Талдықорған: +23°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

«ҚАМҚОР» ҚАМҚОРЛЫҒЫ

28.05.2021
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

«Әлеуметтік сала – мемлекеттің басым бағыттарының бірі және қай кезде болмасын бірінші кезекте тұруы тиіс» деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, бұл саланың жұмысы қашанда өзекті. Соған байланысты, бүгінгі күні әлеуметтік саланың әлеуеті артып, мемлекет тарапынан әлеуметтік сала қызметкерлеріне де көп көмек көрсетіліп келеді. Ағымдағы жылдан бастап жалақасы да, мәртебесі де өсу үстінде.


Әрине, елімізде мұндай жасалып жатқан оң өзгерістер әлеуметтік қызметкерлер жұмысын одан әрі жандануына үлкен септігін тигізуде. Десек те  «әлеуметтік қызметкер» дегенді бірі білсе, енді бірі біле бермейді. Әлеуметтік сала бойынша әлеуметтік қызметкерлердің атқарып жатқан жұмыстары орасан зор. Облысымыз бойынша осындай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекеменің бірі – «Қамқор» Талдықорған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы». 

Мекемеде 88 қызмет алушыға арнаулы- әлеуметтік қызметтің 8 түрі бойынша қызмет көрсетілуде. Орталықтағы тәрбиеленіп жатқан балалар бір отбасындай болып, бір-біріне үйренісіп кеткен. Сондай береке-бірліктің арқасында әр мерекені қалыс жібермей, тыңғылықты дайындалып, кез келген уақытта сырттан келген қонақтарымызға өз өнерін көрсетуді әдетке айналдырған. 

Мекеме балаларды өз отбасына қайтару мәселесімен де айналысып келеді. Соның нәтижесінде 2020 жыл мен 2021 жылдың І тоқсаны аралығында 7 бала өз отбасына қайтарылды. Сондай-ақ, 7 тәрбиеленушіміз Тараз қаласына отбасы тәрбиесіне жіберілді. Балаларды отбасы тәрбиесіне жіберу – біздердің басты жетістігіміз деп есептейміз.

«Қамқорлықтағылардың» денсаулық жағдайын жақсарту – біздің ең бірінші мақсатымыз болып саналады. Осы мақсатта жыл сайын тәрбиеленушілеріміз ЛФК, иппотерапия, физиотерапия сынды міндетті медициналық-сауықтыру қызметтерін алады. Сонымен бірге тәрбиеленушілермен дефектолог, логопед, психолог, еңбек нұсқаушы сынды арнайы мамандар жұмыс істейді. Бала мен дәрігердің бірлесе жұмыс істеуінің арқасында уақыт өте келе тәрбиеленушілердің дамуы, сөйлеуі, ортаға бейімделіп кетуі байқалады. 

Балалардың денсаулығы алдыңғы орында болғандықтан, тәрбиеленушілеріміздің бірегейін Алматы қалалық А. Сызғанов атындағы ұлттық-ғылыми хирургиялық орталығына, одан бөлек, С. Асфендияров атындағы «Ақсай» республикалық клиникалық балалар ауруханасында емдеуге, Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасында ота жасатуға барымызша атсалысамыз. 

Айта кетерлігі, әке-шешесі бар балалар бізде арнаулы әлеуметтік қызмет алып жатқанымен, ата-анасымен де қарым-қатынасын үзбейді. Тіпті, мекеме мамандары да ата-анамен тығыз байланыс орнатқан. Балалар да бейнеқоңырау арқылы хабарласып, сағыныштарын басып отырады. Бұл бала эмоциясының оң болуына әсер етеді. Тәрбиеленушінің көңіл-күйі көтеріңкі болса, денсаулығына да әсер беретіні сөзсіз. 

Спорт – денсаулық кепілі. Осы мақсатта республика, облыс, қала көлемінде өткізілетін әр жарыстан қалыс қалмай, тәрбиеленушілерімізді қатыстыруға тырысамыз. «Спешиал олимпикс» басшыларының ұйымдастыруымен өткізілетін әрбір жарыс біздің балаларсыз өтпейді десем қателеспеймін. Сонымен қатар, жыл сайын балалар мерекесінде қала көлемінде ұйымдастырылатын қолөнер бұйымдары жәрмеңкесінде біздің мекеме «Ең үздік қолөнер бұйымдары» Алғыс хатымен марапатталғанын атап өтуге болады. 

Тағдыр балаларымызға үлкен сынақ берсе де, мойымай, өмірге құштарлықтарының әр күн сайын арта түсетініне жоғарыда айтылған мысалдар үлкен дәлел болып табылады.

 «Өмірге наразылық танытқанша, мәнді өмір сүруге тырысыңыз» демекші, барымызды бағалап, қолымыздағыны аялай білейік.

Меруерт ЖИЕНБЕКОВА, 
«Қамқор» ТАӘҚКО КММ-нің 
директоры

 

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда домбыра дәріптелді

Жетісуда домбыра дәріптелді

05.07.2026
ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

05.07.2026
Жетісудың жауһары жарқыраған

Жетісудың жауһары жарқыраған

05.07.2026
Заң өзгерді, көзқарас ше?

Заң өзгерді, көзқарас ше?

05.07.2026
«Астана Опера» театрында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

«Астана Опера» театрында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

05.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.