Талдықорған: +15°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

АЛМАТЫМЕН СЕРІКТЕС GATE CITY ҚАЛАСЫН ҮЛКЕН ӨЗГЕРІС КҮТІП ТҰР

10.08.2021
ЭКОНОМИКА
АЛМАТЫМЕН СЕРІКТЕС GATE CITY ҚАЛАСЫН ҮЛКЕН ӨЗГЕРІС КҮТІП ТҰР
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысы әкімдігі мен «BI Group» компаниясының еншілес ұйымдары бірлесе отырып, «GATE CITY» аумағында тұрғын үй кешендерімен қатар әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық нысандар салуды көздейтін жобаны іске асырады. Осы ретте облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат ТҰРЛАШОВ «BI Group» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізіп, аталмыш жоба жайында сөз қозғады. Соңында облыс әкімдігі мен «BI Group» компаниясы арасында меморандум жасалды. Бұл туралы «Жетісу» газетінің тілшісі хабарлады.

Кездесуде Лаззат Махатұлы сөз сөйлеп, аталған жобаның мақсат-міндетін түсіндірді.

— Өздеріңіз білетіндей, «GATE CITY» Алматы – Өскемен республикалық тас жолының Алматы – Қапшағай телімінде орналасатын, құрылымдық жағынан біріктірілген заманауи ақылды қала. Жобаның негізгі мақсаты – бизнестің қарқынды дамуына және халықтың жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасалған Алматы мегаполисінің жаңа ақылды қалаларын салу. Жалпы, жоба іске асырылған сәттен бастап, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы үлкен іс атқарылды. Осы бағыттағы жүйелі жұмысты одан әрі жалғастырып, бұдан да жақсы нәтижелерге бірлесіп қол жеткізуге болады. Аталған жоба облыс әкімдігі тарапынан үнемі назарда болып, тиісті қолдаулар көрсетіледі, – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.

Осыған байланысты компания өкілдері де өз ойларын ортаға салды. Бұдан соң қос тарап ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«BI Development Almaty» компаниясының бас директоры Айдос Мұқатаев жасалған меморандум бірлескен жұмыстардың ресми бастамасы екенін айтып, жобалау және эскиздерді дайындау жұмыстарының басталатынын құлаққағыс етті. Белгілі болғандай, 100 гектардан аса учаскеде 590 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй, үш мектеп, бірнеше балабақша, дәрігерлік амбулатория, басқа да нысандар салу жоспарлануда. Сондай-ақ, су қорғау белдеуінің аумағында саябақтар пайда болмақ.

«Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ мәліметінше, бұған дейін «Жетісу» ӘКК» тарапынан холдинг өкілдерімен бірнеше кездесу өтіп, онда жер учаскелерін беру мәселелері, жобаның экономикалық -техникалық жағдайы талқыланған.

Айта кетейік, Іле ауданында Үлкен Алматы айналма автокөлік жолының оңтүстігінде орналасқан «GATE CITY» серіктес қаласы тұжырымдамаға сәйкес инфрақұрылымы дамыған ақылды қала және қаржы-іскерлік, білім беру және ғылыми медициналық орталық, өнеркәсіптік, сауда-логистикалық хаб. Қаланың жалпы ауданы 134 гектарды құрайды.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

03.05.2026
Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

03.05.2026
Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

03.05.2026
Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

02.05.2026
Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

02.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.