Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

АЙДЫН АЙЫМБЕТОВ ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІ ТУРАЛЫ ӨЗ ПІКІРІН БІЛДІРДІ

13 шілде 2021
РУХАНИЯТ
АЙДЫН АЙЫМБЕТОВ ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІ ТУРАЛЫ ӨЗ ПІКІРІН БІЛДІРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Еліміз егемендік жолында небір бұралаң жолдармен жүріп, қилы кезеңдерді бастан өткерді. Соның бәрінде бірліктің үлгісін көрсетіп, азаттық жолында аянбады. Нәтижесінде, ұрпағымыз бейбіт күннің астында күліп-ойнап, мәз-мейрам болып жүр. Бізге аманат болған осынау егемендіктің қадірін келешек ұрпақ еш ұмытпауы тиіс.

Қазақстан – ғарышты бағындырған ел. Біздің тұсымыздағы бүлдіршіндердің, бізден кейінгі балалардың да арманы әуеден жер шарын тамашалау және аспандағы басқа да қызыққа толы «сиқырлы» әлемді көру болды. Ол әркімнің маңдайына жазыла бермейтін үлкен бақ. Ал ол бақ – тәуелсіз қазақтың баласына әлі талай бұйыратындығына сенемін. Өйткені, егемен еліміз сан салаға жол ашып, көптеген іске құлаш ұрды, білмекке ұмтылды.

Бүгінде қазақтың әр баласы білімді, өз ісінің шебері. Оның бәрі – тәуелсіздік жемісі. Ата-бабамыз осынау саналы ұрпақ үшін, олардың тыныш ұйқы, риясыз күлкісі үшін жанын қиып, маңдай терін төкті. Бізге аманат болған егемендіктің қадірін түсінсек, ел игілігі жолында еңбек істеп, оның нәтижесі оңынан болса – үлкен жетістік. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бүгінде Тәуелсіздік құрдастары ойы толысқан отыз жасқа толды. Егемен елде дүниеге келіп, өсіп-жетілген олардың санасы сергек, көзқарастары да, өмір салттары да өзгеше. Тіпті, Тәуелсіздікті ешбір дәлелді қажет етпейтін аксиома деп біледі. Бұл – егемендік ұғымы жастардың санасына берік орныққанын көрсететін қалыпты құбылыс. Бірақ Тәуелсіздік құндылығы жадына біржола шегеленіп, мәңгі сақталуы үшін өскелең ұрпақ оның қадірін білуі  керек», – дегені бар.

Қазақ ғарыш тарихы үшін үш қыран аз. Келешекте інілерімнің әуеден елге сәлем жолдап тұрғанын көргім келеді. Тәуелсіз ел тарландарының амбициясы мықты, білім көкжиегі кең. Сондықтан да олардың алар асуының да биік болатындығына сенімім мол!     

Айдын АЙЫМБЕТОВ,

Халық Қаһарманы, ғарышкер

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

12 қараша 2026
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

12 қараша 2026
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

12 қараша 2026
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

12 қараша 2026
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

12 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.