Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЖАС ТІЛШІ: «МАҚАЛАМ ШЫҚҚАН СӘТТЕ ТӨБЕМ КӨККЕ ЖЕТТІ»

30 маусым 2021
РУХАНИЯТ
ЖАС ТІЛШІ: «МАҚАЛАМ ШЫҚҚАН СӘТТЕ ТӨБЕМ КӨККЕ ЖЕТТІ»
WhatsAppTelegramFacebook

Тіл жансызды жандандырады, әлсізге күш береді, мықтыны ойсыратады… Иә, кішкентай кезімде теледидар экранынан тілшілердің жұмысына  көз салып, оларға кызыға қарап, тәтті қиялға батып, үлгі тұтушы едім. Ол кездерде мамандық таңдау дегенді білмедік те. Өсе келе, сол таңдау сәті келгенде «мамандық өмірлік сенің бейнең» деп өзіме жігер бере түстім. Айналамдағы адамдарға, қоғам дамуына  қолұшым тисін деген оймен жоғары оқу орны қабырғасынан тілшілік  жолына деген алғашқы қадамымды бастым. Көңілде қорқыныштан да  қызығушылық басым. Тілші мамандығының қыр-сырымен таныса түсіп, алғаш рет сұхбат алып, шыңдалу үрдісін бастадым. Осы бағыттағы талпынысым жаман емес, тәрізді. 

Талпынысымның тағы бір жарқын қадамына «Жетісу» газетінің ұжымы ықпал етті. «Жетісу» өзіндік қолтаңбасы, жүз жылдық тарихы бар толайым жетістіктер ауылынан қол бұлғаған ата басылым. 

Айтары көп ата басылым облыстық газеттер арасынан республикалық «Үркер» сыйлығына тұңғыш рет ие болған екен. Ал біз секілді жас талапкерлердің үркер шоқжұлдызы жымыңдаған биікке үміттене  қол созатынымыз анық. 

Маңдайында жұлдызы, бауырында үркері бар «Жетісу» газетінде практикалық жұмысты өткізу мен үшін үлкен мәртебе. Газетке алғаш келген кезімде сәл қобалжығаным рас. Мұндай үлкен ұжымды көрмеген бала жүрек толқып сала берді. Бірақ ғимарат ішіндегі жылулық келген жанды құшағына басатындай. Менмұндалап, қолыңнан жетелеп, бауырына басып әкететіндей. 

Осындай жылылық менің бойымдағы қорқынышты сейілтіп, газеттің тірлігіне еркін араласуға мүмкіндік берді. Редакция газет шығаратын мекеме ғана емес, нағыз талантты тұлғаны тәрбиелеп, бойыңды шабытқа толтырып шыңдайтын ұстахана. Билік пен бұқараның арасындағы алтын көпір ғана емес, жас журналистердің де жебеушісі екенін жете ұғындым. 

Бүкіл ойыңды жинақтап ақ бетіне түсіру – бұл ерекше сезім. Мың сөз, мың ойдың ішінен бүтін бір дүние құрап шығару, міне басты мақсат. 

Газет бетіне алғаш мақалам шыққан сәтте төбем көкке жетті.  Бұл мен үшін үлкен жетістік. Бүгінгі кіші қадам – ертеңгі биік белес. Меніңше, журналист басқаға ұқсамайтын, өзгелерден озық тұратын ерекше бекзада мамандық. Сондай-ақ БАҚ саласында қызмет етіп жатқан барлық тілші қауымын, мен тәрізді тілшілікке қол созған замандастарымды журналистер күнімен шын жүректен құттықтаймын!  Кәсіпке адалдық танытып, қоғамның дамуына үлес қосып, жаңа идеялар мен жобаларды жүзеге асыру жолында аянбай еңбек етейік.

Назым НҰРӘДІЛ, 
І. Жансүгіров атындағы ЖУ-дің 3-курс студенті 

Қатысты жаңалықтар

13 қарашада Қазақстан қалаларында ауа райы қандай болады?

13 қарашада Қазақстан қалаларында ауа райы қандай болады?

Бүгін, 08:47
Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

12 қараша 2026
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

12 қараша 2026
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

12 қараша 2026
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

12 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.