Талдықорған: +19°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АЛАШ АРЫСТАРЫНЫҢ СҮЙЕГІ ЖАТҚАН ЕЛДІ МЕКЕНДЕ ҚАРАЛЫ ЖИЫН ӨТТІ

31.05.2021
КҮНДЕРЕК
АЛАШ АРЫСТАРЫНЫҢ СҮЙЕГІ ЖАТҚАН ЕЛДІ МЕКЕНДЕ ҚАРАЛЫ ЖИЫН ӨТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

31 мамыр – Қазақстан халқы үшін санадан өшпес, көкейден кетпес қаралы күн. Ұлт болашағы үшін бас көтеріп, кеудесін оққа тосқан Алаш арыстарын еске алып, ашаршылықтың құрбанына айналған сан миллион адамзаттың рухына тағзым ету – қоғамға ортақ парыз іс. Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, Жаңалықтағы мемориалға жұрт биыл да көп жиылып, ескерткішке гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Тарихқа таспаланған зобалаң жылдардың құрбандарын толық ақтау жұмыстарын ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі тапсырған болатын. 31 мамыр – азалы күнге байланысты Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Үндеуін жариялап, атылып кеткен арыстарды ел-жұрт болып мәңгілік есте сақтайтынымызды айтты.

Жаңалық ауылындағы қаралы жылдарды еске салатын еңселі ескерткіш басындағы қаралы митингте сөз алған Талғар ауданының әкімі Қайдар Әбдіханов:

— Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау, заңсыз қудаланған азаматтардың құқығын қалпына келтіру жұмыстары қанша уақыт өтсе де тоқтамауы тиіс. Жалпы, тарихшылар дерегіне сүйенсек, 1929-1953 жылдары Кеңес Одағында 40 миллионнан астам адам саяси қуғын-сүргін құрбаны болған. Солардың қатарында Алаш көсемдері де кеудесін оққа тосып, ажал құшты. Кінәсіз атылып, осы маңайдағы шұңқырларда беттері шала-шарпы жабыла салған сол аяулы арыстарымызды арулап қайта жерлегеніміз, бастарына белгі орнатып, жыл сайын дәл осы күні еске алып, тәу етуге жиналатынымызды бабалар алдындағы мәңгілік парызымыз деп білеміз. Ескерткіштің  жанынан арнайы мешіттің бой көтеруі бекер емес, осы жерде жерленген саяси қуғын-сүргін құрбандары мен жазықсыз жапа шеккен жандардың рухына құран бағыштап, еске алу біздің боздақтар алдындағы қасиетті борышымыз, – деп атап өтті.

Зобалаң жылдардың құрбаны болған Алаш зиялылары мен қоғам қайраткерлерінің ұрпақтары да ет жақындарының, халқымыздың бастан өткерген адам төзгісіз қиындықтарын тілге тиек етті және мұндай қайғы-қасіреттің қайталанбауын тіледі.

Қаралы жиын соңында аудан имамы әруақтарға арнап құран бағыштады.

Ұлбосын ИСАБЕК

Талғар ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Әділетті қоғамның алтын арқауы

Әділетті қоғамның алтын арқауы

04.07.2026
Қоныстойға келіңіздер!

Қоныстойға келіңіздер!

04.07.2026
Ұлттық домбыра күніне орай Қазақстанда 2000-нан астам мәдени іс-шара өтеді

Ұлттық домбыра күніне орай Қазақстанда 2000-нан астам мәдени іс-шара өтеді

04.07.2026
Арқа ауруы, миопия, диабет: Жастар арасында қандай дерттер көбейді?

Арқа ауруы, миопия, диабет: Жастар арасында қандай дерттер көбейді?

04.07.2026
Алакөлде тоғыз адамнан тұратын отбасы құтқарылды

Алакөлде тоғыз адамнан тұратын отбасы құтқарылды

04.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.