Талдықорған: -7°C
$ 486.20
€ 557.82
₽ 6.00
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ҚАЗАҚСТАН СПОРТШЫЛАРЫ ТОКИО ТӨРІНДЕ ҮСТІ-ҮСТІНЕ ҰТЫЛЫП ЖАТЫР

28.07.2021
АЛТЫН ТҰҒЫР
ҚАЗАҚСТАН СПОРТШЫЛАРЫ ТОКИО ТӨРІНДЕ ҮСТІ-ҮСТІНЕ ҰТЫЛЫП ЖАТЫР
WhatsAppTelegramFacebook

Төрткүл әлем көз тіккен «Токио – 2020» Олимпиадасының кезекті жарыс күні аяқталды. Бірақ екі күннің қорытындысы бойынша ел қоржынына жүлде түспеді. Бұл туралы «Жетісу» газетінің тілшісі хабарлады.

Қазақ боксы құлдырады ма? Екі күнде бес бірдей былғары қолғап шеберіміздің жарыс жолынан шығып қалғаны көңілге қаяу түсіретіні анық. Ел қоржынында үш қола болса да сары алтынның сыңғырын боксшылар естіртеді деп сарғая күткеніміз жасырын емес. Бірақ сенім артқан өрендеріміз білгенінен жаңылып, жүлдеден қағылды.

Төрт Олимпиада (2000 – ­Ермахан Ибраимов, 2004 – Бақтияр Артаев, 2008 – Бақыт Сәрсекбаев, 2012 – Серік Сәпиев, 2016 –  Данияр Елеусінов) қатарынан 69 келі салмақта қазақ боксшылары қарсылас шақ келтірмей жеңістің желкенін көтеріп еді. Күрзі жұдырықты боксшыларымыз қарсыластарын қоғадай жапырған соң барша жұрт 69 келіні «қазақтың салмағы» деп атап кеткен болатын.

Өкінішке қарай, осы салмақта жұдырықтасқан Абылайхан Жүсіпов АҚШ спортшысы Деланте Джонсонға жол беріп, төрт Олимпиада қатарынан алтын алған «қазақ салмағының» үрдісін үзді. Ал Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, 91 келідегі қазақстандық Василий Левит бірінші кездесуінде-ақ Олимпиадамен қош айтысты. Жүлде алады деп үміт артқан Василий испаниялық Эммануэль Рейстен екінші раундта техникалық нокаутпен жеңілді. 57 келі салмақта өнер көрсеткен Серік Теміржанов та Токио төрінде сәтсіз өнер көрсетіп, жарыс жолынан шығып қалды. Жүлде алады деп сеніп отырған Бекзат Нұрдәулетовтің да бағы жанбады. 81 келіде өнер көрсеткен әлем чемпионы ресейлік Имам Хатаевқа есе жіберді.

Қыздар боксындағы жалғыз үмітіміз 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Надежда Рябец еді. Бірақ қазақстандық былғары қолғап шебері бірінші айналымда әлем біріншілігінің қола жүлдегері канадалық Тарама Тибодан айласын асыра алмады. Қалған спортшыларымызға сәттілік тілейміз.   

Біз үшін дзюдо да бір қоламен аяқталды. Жарыстың екінші күнінде-ақ қола жүлдеге қол салған Елдос Сметовтің жеңісті жолын ешкім жалғай алмады. Дидар Хамза 81 келіде монғол спортшысы Саид Моллайдан ұтылса, 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ислам Бозбаевтың әзірбайжандық Мамадәлі Мехдиевке шамасы жетпеді.

Су спортының көрсеткішіне де көңіл толмай тұр. Қазақстан құрамасы су добынан қатарынан екінші кездесуінде жеңілді. Бірінші турда Хорватиядан 7:23, екінші кезеңде Сербиядан 5:19 есебімен ойсырай ұтылды.

2016 жылы Риода топ жарған Дмитрий Баландин Олимпиада ойындарының жартылай финалынан әрі аса алмады. Ол 200 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзіп, тұғырдың жетінші сатысына тұрақтады.

Таеквондодан жарыс жолына шыққан Жансель Дениз алғашқы айналымда өзбек спортшысы Светлана Осипованы жеңгенімен екінші кезеңде британиялық Бианка Уолкденнен ұтылды. Ерлер арасында 80 келідегі Руслан Жапаров та алғашқы жекпе-жегінде Александер Бачманды жеңіп, ширек финалда Корея спортшысына есе жіберді.

Мергендер мүлт кетті. Ерлер арасында садақ атудан сынға түскен Денис Ганькин де 1/16 финалда итальяндық Мауро Неспелидің мықтылығын мойындады.

Ерлер арасында жалғыз қалған қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин де Олимпиадамен ерте қоштасты. Ол Беларусь спортшысы Илья Ивашкинмен кездесіп, 7:6, 3:6, 3:6 есебімен жеңілді.

Жалғыз қуанышты жаңалығымыз­ – қыздар арасында еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина хорват Донна Векичті (7:6, 6:4), испаниялық Гарбине Мугурусаны (7:5, 6:1) жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Айдар ҚАЛИЕВ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Онкологиялық аурулардан болатын өлім 14%-ға төмендеді

Онкологиялық аурулардан болатын өлім 14%-ға төмендеді

16.03.2026
Бұрынғы әкім қазір такси жүргізушісі болып жүр

Бұрынғы әкім қазір такси жүргізушісі болып жүр

16.03.2026
Референдум күні Қазақстанда 585 сәби дүниеге келді

Референдум күні Қазақстанда 585 сәби дүниеге келді

16.03.2026
Қазақстандағы банкроттық пен оңалту: Кәсіпкерлер құқығы қалай қорғалады?

Қазақстандағы банкроттық пен оңалту: Кәсіпкерлер құқығы қалай қорғалады?

16.03.2026
Шекарашы отбасылар арасында шығармашылық байқау өтті

Шекарашы отбасылар арасында шығармашылық байқау өтті

16.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.