Талдықорған: +18°C
$ 474.47
€ 541.37
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЕРКЕЛЕ, КҮЛ, ОЙНА, МҰҢАЙМА! БҮГІН — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

01.06.2021
РУХАНИЯТ
ЕРКЕЛЕ, КҮЛ, ОЙНА, МҰҢАЙМА! БҮГІН - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ
WhatsAppTelegramFacebook

Сәлем, досым! Бақыттың не екенін білесің бе? Ол, әрине, сенің балалық шағың. Уайымсыз, ойын-күлкімен өткізіп жатқан шақтарың. Білемін, тезірек ержетіп үлкен болуды армандайсың. Бірақ есейген соң осы күндеріңді сағынатын боласың. Өйткені  адам өміріндегі ең тамаша кез – уайымсыз, қайғысыз сәби шақ. Бүгін мен де балалық шағымда басымнан өткен тәтті естеліктеріммен бөліскім келеді. Сенің жүзіңе күлкі ұялататынына сенімдімін.

Қызыл жаңбыр

Жаздың жылы кештерінің бірі еді, анам екеуміз таза ауамен тыныстайық деп далаға шықтық. Қателеспесем жасым алтыға таяп қалған кез, мен үшін айналадағының бәрі қызық. Күн батып бара жатқаннан аспан қызыл, күлгін түстерге боялып тұр екен. Көзім бірден аспанға түсті, қарап тұрып анашымнан:
– Анашым, аспан неге қып-қызыл? – деп сұрадым.
Анам маған күлімдей қарап:
– Қызыл жаңбыр жауғалы тұр, – деді. Қатты таңғалып, қызыл жаңбырды асыға күткенмін.

Әкешімнің тәттілері

Үйдің кенжесі болғандықтан өте қатты еркелеп өстім. Әсіресе, әкемнің «жекеменшігі» болатынмын. Кішкентай кезімде ата-анам жұмыстан кештеу келетін. Олар келгенше мен ұйықтап қалатындықтан әкешім маған алып келген тәттілерін жастығымның астына қойып кетеді екен. Таңертең ояна сала жастығымның астынан әкешім қойып кеткен тәтті шоколадтарды іздеймін. Егер болмай қалса, мені жұбату оңайға соқпайтын еді.
Ойыннан өрт шығады
Оқушымын. Бірінші сәуір – Күлкі күні болғандықтан біреуді алдау керек. Күні бойы ешкімді алдамаған едім. Кешқұрым үйдегілерді неге алдамасқа деген ой келді. Қорада буаз қой болатын. Үйдің есігін аша сала бар даусыммен «қой туып жатыр» деп айғайладым. Барлығы үйден атып шығып, қораға қарай жүгірді. Ал мен болсам, бәрін алдағаныма мәз болып тұрмын. Сол түні қой шынымен де туып, қозысын құтқара алмай қалдық. Сол сәттен бастап «ойыннан өрт шығады» деген сөздің мағынасын түсіндім.
***
Міне, осындай қуанышқа толы бақытты шағыңның әрбір сәттерін бағалай біл, жас дос! Өйткені, бұл керемет кезіңді әлі талай сағынатын боласың. Әр күніңді тек қуанышты етіп өткізуге тырыс. Еркеле, күл, ойна, мұңайма! Мұндай мүмкіндік бір-ақ рет беріледі. «Бақыт деген – сенің бала күндерің, бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің» деп Мұқағали атамыз айтпақшы, бақытсыз-ақ бақытты бол, балақай.

Шолпан БИҒОЖАНОВА,

Жетісу университетінің гуманитарлық факультеті журналистика мамандығының 3-курс студенті

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді

Ұлттық бірліктің өзегі

03.07.2026
Cу қауіпсіздігін нығайтатын 42 жаңа жоба іске асады

Cу қауіпсіздігін нығайтатын 42 жаңа жоба іске асады

03.07.2026
Нөсер жаңбыр, бұршақ және дауыл: Елдің басым бөлігінде ауа райы құбылады

Нөсер жаңбыр, бұршақ және дауыл: Елдің басым бөлігінде ауа райы құбылады

03.07.2026
Сарөзектегі су мәселесі: Ауыл елдің алғысы шексіз

Сарөзектегі су мәселесі: Ауыл елдің алғысы шексіз

03.07.2026
Елена Рыбакина Уимблдонның үшінші айналымына шықты

Елена Рыбакина Уимблдонның үшінші айналымына шықты

03.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.