Талдықорған: деректер жоқ
$ 474.47
€ 541.37
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ҚОЖЕКЕ ЕСІМІ ҚАЙТА БЕРІЛСЕ

31.07.2021
РУХАНИЯТ
ҚОЖЕКЕ ЕСІМІ ҚАЙТА БЕРІЛСЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ өнерінде өшпес із қалдырған, ғасырлар сүзгісінен өткен, Жетісу күйшілер көшінен ойып тұрып орын алатын алып тұлғалы Қожеке Назарұлының күйлерін ұрпаққа жеткізуде Текес балалар өнер мектебі ұстаздарының еңбегі айтарлықтай.

Текес балалар өнер мектебі ұжымы баба күйлерін аманаттай қабылдап, мектеп ұстаздарынан құралған фольклорлық ансамбльді Қожекенің «Ақтолқын» күйімен атады. Отыз жылдан астам Жетісу өңірі мен Райымбек ауданы сахнасында өнер көрсеткен «Ақтолқын» ансамблі «халықтық» атағын қорғаған облыстағы санаулы ансамбльдер қатарында. Ансамбльдің репертуарында Қожекенің онға жуық күйі бар.

Мектепте оқушылар арасында екі жылда бір рет «Қожеке ізбасарлары» атты байқау өткізу қолға алынған. Байқауда оқушылар Қожекенің бір күйін және өз қалауы бойынша бір күй орындайды.

2018 жылы «Қожеке ізбасарлары» атты байқаудың бас жүлдесін Мүсілім Ақжол, бірінші орынды Батырхан Мирас жеңіп алды. Өткен жылы осы байқаудың бас жүлдесін Асқар Алтынбек иеленді. Қожеке шығармашылығын насихаттауда «Фейсбук» желісі арқылы «Қожеке ізбасарлары» орындаған күйлерді көпшілік назарына ұсынып келеміз. 

1992 жылы Текестегі музыка мектебіне Қожекенің есімі берілген болатын. 1997 жылы өнер мектептерін мемлекет есебінен қаржыландыру тоқтатылғандықтан көпшілігі жабылып қалды. 2002 жылы мектептен тыс мекемелерді біртіндеп мемлекет есебінен қаржыландыра бастағанда біздің мектеп алыс ауданда тұрғандығына қарамастан алғашқылардың бірі болып бюджеттен қаржыландыруға кірді. Осы кезде облыс әкімі Ш. Құлмахановтың «Текес ауылындағы музыка мектебі балалар шығармашылығы орталығы болып қайта құрылсын» деген шешімі шықты. 2006 жылы аты өнер мектебі болып ауысты. Ендігі мақсат – мектебімізге Қожекенің есімін қайтарып алу.

Бұл мәселе 2019 жылдың 15 мамыры күні кезектен тыс өткен педагогикалық кеңес және ұжымдық жиналыста талқыланып, аудандық ономастика комиссиясына құжаттар дайындалып, сұраныстар берілген. Жеке тұлғаның атына есім беру бойынша мораторий жарияланып, біздің сұраныстарымыз жүзеге аспай жатыр. Осыған байланысты аруақты күйші Қожеке атамыздың есімінің мектебімізге қайта берілуіне облыс басшылығы, ономастикалық комиссия көмектессе деген өтінішіміз бар. Нарынқол топырағында өмір сүріп жатқан адамдар үшін Көдек, Албан Асан, Мұқағали Мақатаев, Сағат Әшімбаев, Бердібек Соқпақбаевтың есімі қаншалықты киелі, маңызды болса, сол сияқты Қожеке Назарұлы да күй өнерінің басында тұрған үлкен тұлға, өзіміздің Жетісу өңірінен шыққан ұлы күйші.

Революцияға дейін өмір сүрген, батыр болған мықты тұлға Қытай жеріне өтіп кеткен соң ұрпағының жоқтығынан аты аталмай қалды. Оның жарияланбай қалған шығармаларын Тілеужан Сақалов, Бексейіт Нүсіпбек алып келген еді. Осы кісілер Жетісу күй қоржынын Қожеке мұрасымен байытуға үлес қосты. Оның Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет күйлеріне деңгейлес күйші екенін дәлелдеді. 

Қожеке күйлерінде күйдің екі дәстүрі де бар. Төкпе күйін алсақ та, шертпе күйін алсақ та көркемдік деңгейі, әсемдік бояуы өз қалпын сақтап тұратынын аңғарамыз. Күйлерінің дені белгілі бір оқиғаларға құрылған, тыңдаушысын селт еткізбей қоймайды. Құрылысы мен оқиғаны суреттеуі де ерекше. Қожеке күйлерінен біз туған жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілікті, халық ауыз әдебиетіндегі аңыз-әңгімелерге, ертегілерге деген қызығушылықты, сол кезеңдегі әділетсіз кер заманның өнерге, өнер иесіне деген қысастығын көреміз. Ал әртүрлі сезімге, күрделі бояуға толы лирикалық шертпе күйлерін тыңдап отырып жан рахатына батамыз.

Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласынан туындайтын міндет – өз халқымыздың асыл мұраларын түгендеп, бүгінгі ұрпаққа аманаттау, соның ішінде еліміздің рухани дүниесіндегі «қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» жобасында Жетісу күйшілік өнерінің басында тұрған бабамызды ұлықтау. Мектепке баба атын берсек, күйші есімі мен мұрасын ұрпақ жадында мәңгі сақтауға үлес қосқанымыз болар еді. 

Клара Иманғазиева,
Текес ауылындағы балалар өнер мектебінің директоры
Райымбек ауданы

Қатысты жаңалықтар

Тұщы суды тоқтаусыз тұтынады

Тұщы суды тоқтаусыз тұтынады

02.07.2026
«Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

«Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

02.07.2026
Қазақстанда шағын және орта бизнеске арналған BusinessGO цифрлық экожүйесі іске қосылды

Қазақстанда шағын және орта бизнеске арналған BusinessGO цифрлық экожүйесі іске қосылды

02.07.2026
Кәсіп ашуды армандады

Кәсіп ашуды армандады

02.07.2026
Президент инвесторларға Қазақстанның басты артықшылығын атады

Президент инвесторларға Қазақстанның басты артықшылығын атады

02.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.