Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ҚАЗАҚ ТАРИХЫН БАЯНДАЙДЫ

30 маусым 2021
РУХАНИЯТ
ҚАЗАҚ ТАРИХЫН БАЯНДАЙДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«История цивилизации непокорной степи» – төрт кітаптан тұратын жинақ Жетісуға тікелей қатысты. Сонымен бірге, тас дәуірінен бастап ХХ ғасырға дейін ел мен жер тарихын баяндайтын, сондай-ақ, моңғолдардың дәуірлеген тұсына тоқталып, қазақтың «Жеті Жарғысын» жан-жақты талдаған материалдар жинақталған топтама. Жаңа кітап – қазақ тарихы мен мәдениетін кеңінен білгісі келетін оқырманға арналған. Кітап авторлары – Гүлнар Қапекова мен Мухамбедия Ақышев.

Талдықорғандағы Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітапханада өткен жинақтың тұсаукесерін облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Марлен Көлбаев жүргізді. Әуелі сөз алған тарихшы, журналист, кітапты құрастырушылардың бірі Мухамбедия Қоянбайұлы: 
– Жерлестеріңіз Гүлнар Қапекованың 45 жыл бойы жинаған мәліметтерін де негізге алдық. Кітапты қысқаша таныстырып өтсем, 1-томда тасқа қашалып жазылған жазбалар мен тарихи орындар жөнінде, 2-томда адамдардың тыныс-тіршілігі, жаугершілік заманындағы батырлардың ерліктері айтылса, 3-томда еліміздің ежелдегі өркениеті баяндалады. Бізді тек көшпелі халық деп қана қарайтындар бар, оларға өркениеттің бізден бастау алатынын нақты мәліметтермен көрсеттік. Мәселен, киіз үйдің өзі өркениеттің алды. Ал 4-томда ұлт-азаттық көтеріліске тоқталамыз, көп есімі атала бермейтін Бекболат Әшекеев жөнінде жан-жақты талдаймыз, – деді. 
Артынша кітап авторы Гүлнар Қапекова кітап жазудағы ізденісін, әр мәліметті зерттеу барысындағы оқиғасын, қызықтарымен бөлісті. Арнайы дайындап әкелген бейнебаяны арқылы тамыры терең тарихымызға кеңінен тоқталып өтті. Сөзінің соңында кітапты шығаруға көмек берген барша жандарға алғысын білдірді. 
Арнайы шақырылған қонақтар – мемлекет және қоғам қайраткері,  облыстың Құрметті азаматы Наурыз Қылышбаев пен «Огни Алатау» газетінің бас редакторы Атсәлім Идигов жылы лебіздерін білдіріп, кітапты қазақ шежіресін білу, тану бойынша қосылған үлкен еңбек деп атап өтті. Соңында кітаптың лентасын қиып, оқырманға ақжолтай тілекпен жолдады.   

Қали АСҚАР

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

12 қараша 2026
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

12 қараша 2026
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

12 қараша 2026
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

12 қараша 2026
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

12 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.