Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШ ФУТБОЛ КОМАНДАСЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТІП, КЕЛЕСІ КЕЗЕҢГЕ ШЫҚТЫ

31 шілде 2021
АЛТЫН ТҰҒЫР
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШ ФУТБОЛ КОМАНДАСЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТІП, КЕЛЕСІ КЕЗЕҢГЕ ШЫҚТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Футболдан конференция лигасының екінші іріктеу раундында өнер көрсеткен үш командамыз да жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтті. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Атап айтсақ «Астана» қарымта ойында грекиялық «Аристі» ұтса, қостанайлық «Тобыл» Хорватияның «Хайдук» командасын ойсырата жеңді. Ал қарағандылық «Шахтер» румыниялық «Стяуа» командасынан басым түсті.

Бірінші кездесуде елордалық команда қарсыластарын өз алаңында 2:0 есебімен тізе бүктірген еді. Бірақ Салоникте өткен ойында алаң иелері 36-ыншы (Димитрис Манос) және 78-інші минутта (Лукас Саша) гол соғып, астаналықтардың жетістігін қайталады. Осылайша ойынның негізгі уақыты 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Қуанышымызға орай, қосымша уақытта (овертайм) еліміздің командасы гол соғып, жеңісті жұлып алды. 121-нші минутта Энео Битри мергендігімен танылды.

Ал «Тобыл» өз алаңында Хорватияның «Хайдук» командасын 4:1 есебімен жеңді. Бірінші ойында «Хайдук» екі доп айырмасымен ұтты. Қостанайдағы ойынның алғашқы бөлігінде есеп ашылмағанымен екінші таймда 5 гол көрдік. Қостанайлықтардың сапынан 56-ыншы минутта Душан Йованчич гол соқты. Артынша Игорь Сергеев дубль жасады (61 және 67-минуттар). Қосымша уақытта қонақтар командасының ойыншысы Эмир Сахити есепті қысқартты. «Тобыл» жеңіске деген жігерінің арқасында қарсылас командасының саңлауын тапты. Ойынның 118-інші минутында Асхат Тағыберген «Тобылға» жеңіс сыйлады.

Қарағандылық «Шахтер» мен румыниялық «Стяуа» арасындағы кездесу тартысқа толы болды. Екі кездесудің қорытындысы бойынша (2:2) тең түскен қос команда жеңімпазды пенальти сериясында анықтады. Бұл сында кеншілер 5:3 есебімен жеңіске жетті.

Айдар НАЗАРҰЛЫ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

12 қараша 2026
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

12 қараша 2026
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

12 қараша 2026
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

12 қараша 2026
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

12 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.