Талдықорған: +20°C
$ 474.47
€ 541.37
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

МЫЛТЫҚСЫЗ МАЙДАН: ДОСЫҢ ҚАЙСЫ, ДҰШПАНЫҢ КІМ?

29.06.2021
РУХАНИЯТ
МЫЛТЫҚСЫЗ МАЙДАН: ДОСЫҢ ҚАЙСЫ, ДҰШПАНЫҢ КІМ?
WhatsAppTelegramFacebook

Бес қаруы бойынан түспес баспасөздің басты борышының өзі ел-жұрттың көкейіндегі көп дүниені дөп баса тамыршыдай таба білуінде болса керек. Ал мұныңызға қалың ел қайырыла үн қатып, айтарыңыздың айдыны барған сайын кемерлене берсе, онда шын мәнінде, халықтық мінбер қалыптастыра алғандығымыз. Қай дәуірде де қоғам атаулы жөн-жосықты білер, шаруаның ретін табар саяси ұйымдарға, басшыларға да, тіпті олардың қосшыларына да зәру күй кешті. Қазақ қоғамы да мұның теперішін көріп-ақ келеді. Ғасырлар түнегінде басымыздан өткен небір зобалаң нәубеттер ащы сабақ болса, қанеки!


«Жол білген керуенге жалтақтамас» деген даналығымыз бар. Дәл қазір осынау қадірлі қағидатты қазақ журналистикасы табиғатымен қабыстырып отырған қалың елдің өзі. Ақиқат сөз! Ана бір жылы еліміздегі қазақ журналистикасы ұлттық партия рөлін атқарып отыр деген оң баға беріліп те қойған. Міне, бұл ұлттық журналистиканың өз келбетіне келуінің көрінісі! Алаш арыстары салған сара жолдың жаңғырығы! Сол дәстүр сабақтастығы арнасында замана талабына сай технологияларды барынша тиімді пайдалана отырып, жалпы қоғамның назарын сыздауықтай солқылдап тұрған соқталы мәселелерге аудара білу – әр журналистің азаматтық көзқарасы айшықтығымен бедерленеді. Бұл ауанда БАҚ кеңістігінде қаншама көкейтесті мақала, хабарлар тебіндеп, көпшілік талқылауына түсті десеңізші! «Жетісу» газеті қызметкерлерінің үлесі де атап айтарлықтай күйде. Мұны көзі қарақты оқырмандарымыз жақсы біледі. «Ұлт ұстыны», «Ұлт ұяты» айдарларымен оқырмандарын баурап алған құнды материалдарымыз күні бүгінге тұрақты беріліп келеді.

Жалпы, жақсылық атаулы халықтың ниетіне орай оралса керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев билікті қолға алысымен құлағы түрік мемлекет ұстанымын жерсіндірді. Қарапайымдылық пен зиялылық, мемлекетшілдік пен тұрақтылық, әділеттілік пен сабақтастық турасындағы берік ұстанымы ел сенімін арттырды. Қазіргі таңда Президентіміздің бастамасымен сатылай жүзеге асырылып жатқан саяси жылымықтар: саяси тұтқындардың түрмеден босауы, митингке рұқсат беру шешімі, партия шегінің төмендетілуі, сондай-ақ, «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау» комиссиясы, мемлекеттілігіміздің таза тарихын жазу бағдарламасы, жер мәселесі жөніндегі комиссия, латын қарпіне өтуге тән тапсырма, өзге де кезек күттірмес өзекті шаруалардың батыл қолға алынуы халқымыздың да, әлемдік қауымдастықтың да қызу қолдауына ие болып отыр. Демек, ұлттық журналистикамыз арқылы үкіленген халық үні жоғары билікке жетті деген сөз! Әрине, бұл арада Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің тындырған шаруасы да ұшан-теңіз!

Осылайша Отанымыз ғұмырнамасындағы тың бір бетбұрыс көпшілік белсенділігіне жол ашты. Құр шуылдақтардан нақ қолдап, құрылмақтар басым. Көңілді демдері де осы! Өйткені бір-біріне дес бермей, бөлшектенген тұсында халқымыздың қанға бояла жер қауып қалған кезеңдерін қалайша ұмытармыз! «Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деп, осыдан ғасырдан астам бұрын жанайқайға басқан Абай хакім шынында да әулие екен. Ендігі елдік қадам қазақ болып бір қолдың саласындай біртұтастанудан басталуы шарт! Бодандықтың қамыты әлдеқашан қаңсып қалса да, әлі күнге тәуелсіздік терезесінен сығалап жүргендер де баршылық. Көкірегіңе шерлі запыран қалай байланбасын мұндайда. Отарсыздануға от берер дерлік ұлт зиялылары әнеки екі-үш ауыз сөзден арыға бара алмай жүр. Қамығасың да айналаңнан қазақы рух шақырар бүгінгі күннің батырлары бар ма өзі, деп іздеп бағасың! Шынтуайтында, әлгі батырлар деп жүргеніміздің басым бөлігі нағыз демагогтар екендігіне көзіңіз жеткенде жігеріңіз одан әрмен жасиды. Қара саныңды сабалап, ой-ниет тазармай қоғамның күсі, көңілдің кірі қалай арылсын, деп қайталай өзіңді өзің жұбатып әлексің.

«Бетінің қызылы өзінің соры» демекші, асты-үсті бірдей кеніш жерімізге де, жиылып қорған, жайылып төсек болар ақпейілімізге де ынтығатындар аз емес. Әйтеуір қыбын тауып, сырттағылардың бәрі біздің ішімізге енуге әуес. Келсін-ақ дейсің, онысын місе тұтып жатса ғой, шіркіндер. Қой терісін жамылған жымысқылар тілдік, діндік, ділдік, мәдени, саяси-экономикалық, жәдігөйлік экспанциясын бастап жібереді мысықтабандап! Ал айырып көр, бұдан соң. Досың қайсы, дұшпаның кім? Өзгені айтасыз, бұл мылтықсыз майданда жоғары лауазымды қайсыбіреулердің өзі шатасып жүргенде қалың қазақ қай жағынан тықыр таянып қалғанын қайдан сезсін?! 

Сөздің қысқасы, жамандық атаулымен қай заман күресіп келеміз, күресіп келеміз, жағымыз талды, айта-айта! Соның бәріне түбегейлі де тұрлаулы кірісер шақ туды! Шегінерге жер жоқ. Артымызда – қасиетті Отан, киелі Жер, қара орман Халқымыз!

Кәсіби күніміз есік қақпай жатып-ақ,  газетіміздің ұжымын, жекелеген қарымды қызметкерлерімізді сөз қадірін өз қадірім деп ұғынар облыс, аудан, қалалардың, сондай-ақ басқармалар мен ұйымдардың басшылары,  Астана, Алматыдағы әріптестеріміз бен бір қауым оқырмандар құттықтап, үлкен қошемет білдірді. Ақ ниет, бата-тілектеріңізге мың қайтара алғыс айтамыз!

Әміре ӘРІН 

Қатысты жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Жетісуда жыл соңына дейін 121 мың көшет отырғызылады

«Таза Қазақстан»: Жетісуда жыл соңына дейін 121 мың көшет отырғызылады

03.07.2026
Қазақстанның саяси партиялары Құрылтай сайлауына дайын екенін мәлімдеді

Қазақстанның саяси партиялары Құрылтай сайлауына дайын екенін мәлімдеді

03.07.2026
Ел қорғау – қасиетті парыз

Құқықтық мемлекет жолындағы соны үдеріс

03.07.2026
Заң бәсекелестіктің артықшылығына айналуы тиіс: Бас прокуратура Инвесторларды қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысын бастады

Заң бәсекелестіктің артықшылығына айналуы тиіс: Бас прокуратура Инвесторларды қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысын бастады

03.07.2026
«Таза Қазақстан»  Президент бастамасы Конституцияда белгіленген негізгі қағидат ретінде жүзеге асырылып жатыр — Олжас Бектенов

«Таза Қазақстан» Президент бастамасы Конституцияда белгіленген негізгі қағидат ретінде жүзеге асырылып жатыр — Олжас Бектенов

03.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.