Талдықорған: +24°C
$ 474.47
€ 541.37
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

СУРЕТШІЛЕР ДЕ ЖЫРЛАЙДЫ

25.05.2021
РУХАНИЯТ
СУРЕТШІЛЕР ДЕ ЖЫРЛАЙДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған шаралар Қарасаздан бастау алып, еліміздің түкпір-түкпірінде жалғасын табуда. Сондай тағылымды іс-шараның бірі – Алматы қаласында ашылған суретшілер көрмесі. Қылқалам шеберлері ақын поэзиясын сан түрлі бояумен бейнелеп, өнерсүйер қауымға паш етті.

Аталған көрмені Алматы қаласы мәдениет басқармасы мен ақын туған өлке Райымбек ауданының әкімдігі ұйымдастырды. Салтанатты ашылу рәсімі «Алматы галереясы» ғимаратының алдында өтті. Оған елімізге белгілі өнер және мәдениет қайраткерлері, қаламгерлер, ақынның ұрпақтары, жерлестері, қала тұрғындары қатысты.
Жұлдыз Мұқағалиұлы мен Халықаралық «Мақатаев» қорының төрайымы Бақытгүл Айдарова-Мақатайкеліні мұқағалитануға үлес қосқан суретшілердің игі істеріне ақын әулеті атынан алғыс айтты. Райымбек ауданы әкімінің орынбасары Ғалым Жусанбаев, ақын-жазушылар Бақыт Беделхан мен Дүйсен Мағлұмовтар ізгі лебіздерін арнады.
«Поэзия махаббаттан басталып, парасатпен аяқталуы керек» деп айтқан еді Мұқаң. Менің ойымша, ақын бұл жерде тек поэзияны ғана меңзеп отырған жоқ. Бүкіл дүние болмыс осындай сабақтастықта болса екен деп армандады. Ендеше, біз де Мұқағалидың мерейтойын кең ауқымда ұйымдастырып, оны тағылымды, парасатты шараларға ұластыруымыз қажет. Бүгінгі ашылып отырған қылқалам шеберлерінің көрмесі осы ойымыздың дәлелі, – деді Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Бақыт Беделхан.
Белгілі өнер қайраткері Шаяхмет Имашұлы ақынның жыр шумақтарын нақышына келтіріп жатқа оқыды. Мына бір сәйкестікке де таңғаласыз, аталған шара тура Жамбыл Жабаев ескерткішінің алдында өтті. Жыр алыбы Мұқағали баласының өлеңдерін тебірене тыңдап тұрғандай. Бұл көрініс көпшілікті ерекше әсерге бөледі.
Мұқағалидың арманы, таңғы шықтай мөлдіреген таза пәк сезімі, сағынышы, еліне, жеріне деген махаббаты – өмірді бояумен зерделеген суретшілер еңбегіне таптырмайтын құрал. Сондықтан қылқалам шеберлері де ақын рухымен сырласуға барынша ден қойған. Нәтижесінде сан алуан туындылар қылқаламмен жазылды. Бейнелеу өнерінде Мақатаевтың мәңгілік көші тоқтаусыз алға қарай жылжып барады, – деді «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Қазақ ұлттық педагогика университетінің Өнер, мәдениет және спорт институты директоры Тоққожа Қожағұлов.
Бұдан кейін жиналған қауым ғимарат ішіне еніп, көрмеге қойылған суреттерді тамашалады. Ақын поэзиясына алғашқылардың бірі болып, мойын бұрған белгілі график-суретші Темірхан Ордабеков екен. Белгілі себептермен ол кісі көрмеге келе алмапты. Есесіне, суреттері сөйлеп тұр. Оның «Реквием», «Жоқтау», «Суық күз» және тағы басқа еңбектеріне зер салсаңыз, поэзияның тереңіне бойлайсыз. Ақ пен қара түс астасып, Мұқағалидың қарама-қайшылыққа толы күрделі өмірін дәл бейнелеген. Оның астарына үңілген сайын философиялық ой-толғамдарға жолығасыз. 
Қылқалам шебері Жұмақын Қайранбайдың туындылары да көрген жанды өзіне қарай тартады. Суретші еңбектерінен ақынның туған жеріне деген сүйіспеншілігін тап басып танисыз. 
Мұқаңды көзім көрді. Зор тұлғасы, асқақ бейнесі әлі есімде. Халқының жүрегіне жол тапқан ақиық ақын мені де бейжай қалдырмады. Портрет жасауым – Мұқағалиға деген құрметімнің белгісі, – дейді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының оқытушысы Жұмақын Қайранбай.
Тоққожа Қожағұловтың ақын шығармашылығына арнаған дүниелері өзінше бір төбе. Әсіресе, Мұқағали портреті шынайылығымен құнды. Жұмыс үстіндегі шабытты шағын көрсеткен. Бұл туындысын автор 1988 жылы салған екен. Кезінде ақынның жары Лашын Әзімжанқызы сәтті шыққан шығармаға ерекше риза болып, ақ батасын беріпті. 
Осы портретті жасау арқылы Мұқағалидың жан дүниесінің тереңдігін, парасат-пайымын, тұлғасының сымбаттылығын, ойлы қалпын, ақындық жаратылысындағы сырларды ашуға тырыстым, – дейді Тоққожа Қожағұлов. 
Сондай-ақ көрмеде суретшілер – Бауыржан Найманов пен Жақсылық Тобажандардың да шығармалары көрерменді әдемі әсерге бөледі. Сөз өнері мен сурет өнері бір-бірімен соншалықты үйлесіп кеткендей. Құлағыңызға ақын дауысы келеді.
«Живописьтің тұла бойы тұнып тұрған тарих, 
Живописьті көзбен емес, көңілмен де таниық. 
…Мені біл деп, мені көр деп, даңғойланып жатпайды, 
Көрген сайын құпиясын тереңірек сақтайды», – деп жырлаған еді Мұқағали ақын. Көрмеге келушілер соны қапысыз ұқты.

Болат МӘЖИТ
Алматы

Қатысты жаңалықтар

Нөсер жаңбыр, бұршақ және дауыл: Елдің басым бөлігінде ауа райы құбылады

Нөсер жаңбыр, бұршақ және дауыл: Елдің басым бөлігінде ауа райы құбылады

03.07.2026
Сарөзектегі су мәселесі: Ауыл елдің алғысы шексіз

Сарөзектегі су мәселесі: Ауыл елдің алғысы шексіз

03.07.2026
Елена Рыбакина Уимблдонның үшінші айналымына шықты

Елена Рыбакина Уимблдонның үшінші айналымына шықты

03.07.2026
Тұщы суды тоқтаусыз тұтынады

Тұщы суды тоқтаусыз тұтынады

02.07.2026
«Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

«Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

02.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.