен Ғалияның кішкентай кезінен ән мен күйге ықыласы зор болған. Жарқын мінезі мен айналасына деген сыйластығы әкесіне, ал тұла бойындағы өнері анасына тартқан екен. Қарапайым еңбек иесі ретінде танылған Ахметжан ағамыз еңбекқорлығымен әрбір баласының білім алуына жағдай жасаса, Сайрамхан анамыз үйдің берекесін келтіріп, әуелетіп ән салғанды жаны ұнатқан.

– Жан дүнием ән салып тұратын сияқты. Әдемі саз сыртымда да, ішімде де тұнып тұрғандай сезінемін. Ананың ақ сүтімен берілген ән құдіретін жаныңнан сылып тастау мүмкін емес екен, – деген Ғалия сөзінің жаны бар шығар. Анасының бойындағы дара құдіреті ғана емес, Жамбыл облыстық музыкалық колледжінде алған білімі де әсер етпей қоймасы анық.

Ғалияның өнер әлеміне келуінің өзі бір тарих. Шамамен 1996-1997 жылдары қазақтың әйгілі кескіндемешісі, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі – Әбілхан Қастеевтің мерейтойы туған жерінде (қазіргі Панфилов ауданының Шежін ауылы) тойланады. Ғалияның әкесі Ахметжан ағамыздың жұмысы тойдың өтуіне атсалысып, бір аптаға жуық уақыт ұйымдастырушылар қатарынан көрінеді. Мектеп қабырғасында оқитын Ғалия да әкесімен ере жүріп, жан-жақтан келген қонақтардың алдында ән салып, барша жұртқа өнерін паш етеді. ҚР Мемлекет қайраткері, академик, профессор, көп жылдар бойы елімізде лауазымды қызметтерді атқарған Қуаныш Сұлтанов ағамыз да қонақтар арасында болып, кішкентай Ғалияның өнерін жоғары бағалайды. Қуаныш Сұлтанұлы бүлдіршін Ғалияның өнерінің өркендеуін қатты қалап, әкесінің жұмысындағы басшыларына қыздың бағын байламай, талантына қолдау көрсетуіне өтініш білдіреді.

Келесі жылы қайраткердің өтінішін арқалап, әкесі мен анасы Ғалияны Талдықорған қаласындағы  Д. Рақышев атындағы мектеп-интернатына оқуға әкеледі. Жасөспірім Ғалия мектеп-интернат қабырғасында домбыра мен қобыз үйірмелеріне қатысып, түрлі байқауларда өнер көрсете бастайды.

2000 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетіне оқуға түседі. Атақты композитор Серікжамал Әжібекованың жетекшілігімен өнер әлеміне қадам басады. Талабы таудай Ғалия университет қабырғасында «Құлагер» ансамблінде алғашқы еңбек жолын бастайды. 2004 жылы оқу ордасын «Музыка және ән» мамандығы бойынша тамамдайды. Ерекше сазды даусының арқасында білім ордасында 2008 жылға дейін қызмет атқарады.

Сахнаны кие санайтын Ғалия Ахметжанқызы өнер мен өмір мектебін сабақтастыру мақсатында 2009 жылы Ескелді ауданына қарасты Қайнарлы ауылдық округінің Мәдениет үйіне әдіскер қызметіне ауысады. Ал 2016 жылы қызмет бабындағы ауысым тәртібі бойынша Ақын Сара ауылдық округі Мәдениет үйінің директоры болып тағайындалады.

Әнші Ғалия жұмыс тәртібімен ғана қызмет атқарып қоймай, аудан мен облыс көлемінде өтетін барлық іс-шараға белсене атсалысады. Сонымен қатар, жеке шығармашылығын дамытуға да арнайы уақыт бөліп, бүгінгі күні ауыз толтырып айтатын жетістіктерге жете білген. Ескелді ауданының әкімдігі, Талдықорған қаласының мәдениет бөлімі мен облыстық мәдениет, ішкі саясат басқармаларының, «Жетісу» телеарнасы мен «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филалының Алғыс хаттарымен, дипломдарымен бірнеше дүркін марапатталған.

Байқауларға келетін болсақ, 2010 жылы Ш. Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» атты облыстық әншілер байқауында ІІ дәрежелі дипломмен, 2012 жылы «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» облыстық байқауында арнайы дипломмен, 2016 жылы «Егеменді елдігім – Тәуелсіздік теңдігім» байқауында үздік өнері үшін Алматы облысы әкімінің дипломымен  марапатталды.

Жеке дауыста ғана емес, топта да бой көрсетіп жүретін Ғалияның бұл қырынан да жетістікері мол. 2017 жылы «Ретро Жетісу» атты облыстық вокалды-аспаптар ансамблі фестивалінің «Радуга» вокалды-аспаптар ансамблінде өнер көрсетсе, 2019 жылдары «Самғау» квартетінің мүшелігінде болып, ақиық ақын М. Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндерді орындаушылар арасында өткізілген «Жырлайды жүрек» байқауында бас жүлдені жеңіп алады. Дәл осы жылы М. Егінбаевтың шығармашылығына арналған «Сәйгүлік» атты республикалық әншілер байқауына қатысып, арнайы диплом мен ақшалай сертификатқа ие болған.

Бүгінде Ғалияның репертуарындағы  «Қазақ аруы», «Ана мен сәби», «Астана вальсі» әндері тыңдарманның ыстық ықыласына бөленген. Осы уақытқа дейін Ғалия Ахметжанқызы жеке шығармашылығы тұрғысынан аудан мен облыс көлемінде ұйымдастырылып жатқан тікелей эфирлер мен бағдарламаларға үзбей қатысып, «Қазақ радиосы» мен «Шалқар» радиоларына да шақырту алып, өнерін барша қазақ жұртының алдында паш еткен.

Өнерге келуге қабілет керек болса, оның мерейін көтеруге дарын қажет. Киелі сахна үшін ерекше дарын, ешкімге ұқсамайтын дара дауыс, үздіксіз еңбекті арқалап келе жатқан Ғалия Шахарбаева күрделі өнерді бар жан-тәнімен терең меңгеріп жүр. Талай қиындықпен бетпе-бет келген кезде өнерпаз жүрегінің қайсарлығы мен тынымсыз төгілген тердің арқасында мәнді, сәнді, мағыналы, мазмұнды ғұмыр кешуде. Маңдайға біткен бармақтай бақ шын дарынның жұлдызын әлі де жарқыратады деп сенеміз. Себебі, Ғалия – сахна үшін жаралған жан.

Зейнегүл ЖҰМАБЕКОВА
Ескелді ауданы

 

 

Қатысты жаңалықтар

Кел, балалар, оқылық

Кел, балалар, оқылық

12.07.2026
Ата-ана, саған айтам…

Ата-ана, саған айтам…

12.07.2026
Өзгенің мүлкін «меншіктеген»

Өзгенің мүлкін «меншіктеген»

12.07.2026
ISMA. Қайрат. Талант.

ISMA. Қайрат. Талант.

12.07.2026
Сенім мен әділет кепілі

Сенім мен әділет кепілі

12.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.